7


  • Учителю
  • Доклад на тему 'Әлем өзгерумен біз де өзгереміз'

Доклад на тему 'Әлем өзгерумен біз де өзгереміз'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Әлем өзгерумен біз де өзгереміз»


Еңсепова Сара Махамбетжанқызы

№83 орта мектебі, Арал қаласы


Сындарлы оқыту теориясы негіздерін аз уақыт ішінде игере отырып, бағдарламаның негізгі идеяларын өзімнің мектептегі іс-тәжірибемде жүзеге асырып келемін. Осы бағдарламаны оқу барысында менде қандай өзгерістер болды? Оқушыларым қалай өзгерді? Әріптестерімде қандай өзгерістер болды?, дей отырып, сыни тұрғыдан ойландым.

Бағдарламаның бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде оқытылған дәрістер менің тәжірибеме елеулі өзгерістер алып келді. Дәстүрлі оқытуға қарағанда бағдарламадан күтілетін нәтижелер, яғни оқушылардың қалай оқу керектігін үйрену мен үшін маңызды болды. Сондықтан болар оқушылардың еркін, уәждерін нанымды жеткізетін, сенімді, сыни көзқарастары жүйелі дамыған, құзырлылық танытатын тұлға қалыптастыруға жұмыс жасадым.

Бір қарағанда мұғалімдер көшбасшылыққа оның «дауысын» күшейту мен жеке басының жетекшілік мүмкіншіліктерін жеке де, ұжымда да кеңейту арқылы жететіндігі оғаш болып көрінуі мүмкін. Ұстаздардың жетекші топтарындағы және желілік қоғамдастық шеңберінде өзара қарым - қатынасты қамтамасыз ету үшін мұғалімдер бірлесе жұмыс істеулері қажет. Мектептегі тәжірибе кезеңіне алғашқы келген күні мектеп басшыларымен, әріптестеріммен кездесіп, курстың мақсатымен, жалпы оқу туралы пікірлестім. Сонымен қатар әріптестер арасында «Бірлескен топтық жұмыс» тақырыбында бағдарламаға сай тренинг өткізіп, бірінші «Бетпе - бет» кезеңінде алған теориялық білімімді таныстырдым. Бірлестік мүшелерімен кездесіп, оларға оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл екендігін, Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтығандығын түсіндірдім. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асатынын түсіндірдім. Сондықтан мен оқушылармен, сынып жетекшісімен, ата-аналармен де кездесіп, дәстүрлі сабақ беруден жаңа технологияның ерекшеліктері мен артықшылықтарын түсіндірдім, балалардың үлгірім деңгейін үш бағытта зерттеу үшін ата-аналарынан рұқсат алдым. Сынып жетекшісімен, психологпен кездесіп, оқушылар мінез-құлықтары туралы пікір алмастым. Алдағы уақытта оқушыларды қалай зерттеу керектігі жөнінде кеңестім.

«Lesson study» - тәжірибені таратуға ғана емес, сонымен бірге басқа мұғалімдерді иландыра алатын кәсіби білімнің негізін құраструға көмектеседі. ІІІ (негізгі) деңгей бағдарламасының басқа тыңдаушыларымен кездесіп, пікір алмасып, әріптестік қауымдастық құруды жоспарладық. Жасайтын жұмыстарымның жоспарларын көрсетіп, кеңестім.

Оқушыларға кітапханамен тығыз байланыста болу керектігін түсіндірдім. Оқушыларды кітапханаға апарып, оларды керек кітаптармен таныстырдым. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады. Құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтады.

Сындарлы оқыту теориясы бойынша төрт тізбектелген сабақтар өттім. Сабақтарыма қатысқан әріптестерім сабағымды талдап, өз пікірлерін білдірді.

Ата-аналар да, оқушылар да сабақтарым туралы жақсы пікірлерін қалдырды.

Өзгерістің басы, бірінші «бетпе-бет» кезеңінің барысында бағдарламаның жеті модулі аясында тізбектелген сабақтар топтамасына кең ауқымды орта мерзімді жоспарлауым болды. Бұл жасаған сабақ жоспарым мектептегі практикалық кезеңде белгілі бір өзгерістер енгізуді көздеді. Дәстүрлі оқудағы күнтізбелік жоспардан әлде қайда үлкен айырмашылықтар болды. Осы орта мерзімді жоспарымды және мұғалімге арналған нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, төрт сабаққа қысқа мерзімді жоспар құрдым.

