- Учителю
- Рационал бөлшектерді көбейту, бөлу және дәрежеге шығару 7 класс
Рационал бөлшектерді көбейту, бөлу және дәрежеге шығару 7 класс
Сыныбы: 7
Пәні:алгебра
Сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшектерді көбейту, бөлу және дәрежеге шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Рационал бөлшектерді көбейту, бөлу және дәрежеге шығара алуға үйрету;
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, тез ойлауға тәрбиелеу;
Дамытушылық:Оқыған материалды қорытындылай, саралай алуға үйрету.
Өз ойын ашық жеткізе білу дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: Схема, интербелсенді тақта
Әдіс-тәсілдер: Қараевтың саралап-деңгейлеп оқыту әдісі
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың зейінін сабаққа аударып, 2 мин
«Біліктілік қағидасымен» бастаймын.
Біліктілік қағидасы:
Егер....., онда.....
-Мұғалімді зейінмен тыңдасаң, тақырыпты түсінесің.
-теорема, ережелерді, қасиеттерді білсең, кез-келген нәрсені
дәлелдей аласың.
-формула жаттасаң, есепті оңай шығара
аласың.
ІІ. Қараевтың саралап-деңгейлеп оқыту әдісі1 мин
-
Оқушылық деңгей. «Ат қою» ойыны5 мин
Біздің салт-дәстүрімізде өмірге жаңадан дүниеге келген, өмір есігін ашқан сәбиге ат қою рәсімі орындалады. Сол сияқты бізде бүгін өткен тақырыптардан мына формулаларға, мысалдарға ат қоямыз.
-
Алгоритмдік деңгей (жаңа тақырыпты түсіндіруге әзірлік)2 мин
Балалар, информатика пәнін есімізге түсірейік. Алгоритмнің мағынасын қалай түсінеміз?(Белгілі бір мақсатқа жету үшін орындалатын реттелген әрекеттер жиыны).
-
Ал бұл алгоритм математикада заңдылық болып есептеледі.
Алдымен жаңа тақырпты түсіндірмес бұрын алдымызға мақсат қойып аламыз. Яғни, бүгінгі сабақта нені үйренеміз?
-
Рационал бөлшектерді көбейту алгоритмі;
-
Рационал бөлшектерді бөлу алгоритмі;
-
Дәрежеге шығару алгоритмі.
-
Эвристикалық деңгей (жаңа тақырыпты түсіндіру)5 мин
Жаңа тақырыпты меңгеруде қолданылатын тәсілдер:
1) Қысқаша көбейту формулаларын қолдану
2) Топтау тәсілін қолдану
3) Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару
4) Натурал және бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттері
5) Қысқарту тәсілі
Бөлшекті бөлшекке көбейту алгоритмі
a/b және m/n бөлшектерін көбейту үшін a/b* m/n=a*m/b*n (1) формуласы орындалады.
-
рационал бөлшектерді көбейту үшін, олардың алымдарының көбейтіндісін алымына, бөлімдерінің көбейтіндісін бөліміне жазу керек.
-
Мүмкін болған жағдайда қысқарту
Бөлшекті бөлшекке бөлу
a/b және m/n бөлшектерін бөлу үшін a/b/m/n=a/n *b/ m (2) формуласы орындалады.
-
бір рационал бөлшекті екінші рационал бөлшекке бөлу үшін бірінші бөлшекті екінші бөлшекке кері бөлшекке көбейту керек.
-
Мүмкін болған жағдайда қысқарту
Дәрежеге шығару
Бөлшекті дәрежеге шығарғанда, оның алымының да, бөлімінің де әрбір көбейткішін осы дәрежеге шығарады.
-
Шығармашылық деңгей (есептер шығару)20 мин
№ 546
№ 547
№548
№ 549
ІІІ. Бекіту 5 мин
-
«Бес жолды» тұжырымдамамен сабақты қорытындылайық.
Бүгін не өттік?
Рационал бөлшектерді қалай көбейтеміз?
Бөлшекті бөлшекке қалай бөлеміз?
Бөлшекті дәрежелеу дегеніміз не?
Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?
-
</<font face="Times New Roman, serif">Үйге тапсырма № 550, Бет128 . Бағалау