- Учителю
- Геометрия пәнінен ашық сабақ «Тіктөртбұрыштардың ауданын табуға есептер шығар» (8- сынып ) Математика пәні мұғалімі: Макатова Г.К.
Геометрия пәнінен ашық сабақ «Тіктөртбұрыштардың ауданын табуға есептер шығар» (8- сынып ) Математика пәні мұғалімі: Макатова Г.К.
Пәні: геометрия Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Тіктөртбұрыштардың ауданын табуға есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың тіктөртбұрыштардың ауданы тақырыбынан алған білімдерін тереңдету, жүйелеу.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру, геометрияға деген қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды өзін - өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі:сатылай сабақты талдау, тест, топпен жұмыс, сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың барысы:
- 
    Ұйымдастыру.(Оқушылармен амандасу,назарларын сабаққа аудару) 
- 
    Үй жұмысын тексеру.( Оқушылар үй жұмысын тақтаға жазады.) 
- 
    «Алғашқы қадам» (Сатылай сабақты талдау) 
- 
    «Біліктілік» (Әр топқа тапсырмалар беру) 
- 
    «Алғырлық кілті» (оқулықпен жұмыс) 
- 
    «Шешуші сәт» (Сематикалық карта мен альтернативті тестін беру) 
- 
    Сөзжұмбақ «Тіктөртбұрыш» 
- 
    Қорытындылау(Синквейн әдісі арқылы) 
- 
    Үйге тапсырма 
- 
    Бағалау 
- 
    Рефлекция 
І. Ұйымдастыру. (Оқушылармен амандасу,түгендеу, назарларын сабаққа аударту)
Оқушыларды ортаға шақырып шаттық шеңберін құрып, оқушыларды фигураларды таңдату арқылы үш топқа бөлемін. Олар: «Ромб», «Тіктөртбұрыш», «Параллелограмм» топтары.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.( Оқушылар үй жұмысын тақтаға жазады.)
№ 247 есеп
Бер: АВСД тіктөртбұрыш
Р =96 дм, S =540 дм2
Т/к: АВ,ВС
Ш:
Жауабы: 18дм, 30 дм
№ 245 есеп
Бер: АВСД тіктөртбұрыш
S = 80 га = 0,8 км, ВС=2 км
Т/к: Р - ?
Ш: S=АВВС
АВ = 0,8:2=0,4( км)
Р =4,8( км) Жауабы: 4,8 км
ІІІ. «Алғашқы қадам» (Сатылай сабақты талдау технологиясы)
1. Анықтама
2. Тану
3. Маңызды түйін
4. Тіктөртбұрыштың түрлері
5. Қасиеттері
6. Формулалар
- 
    Қандай төртбұрыш түрлерін білесің? (тіктөртбұрыш, квадрат, паралелограмм, ромб, трапеция) 
- 
    Тіктөртбұрыш дегеніміз не? Оның қасиеттері (Барлық бұрыштары тік болатын параллелограмды тіктөртбұрыш дейміз. ) 
- 
    Тіктөртбұрыштың дербес түрі қалай аталады және оның анықтамасы қалай? (Квадрат. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрышты квадрат деп атаймыз.) 
- 
    Тіктөртбұрыштың периметрі дегеніміз не? (Р=2(а+в)) 
- 
    Тіктөртбұрыштың ауданы дегеніміз не? (S=ав ) 
ІҮ. «Біліктілік» (Әр топқа жеке -жеке тапсырмалар беру)
І - топ: «Ромб» тобына кесте толтыру
- 
    а
    в S 1 12 м 9 м ? 2 1,5 см ? 13,5 см2 3 6 дм 6 дм ? 4 ? 9 мм 54 мм2 5 3 м 6 дм ? м2 
ІІ - топ: «Параллелограмм» тобына «Топтастыру стратегиясы»
4 қабырғасы
4 бұрышы Диагональдары қиылысады
Р=2(а+в)
S=ав
Қарама - қарсы бұрыштары тең Қарама - қарсы қабырғалары параллель
ІІІ - топ: «Тіктөртбұрыш» тобына Венн диаграммасы
 
Ү. «Алғырлық кілті» (оқулықпен,тақтамен жұмыс)
VІ. «Шешуші сәт» (Сематикалық карта мен сәйкестендіру тестін беру)
- 
    «Ромб» тобына . Сематикалық карта 
р/с
S
а
Жауаптар
в=0,25 м
в=6м
в=3 м
в=9 м
в=55 м
1
24 м2
4 м
+
2
9 м2
3 м
+
3
0,125 м2
0,5 м
+
4
3025 м2
55 м
+
5
9,36 м2
1,04 м
+
2. «Параллелограмм» тобына
Математикалық диктант
1.Кез-келген төртбұрыш параллелограмм бола алама? (жоқ)
2. Кез-келген параллелограмм төртбұрыш бола алама? (ия)
3. Кез-келген квадрат тіктөртбұрыш бола алама? (ия)
4. Кез-келгентіктөртбұрыш квадратомбола алама? (жоқ)
5. Кез-келген ромб параллелограмм бола алама? (ия)
6. Кез-келген ромбпараллелограмм бола алама? (жоқ)
7. Кез-келгентөртбұрыш квадратбола ала ма, егердеоныңдиагональдарытеңжәне өзара перпендикуляр болса?(жоқ)
8. Кез-келген төртбұрыш квадрат бола ала ма, егерде оның диагональдары өзара перпендикуляр және ортақ қиылысу нүктесі болса?(жоқ)
9. Кез-келген төртбұрыш квадрат бола ала ма, егерде оның диагональдары өзара перпендикуляр және тең, қиылысу нүктесінде қақ бөлсе? (ия)
Сұрақтар
1
2
3
4
5
6
7
8
9
ия
жоқ
3. «Тіктөртбұрыш» тобына
Қасиеттеріне сәйкес кестеден белгіле
1.Қарама-қарсы қабырғалары параллель
+
+
+
+
2.Барлық қабырғаларытең.
+
+
3.Қарама-қарсы бұрыштары тең, іргелес бүрыштарының қосындысы 1800
+
+
+
+
4.Барлық бұрыштарытік.
+
+
5. Диагоналдары қилысып, қилысу нүктесінде қақ бөлінеді.
+
+
+
+
6. Диагоналдарытең.
+
+
ҮІІ. Сөзжұмбақ «Төртбұрыш»
Т
Ө
Р
Т
Б
Ұ
Р
Ы
Ш
- 
    Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш? (Квадрат) 
- 
    Барлық бұрышы тік болатын төртбұрыш? (Тіктөртбұрыш) 
- 
    Барлық қабырғасы тең паралелограмм? (Ромб) 
- 
    Екі қабырғасы параллель төртбұрыш? (Трапеция) 
- 
    90 градус.(Бұрыш) 
- 
    Орта Азиядағы «ғалымдар атасы» аталған ғалым? (Ұлықбек) 
- 
    Арестотельден кейінгі «екінші ұстаз» аталған ғалым?(Әбу Насыр Әл-Фараби) 
- 
    Қазақтың байырғы өлшем бірлігі.(Шақырым) 
- 
    Айналдырса оны егер, 
Шар болады кемеңгер.
Ерекше нүктесі бар,
Ол қай нүкте демеңдер.(Шеңбер)
ҮІІІ. Қорытындылау: Синквейн құрастыру(Бес жолды өлең )
ІХ. Үйге тапсырмасы: № 264,266
Х. БағалауАлғашқы
қадам
Біліктілік
Алғырлық
кілті
Шешуші
сәт
Сөзжұмбақ
ХІ. Рефлексия