Қысқа мерзімді жоспар бойынша тәжірибелік практикамда сабақтар өткізіп, жақсы нәтижелерге жеттім. Тізбектелген сабақтар топтамасына ене отырып, бір сабақ бір сабақтан маңызды бола берді және нәтижесі де көрінді.

Мектепке келгенде алғашқы күндерім балаларға топтық, жұптық, жеке жұмыс жасау жөнінде түсіндірме жұмыстары болды. Түсіндірме жұмысынан кейін сыныпта жұмыс жасау барысында пайдаланылатын топ ережесін құрғыздым. Барлық сабақтарда осы топ ережесін сақтау керектігін айттым.

Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған «Бөлшектерді көбейту» тақырыбындағы бірінші сабағымда оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту және қызығушылығын арттыруда өзара топішілік еңбекпен бөлісу арқылы проблемаларды талқылауға, талдауға және шеше білуге тәрбиелеуді көздедім.

Сабақты сыныпта жылы ахуал туғызудан бастадым. Тақтадан табиғатқа өзінің шуағын төгіп күліп , жарқырап тұрған күннің суретін көрсетіп, «Бәріміз де күн құсап күлімдеп, бір-бірімізге шуағымызды төгейікші?!» дедім. Балалар бір-біріне қарап құшақтарын ашып күлімдеді. Жылы ахуал қалыптастырудың өзі сабақ барысында оқушылардың ынтымақтастықта жұмыс жасауына септігін тигізді.

Тізбектелген сабақтар топтамасында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаландым. Мысалы: үй тапсырмасын сұрау барысында «Серпілген сауал» стратегиясын пайдаландым, онда оқушылар үй тапсырмасын сұрау кезінде бір-біріне сұрақтар қойды. Бұл сұрақтарға оқушылар нақты, жүйелі пікір айтуда кібіртіктей берді, маған жалтақтауы басым болды, «жауабым дұрыс болмай қалса ?» деген пікірде отырғандарын да байқадым. «Басқыш» тапсырмаларындағы есепті шығарғанмен, оның шығарылу жолын түсіндіре алмады. Топ ішінде көбінесе сынып белсенділері сұрақтарға жауап беріп отырғанмен, үстірт жауап беріп, ойланбастан айта салып отырды. Оқушыларды ойландыру мақсатында түрлі түрткі болатын, бағыттау сұрақтарын қоя отырып, ойландыруға тырыстым. Жаңа сабақты меңгеру барысында «Қандай алгебралық амалдарды білесіңдер? Мына есептерді шығару барысында қандай амалдар қолданылған?» деген сұрақтар қойып, топқа постер қорғаттым. Нәтижесінде оқушылар әрбір іс-әрекетке байыппен қарап, ойлана жауап беруді меңгерді.

Бағалаудың оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі екендігін көрсету үшін, сабағыма критериалды бағалауды енгіздім. Мен бірінші сабағымды алдын-ала құрылған бағалау критерийлерімді таныстыру арқылы топқа бағалау парағын бердім. Сыныпты төрт топқа бөліп, берілген тапсырма бойынша орындау деңгейлеріне қарай бір сабағымда фигуралар берсем, екінші сабақта доп суреттерін беру арқылы бағаладым. Тақырыпты қаншалықты меңгергендіктерін табыс ағашына стикерлерін жапсыру арқылы көрсетті.

Оқушыларға стикерлерге «Екі жұлдыз, бір пікір» стратегиясы бойынша пікірлерін жазуды сұрадым. Оны топқа берілген «Табыстылық критерийі» қағаздарына жапсырды.

Бұдан бүгінгі сабақ барлық оқушыларға ұнағандығын, сабақты көп оқушылардың түсінгендіктерін білдім. Сабақ үстінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану барысында оқушылардың қызығушылығы мен ынтасын байқадым. Әсіресе осы уақыт аралығында аса бенсенділікпен танылмайтын Ә.Қ. (Б) оқушы ерекше көзге түсті. Топтық жұмыста ой бөлісіп, пікірталасқа белсенді қатысты.

