7


  • Учителю
  • Геометриялық фигуралардың ауданын табу. Тіктөртбұрыш, шаршы.

Геометриялық фигуралардың ауданын табу. Тіктөртбұрыш, шаршы.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Алжанова Сабира Жайсанбаевна

Астана қаласы № 65 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі.

Тақырыбы: Геометриялық фигуралардың ауданын табу. Тіктөртбұрыш, шаршы. 3 сынып

Мақсаты: 1.Тіктөртбұрыш және шаршының ауданымен және олардың формуласымен

таныстыру

2. Тіктөртбұрыш және шаршы туралы білімдерін кеңейту,әртүрлі тапсырмалар

орындай отырып, оқушылардың ой- өрісін дамыту,тапқырлыққа, ізденімпаз

дыққа, алғырлыққа дағдыландыру.

3. Ұлттық үрдістерге, ұқыптылыққа, намысшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Қолданылған әдіс- тәсілдер: «Ой толғау», сұрақ- жауап, көрнекілікпен жұмыс, өзін- өзі

бағалау

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу кітабы

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, әртүрлі өлшемдегі шаршы және тіктөртбұрыш

фигуралары,қима қағаздар, жетондар, сандықша, асықтар, бағалау парақтары

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру жұмысы.Психологиялық көңіл-күй қалыптастыру

Сыныбымыз тап-таза

Бор да дайын тақтада

Жақсы оқушы атанып

Аламыз тек бес қана

Бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Халқымызда «Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады »- деген дана сөз бар екен. Олай болса балалар, сабағымызды ұятқа қалмайтындай етіп өткізуге тырысайық.

Сондықтан мен сендер менің мынадай сұрақтарыма жауап беріңдерші.

а) Екі алты және екі бес-бұл қандай сан?

ә) Кез келген фигураның периметрі дегеніміз не ?

б) Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз? Формуласы

в) Шаршының периметрін қалай табамыз? Формуласы

Олай болса балалар біз де бүгін топ болып сайысқа түсіп, әрқайсымыз өз тобымыздың алға шығуына ат салысамыз.

Әр топты топ жетекшілері өз топтарын таныстырады.1-топ Шаршы

2-топ Тіктөртбұрыш

Оларға бағалау парақтарын беріп, өз топтарының жинаған ұпайларын жазып отыру тапсырылады.

2.Үй тапсырмасын тексеру.Үй тапсырмасын әр топ мүшелерінен жеке-жеке сұрап,

қосымша тапсырмалар арқылы бағалау.

3.Өтілген материалдарды пысықтау барысында,ауызша есептер шығара отырып, келген

қонақтарды қарсы алайық.

1-топ: 6*4, 8*7, 7*6, 72:9, 24:3, 54:9, 18:6

Х о ш к е л д

2-топ: 5*7, 6*8, 4*7, 56:8, 42:6, 45:5, 4*9, 27:9

і ң і з д е р !

Оқушылар есептерді ауызша шығарып мәндерін рет- ретімен орындарына қояды.

4.Негізгі бөлім.

Интерактивті тақтамен жұмыс. S ꞊ а * в, S ꞊ а * а формулалары туралы

түсінік қалыптастыру.Ауданның өлшем бірлігі- м2 см2 дм2 -себебі аудан табу үшін

тіктөртбұрыштың да, шаршының да 2 қабырғасы өз-өзіне көбейтілетінін

түсіндіру.Ұзындық,ен ұғымдарын енгізу

Ережені оқып, талдау жасату

а)2-ші тапсырма бойынша торкөздерді санай отырып,фигураның ауданын тауып,

қортындыны өздері жасайды.

ә)3-ші тапсырманы екі топтан оқушылар тақтаға шығып, түсіндіре отырып

орындайды.

в) 4-ші тапсырманың (а, ә) екі топқа өз беттерінше оқып, танысып, талдау тапсырылады.

Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып, тақтада орындайды.Түсінбеген жерлерін

мұғалімнің басшылығымен орындайды.

6. Өз бетінше жұмыс.

1.Әртүрлі өлшемдегі шаршылар мен тіктөртбұрыштар таратылып, оқушылар олардың ұзындығын, енін өлшеп тауып,олардың аудандарын табады.Тақтадағы жауаптармен салыстырады

2.Әр топ қима қағаздармен берілген тапсырманы орындайды да, қонақтарға тапсырады.

7. Сергіту. Кәне балалар, ұлттық ойындардың қандай түрлерін білесіңдер?

8. Ендеше балалар, біз сендермен «Көкпар» ойынын ойнаймыз.Ол үшін тақтадағы

тапсырманы екі топ болып тез орындауға тырысасыңдар.

1топқа: 2 топқа:

13- 4:2 17- 9:3

4* ( 25-19) 3* ( 52-48)

7 күн- ? 24 сағат-?

Тіктөртбұрыштың ауданы- ? Шаршының периметрі-?

9. Іздену жұмыстары:

1топ: 2 топ:

1.Дүниенің төрт бұрышын ата? 1.Қазақ балаларын санауға үйрету үшін

2.Баста неше тесік бар? қандай әдіс қолданған?

3.Үш арсызды ата? 2.Бес асыл іс, бес дұшпанды ата?

4.Жалғыз, дара, жеке- бұл қандай сан? 3.Әтеш екі аяғымен тұрғанда 4кг, ал бір

аяғымен тұрса неше кг ?

4. 30, 31 күн- ?


10. Жалпы топқа дамыту тапсырмалары.

35 кәмпитті 3 балаға тең етіп бөліп беру керек.Әр түрлі жағдайларды пайдалану.- бұл

жерде оқушылар әлі біле қоймайтын «қалдық» ұғымн өздері тауып, шешеді.


11. Сабақты қортындылау.

1. Мына формулалар нені білдіреді? - 1.Р ꞊ (а + в )* 2 ;

2. S ꞊ а * в;

3.S ꞊ а * а.

12.Топ ұпайларын санап, топ басшылары есеп береді. Топтар, жекелей оқушылар

мадақталып, бағаланады.


13. Үйге тапсырма: 7 бет ережені жаттау,4 және 6 есептер.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал