- Учителю
- Ондық бөлшекті натурал санға бөлу
Ондық бөлшекті натурал санға бөлу
Сабақ тақырыбы: Ондық бөлшекті натурал санға бөлу
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік:оқушылардың ондық бөлшектерді натурал санға бөлу амалы бойынша білімдерін толықтыру, жүйелеу;
ә)дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, өз ойын толық жеткізу қабілеттерін дамыту және пәнге деген қызығушылығын арттыру;
б)тәрбиелік: оқушыларды еңбекті сүюге , достық қарым-қатынасқа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқулық, интербелсенді тақта,деңгейлік тапсырмалар,табыс ағашы.
Әдісі: сұрақ-жауап, практикалық
Түрі: жинақтау
Типі: қайталау сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу
ә) оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бүгінгі сабақты бастамас бұрын сіздерден ағашта пісіп тұрған алмалардан алуларыңызды сұраймын (оқушылар өздеріне ұнаған сары,қызыл,жасыл алмаларды алады).
Енді маған өз алмаларыңызды көрсетіңіздер.
Қызыл алма- І топ
Сары алма - ІІ топ
Жасыл алма- ІІІ топ
Оқушылар топқа бөлінеді.
Психологиялық тренинг:
- Бірімізге - біріміз
Басымызды иеміз,
Бірімізге -біріміз
Көмектесіп жүреміз!
Жақсы оқып сабақты
Тәрбиелі боламыз.
II. Үй тапсырмасын сұрау: №1133, №1134, №1136
III. Оқушы біліміне жан - жақты тексеру кезеңі:
Қарлы кесек ойыны (қайталау)
Оқушыларға сұрақтар қойылады.Әр топ сұраққа жауап беруде бір-бірімен қолдарын біріктіру арқылы өздерінің жауап беруге дайын екенін көрсетеді.
1) Ондық бөлшектерді қосу және азайту;
2) Ондық бөлшекті көбейту:
а)натурал санға көбейту;
ә) 10, 100, 1000 т.с.с . көбейту;
б) ондық бөлшектерге көбейту.
3) Ондық бөлшектерді бөлу:
а) натурал санға бөлу;
ә)10,100,1000 т.с.с. бөлу.
ІV. Математикалық диктант.
-
0,02*2=0,04
-
0,05*6=0,3
-
0,003*10=0,03
-
0,012:3=0,004
-
1,003*3=3,009
-
2,1: 3=0,7
-
0,9 :3=0,3
-
0,003*100=0,3
-
0, 9:10=0,09
V . "Қатесін тап" (топтың жылдамдығын тексеру)
2,585 0,0091 89,701
7 5 3
17,195 5,0445 259,104
VІ . Ауызша есептеу
VІІ . Кітаппен жұмыс:
№ 1137
VІІІ . Сергіту сәті
№ 1138
Х. Деңгейлік тапсырмалар:
Cабақты пыcықтау. Оқушылардың шығарған есептеріне қарай бағалау
ХІ. Рефлексия («Табыс ағашын отырғызу»)
Рефлексия:
- Енді «табыс» ағашын отырғызайық. (Тақтада ағаштың суреті)
Ағаш діңі бүгінгі сабақта өтілген тақырып, жасыл желек - экология, ал ағаштың жемісі сіздің алған білімдеріңіз(оқушылар өздері таңдаған алманы алып, тақтада тұрған ағашқа жапыстырады).
• Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.
• Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналамын.
• Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз.
ХІI. Үйге тапсырма беру: № 1141, №1143.