Оқушылардың қызығушылығын таныта отырып, шамалары жеткенше берілген тапсырмаларға ізденіп, ойланып толық жауап беріп отырғанын, олар ойын толық айта алатындығын байқатты.

Сабақтан кейінгі көңіл күйлерін оқушылар топ болып көңіл-күй нышандарын (смайликтер) салу арқылы көрсетті. Және неліктен салғандықтарын айтты. Бұл оқушылардың сабақты жақсы түсінгендіктерін көрсетті, және бүгінгі сабақ «өте жақсы» өтті деген баға берді.

Бұл тәсіл балада ізденімпаздықты, білімге құштарлықты дамытты, оқушылар арасындағы қарым-қатынас және сыйластық қасиеттері дамыды. Оқушыларға әсері өте жағымды болды. Оқушылардың өз пікірінің маңыздылығына көзі жетіп, сыныпта оқушылар бір-бірін тыңдай білуге, бір-бірінің жауаптарын толықтыруға үйренді.

Мен мектептегі тәжірибе кезінде әртүрлі оқу жағдайындағы үш оқушыны өзіндік жұмысты орындау кезінде, бірлескен топтық жұмыста, барлық сыныпқа арналған сұрақтар мен жауапта бақыладым. Бақылау нәтижесінде А. оқушы жеке, жұптық, топтық жұмыстардың барлығында белсенділік танытып отырды. Алғашында өз ойын ашық айтуға қымсынатын В. оқушы ашылды. Топтық жұмысқа оқушы түгел қатысып, өз ойларын ашық айтып отырғанын байқадым, ал жеке жұмысқа келгенде С. оқушы тапсырманы орындаудың жолын өз бетімен іздене алмады. Сұрақ қойғанда да, сұраққа жауап бергенде де мұғалімнің немесе құрбыларының көмегін қажет етеді.

Топтық жұмыс оқушыларда ұжымдық сезімді қалыптастырып қана қоймай, бірлескен жұмыстың қызық әрі тартымды әрекет екендігін көрсетіп, жалпы еңбекке деген ынтасын арттыруы шарт («Оқытуда интербелсенді әдістер қолдану», 3 бет).

Төртінші сабақта ұйымдастырылған «Қатесін тап», «Бөлшекті қысқарт» тапсырмаларын пайдалану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, бір-бірімен пікір алмасып, бір-бірінің қатесін тауып, еркін сөйлеу дағдыларының қалыптасқанын байқадым. Тіпті нашар оқитын баланың өзінде де талпыныс пайда болды.

Жаңа сабақты меңгеруде оқушылар арасындағы пікірталастың орны ерекше екенін ұғындым, оқушылар топта өздеріне берілген тапсырманы топпен орындай отырып, басқа топ оқушыларымен бәсекелестікке түседі де, бір топ екінші топқа түрлі сұрақтар қояды, оған жауап беруде де топ оқушылары ақылдаса отырып жауап беруге талпынды, осы ретте байқағаным жақсы оқитын оқушылар алғашқыда өздерінің түсінгендерін топтағы оқушыларға түсіндіріп беріп отырса, келесі сабақтарда түсінбеген оқушы өзі ізденіп, түсінуге тырысты, оқушылардың өзара пікір алмасуы, бір - біріне түсіндіруі арқылы оқу мұғалім түсіндірмесіне қарағанда оқушылардың тақырыпты жақсы түсінуіне, жетік меңгеруіне алып келеді екен.

