7


  • Учителю
  • Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары

Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары Сабақтың түрі: Ой жарыс, білім сайыс сабағы. Сабақтың типі: Аралас сабақ Әдіс-тәсілі: Ұжымдық, топтық оқыту. Сабақтың мақсаты : оқушылардың теңдеулерді шешу тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеу. Біліктілік:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Сабақтың түрі: Ой жарыс, білім сайыс сабағы.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілі: Ұжымдық, топтық оқыту.
Сабақтың мақсаты : оқушылардың теңдеулерді шешу тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеу.
Біліктілік: Квадраттық теңдеулерді формула көмегімен шығаруды үйрету, толымсыз квадраттық теңдеулер туралы алған білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, есеп шығарудың жаңа түрлерін меңгерту және ойдан ой туындатуға, әр сөзді, айтылған ойды дәлелдеуге үйрету.
Тәрбиелік: Есеп шешімін іздеу арқылы қиыншылықты жеңуге, ұйымшылдыққа, дербестікке, дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интереактивті тақта, тапсырмалар жазылған карташалар (слайдтар).
Сабақтың барысы :
Ұйымдастыру Барлығы 25 ұпай
Үй жұмысын тексеру «Блиц сұрақтар» (слайд №4): 5 ұпай
Өзіңді тексер. Жеке жұмыс слайд №10 Жауаптары слайд №11 5 ұпай
Оқулықпен жұмыс слайд №12 5 ұпай
«Зерек» ойыны әрбір есеп 3 ұпай 3ұпай
Қосымша формулалар слайд №14
Топпен жұмыс 5 ұпай
Деңгейлік тапсырмалар 5 ұпай
Сөзжұмбақ шешу
Ұйымдастыру .
Оқушылар алдын - ала 3 топқа бөлінген. Сабақтың мақсатын қою. Сабақ барысымен және бағалау критерилерімен таныстыру. (слайд №2).
Үй жұмысын тексеру.
Қайталау - білім анасы. Әр топқа қайталауға арналған сұрақтар қою.
«Блиц сұрақтар» (слайд №4):
Квадраттық теңдеудің жалпы түрі?
Квадраттық теңдеудегі a, b, c сандары қалай аталады?
Қандай теңдеуді толымсыз квадраттық теңдеу деп атайды? слайд №5
Толымсыз квадраттық теңдеулердің неше түрі бар? слайд №5
Толымсыз квадраттық теңдеудің әр түрінің неше түбірі бар болады? слайд №6
Келтірілген квадрат теңдеудің жалпы түрі?
«Дискриминант» сөзінің мағынасы
Дискриминанттың мүмкін жағдайлары? слайд №7-9

Өзіңді тексер. Жеке жұмыс слайд №10 Жауаптары слайд №11

Теңдеу

толымды

толымсыз

келтірілген

келтірілмеген

Толық балл

x2 + 5 x - 3 = 0


6 x2 + 5 = 0


2 x2 - 4x = 0


5x - 7 x2 + 2= 0


2 x2 = 0


Оқулықпен жұмыс слайд №12
Iтоп II топ III топ
№ 480 (1) № 480 (2) № 480 (3)
№ 485 (1) № 485 (2) № 485 (3)
«Зерек» ойыны әрбір есеп 3 ұпай. Мақалдағы сандар келтірілген квадраттық теңдеудің түбірлері болатындай теңдеу құру керек. Мысалы: 7 рет өлшеп, бір рет кес. x2 - (7+1)x + 7*1 = 0, x2 - 8x + 7 = 0
Қосымша формулалар слайд №14
ax2 + bx + c = 0 теңдеуін коэффициенттерінің қасиеттері бойынша да табуға болады. Әсіресе коэффициенттері үлкен сандар болғанда қолданған тиімді.
Егер a + b + c = 0, онда x1 = 1, x2 =
Егер a - b + c = 0 немесе b = a + c, онда x1 = -1, x2 = -
Топпен жұмыс

Теңдеу

Коэффициенттерінің қасиеттері

Түбірлері

2 x2 - 5x + 3 = 0

x2 + 3x + 2 = 0

5x2 - 8x +3 = 0

Деңгейлік тапсырмалар 5 ұпай
I деңгей 2 ұпай
3 x2 - 7x + 4 = 0
II деңгей 3 ұпай
1 - 18p + 81 p2 = 0
III деңгей 5 ұпай
х- тің қандай мәндерінде x2 - 11х + 31 үшмүшесі 1-ге тең мән қабылдайды?

Сергіту сәті. Сөзжұмбақ шешу
Қорытындылау. ( слайд №23)
Кез келген квадрат теңдеуді шешуге болады. Ол үшін:
a) жалпы жағдайда ДИСКРМИНАНТТЫ табу формуласын біліуіміз қажет, оның үш жағдайын. D>0. D=0. D<0;
b) Келтірілген квадрат теңдеу болғанда, оны Виет теремасы арқылы шешу;
c) a+b+c=0 және a+c=b дербес жағдайларды мұқият ескеру:
д) Рационал теңдеулерді шешкенде ең бірінші ММЖ-ны анықтау, БӨГДЕ түбірден сақ болу.
Үйге тапсырма беру. № 484, № 486





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал