- Учителю
- 'Трапеция ауданына есептер шығару' (8 класс)
'Трапеция ауданына есептер шығару' (8 класс)
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Трапеция ауданына есептер шығару
Сабақтың мақсаты: а)Білімділік:
Трапецияның аудан формуласын пайдалана отырып, теориялық білімдерін толықтырады есептерді талдай, білуге үйренеді.
ә)Дамытушылық:
Алған білімдерін есептер шығаруда
қолдана білу бейімділіктерін қалыптастырады.
б)Тәрбиелік:
Оқушылар ұйымшыл болуға,топпен жұмыс істеуге,жауапкершілікке,тиянақтылыққа үйренеді.
Сабақтың типі : Қайталау-пысықтау сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс әдістері,сұрақ-жауап,
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта арқылы фигуралардың сызбасы, формулалары, есептер көрсету, бағалау парағы.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:
а)Оқушылармен амандасу,түгелдеу;
ә)Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру;
б)Сыныптағы оқушылар үш топқа бөлінеді;
ІІ.Үй жұмысын тексеру:
№147 есеп
Берілгені:
S=84см
AB=17см
CD=11см
T/k:CK=?
Шешуі: S=AB+CD/2*CK
84=17+11/2*CK
168=28CK
CK=168:28
CK=6
Жауабы: CK=6 см.
ІІІ.Қызығушылығын ояту.
Әр топқа сұрақтар беріледі,сол бойынша оқушылар өз топтарымен топтастыру құрады.
І топ. ІІ топ ІІІ топ
«Ой толғау»
Ұяшық жасырылған. Ұяшық астындағы сұрақтың дұрыс жауабы 5 ұпай.
-
Трапеция дегеніміз не?
-
Трапеция орта сызығы туралы теорема
-
Трапеция ауданының формуласы
-
Трапеция биктігі дегеніміз?
-
Трапеция элементтері туралы не білеміз?
-
Трапеция ауданының теоремасы.
«Тез есепте » ойыны
(Үш топ оқушыларына берілетін тапсырма, өздері бағалайды. Дұрыс жауабын тақтамен өздері тексереді).
І - топ
ІІ - топ
ІІІ - топ
-
Бер:a=10см
b=5см
h=4см
S=?
-
Бер:a= 6 см
b= 4см
h= 3см
S=?
Бер: S=60дм2
a=5дм
b=4дм
h=?
Бер: a= 9 см
b= 6см
h= 4см
S=?
Бер: S=300мм2
b=5мм
h=30мм
a=?
Бер: a= 19 см
b= 6см
h= 10см
S=?
Жауаптары:
(Жасырын түрде жазылады, оқушылар жұмысты орындап болған соң ашылады).
І-топ
ІІ-топ
ІІІ-топ
1)S=30см2
2)S=15 см2
h=12дм
S=30см2
a=15мм
S=125см2
Оқулықпен жұмыс.
№148есеп.
Берілгені: АВСД-трапеция
ЕҒ-орта сызығы
EF-12дм
CD-6дм
T/k S =?
Шешуі:ЕҒ = ½(AD+BC) -трапеция орта сызығы
½(AD+BC)=12
AD+BC=12*2
AD+BC=24
S = ½(AD+BC)*CD - трапеция ауданы
S = ½ * 24 * 6 =72 дм2
Жауабы: 72 дм2
№18 есеп (Экономикалық мазмұнды есептер кітабынан)
Трапеция тәрізді шабындықтың(табандары 450 м және 0,62км , ал биіктігі-325 м) әр гектарынан орта есеппен 40 ц шөп жиналады. Осы шабындықтан жиналатын шөптің мөлшерін анықтаңдар.
Берілгені: а = 450м
b= 0,62 км = 620 м
Һ=325 м
әр гектардан 40 ц шөп жиналады.
Т/к : Жиналатын шөптің мөлшері -?
Шешуі: S=a+b/2*h;
S= 450+620/2*325=535*325=173875 (м2)=17(sa)
Шөп мөлшері: 17*40=680 (ц) =68(т)
Жауабы: 68 (тонна)
Сабақты қорытындылау:
«Білемін, білдім,білгім келеді» стратегиясы.
Білемін
Білдім
Білгім келеді
Трапецияның анықтамаларын,
қасиеттерін,
элементтерін,
аудандарын,
аудан формуласын
Үйге тапсырмасы: №152 есеп
Оқушыларды бағалау:
Әр топ басшысы бағалау парағы арқылы өз тобындағы оқушыларды белгілеп отырады.
р/с
Аты-жөні
Үй тапсырмасы
Қызығу
шылықты ояту
Ой толғау
Тез есепте
Оқулықпен жұмыс
«Білемін, білдім, білгім келеді»
Қорытынды баға
1
2
3
4
5
6
20 ұпай - «5» 15 ұпай - «4» 10 ұпай - «3»