Дәстүрлі сабақ үдерісінде сабақты түсіндіру барысында көп сөйлейтінмін, ал қазір оқушылар жаңа білімді өздері меңгереді. Біз, яғни мұғалімдер тек қана бағыт берушіміз. Оқушылар бағдарламаның жаңа әдіс-тәсілі: топтық, жұптық жұмыстарға тез үйреніп өзін - өзі реттеп отырды. Сабақ үстінде талантты және дарынды оқушылармен де жұмыс жасауға да көп көңіл бөлдім. Оқушыларға қабылдау қабілеттеріне қарай сұрақтарды саралап, өз идеяларын дамытуға көмек беретіндей етіп құрдым. Өзім математика пәні мұғалімі болғандықтан, тақырыпқа бағыттала отырып, оқушыларды есептерді өз бетімен емес, Мерсердің «бірлескен ойлау» туралы идеясымен сабақтастыра отырып, оқушыларды қарым-қатынас жасауға, бір-бірімен ынтымақтастық орнату үшін, бір-бірінің пікірін тыңдай отырып, өз ойларын білдіруге мүмкіндік бердім. Әрине, еш нәрсе бірден қалыптаса қоймайды. «Көш жүре түзеледі»,- демекші, әр сабақта оқушылардың өзгерістері байқалып отырды. Сабаққа қызығушылық таныта қоймайтын оқушылардың іс-әрекеттерін көріп қуанып отырдым. Мысалға С оқушы үнемі ой үстінде отыратын оқушының қалай өзгергендігі, яғни сабаққа деген ынтасының артуы, тапсырмаларды орындау барысында өзінің қабілетін аша білуі, белсенділік танытып, өзінің тобы үшін білім алуға ат салысуы болды. Тізбектелген сабақтар топтамасындағы ең соңғы төртінші сабағымда оқушылардан осы жаңа оқу саған ұнады ма? Нені үйрендің?- деген сауалға шағын ғана өздерінің ойларын кері байланыс жасай отырып, жаздырған болатынмын. Сондағы С оқушының жазған мәтіні: «Маған топпен жұмыс істеу сондай ыңғайлы, бірі бір нәрсені білмесе, топтағы екінші оқушы оны біледі. Сөйтіп бірімізден біріміз үйреніп жүрміз. Сабақ тартысты өтеді. Сара апай, сізге алғысым шексіз» В оқушы математикадан оңай А тобы есептерін шығара алады. Шығарған есебін түсіндіруін сұрасам, кібіртіктеп жауап бере алмай тұратын. Төрт сабақтан соң В оқушының да өзгеріп, өз ойын айтып, шығарған есебін түсіндіре алатынын көріп қуандым. Міне, бұл оқушының да өзгерісі байқалады. Оқушылардың ерінбей барлық жазған мәтіндерін оқи отырып, оларды өзгерткенім байқалды және әрбір сабақта оны өздері де көрсете білді. Оқушылардың өзгергені менің де өзгерісім емес пе! Осы әдіс-тәсілдерді пайдаланып, аталған іс-әрекеттерді жүзеге асыра отырып оқушылардың білім алуға деген көзқарастарын өзгерттім. Тәжірибеге енгізген әдістер оқушылар бойында өзгеріс тудырды, оқушылардың сабаққа деген енжарлығын, бүгін қандай тәсіл арқылы оқимыз деген қызығушылыққа өзгертті, оқушылардың өзгергенін көре отырып, менің де ізденушілік қабілетім артты.

Кейбір сәтсіз шыққан кездерімді сабақ соңында өзіме рефлексия жасау арқылы түзеуге тырыстым. Сол сияқты формативті бағалауды жүргізуде оқушылардың өзіне және сыныптасына баға беруін іске асыру, қорытынды рефлексия жасауда өз ойларын түйіндей білуін дамыту, диалог жүргізу арқылы сөздік қорларын арттырып, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру болатынын аңғардым.

Бұл бағдарлама бойынша менің күтетін нәтижем оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлелдерін нанымды жеткізе алатын, ынталы, сенімді сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, ұлттық көзқарастарды бойына сіңіре білген, технологияларды еркін меңгерген тұлға қалыптастыру.

Сындарлы оқыту теориясы курсын басшылыққа алып, алдағы уақытта әріптестерімді қызықтыра отырып, өз тәжірибемді жетілдіру жұмысында мектепте өзіме және оқушыларыма әлде де өзгерістер енгіземін деген сенімдемін.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші негізгі деңгей,2012ж

2. Бірінші «Бетпе - бет» кезеңіндегі «Білім беру платформасының» материалдары

3. Ғаламторлық ақпараттар www cpm.kz сайтынан алған материалдар

4.Alexander, R., (2001). Culture and pedagogy.[Культура и педагогика.] Wiley-Blackwell 5.Assessment Reform Group, (2002а). Assessment for Learning: 10 Principles. [Оқыту үшін бағалау: 10 ұстаным.] University of Cambridge Faculty of Education.

6.Assessment Reform Group, (2002b). Testing, Motivation and Learning.[Тестілеу, қызық-тыружәнебілімберу.]University of Cambridge Faculty of Education.

3




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал