7


  • Учителю
  • Методический материал по математике

Методический материал по математике

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Елім менің еңселі.

Мақсаты: Оқушыларға « Тәуелсіздік күні» мерекесінің мән-мағынасын түсіндіру, шәкірттерді елін, жерін, салт-дәстүрін сүюге тәрбиелеу.

Көрнектілігі:

1.Қазақ елінің картасы.

2.Мемлекеттік рәміздер.

3.Белгілі қазақ перзенттерінің суреттері.

Барысы:

Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымызды Тәуелсіздік күні мерекесіне арнасақ деймін. Бұл тәрбие сағатында Қазақстан атты елде туып, қазақ атты ұлт болғандарыңа мақтануға және бар ел байлығын, мұрасын бағалап, қасиет тұтуға үйретсем деймін. Қазақ халқы өлең - жырсызтой бастаған емес. Сендерге рух, ой беретін өлең шумақтарын ұсынған болатынмын. Мәнерлеп оқып берулеріңді және өз ойларыңды айтуларыңды сұраймын.

1-оқушы: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген, - деп Жұбан Молдағалиев жырлағандай, қазақ елі талай асулардан өтіп, осынау жарқын күндерге жетіп, егеменді ел атанды. Ол - осы жерді мекен еткен халықтардың мызғымас бірлігі, рухының биіктігі.

2-оқушы:

Туған елдің жырын жырлап ғарыштан,

Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.

Келешегі кең өрісті, кемелді.

Жайна мәңгі - Қазақстан - Гүлстан!

3-оқушы:

Өткені ұйқы басып, қайғы алған ел,

Бүгінгі жұлдыз ұшып, ай барған ел.

Жасай бер, о қазағым, қазыналы,

Жүз ұлттың Отанына айналған ел.

4-оқушы:

Өткен ғалам ғайып боп, сызы қалған,

Өсіп келеді менің елім Ғажапстан.

Әлем танып қадамын алға басқан,

Жырға айналды бүгінде Қазақстан.

Мұғалім: Республика - сенің туған жерің, елің, Отаның. Ал енді осы ұғымдарға талдау жасап көрейік. / Оқушылар ой толғайды./

Мұғалім: «Туған өлке, туған жер жайлы өлең жолдарын жаттап келіңдер», - деген едік. Әрине, өздеріңе ұнағанын. Ендеше, кезек өздеріңде.

5-оқушы:

Республикам менің, күн көзімен таласқан,

Аспан көрсең, Ай мен Күнге жол ашқан.

Менің байтақ Республикам таулары,

Менің көгім мөлдіреген сол аспан.

6-оқушы:

Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,

Көрсең ашық Алатаудың күндерін,

Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген,

Ұлан байтақ Республикам бұл менің.

7-оқушы:

Ең бірінші бақытым - халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын.

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

8-оқушы:

Ал, екінші бақытым - тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

9-оқушы:

Бақытым бар үшінші - Отан деген

Құдай деген кім десе - Отан дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан болса егер,

Ойланбай-ақ, кел-дағы, от ал менен.

Мұғалім: Бұл өлең кімдікі? Өзің қалай ойлайсың, осы өлеңге өз үніңді қосшы. / Ойтолықтыру. Әр түрлі пікірлер айтылады. Мұғалім оқушыларға Б. Тілеухановтың орындауындағы «Елім менің» әнін клиппен экраннан көрсетеді./

Мұғалім: Осындай көрініске толы әннен кейін бойымызды қуаныш кернеп, мақтаныш сезімі пайда болары анық. Республика дегенде «Ата заң» деген қасиетті сөз қоса айтылады. Ата заң дегеніміз не? Тарихын талдап көрейік.

/ Оқушыларға ойларын айтады. Мұғалім толықтыру жасайды./

10-оқушы:

Халқым тату жарасқан,

Тұрмыс құрған жаңаша.

Бостандыққа жол ашқан,

Ата заңым тамаша.

11-оқушы:

Құқығын әр адамның

Ата заңы қорғайды.

Ізгі жұрты халқымның,

Заңымды алтын қорғайды.

12-оқушы:

Қорғалады көкпеңбек,

Аспан, жер, ай, құс та.

Ата заңым тектен-тек

Бөленбейді алғысқа.

Мұғалім:

Сендер қалай ойлайсыңдар, Ата заңның сендерге қатысы бар ма? ... Бар болса, оны неден көресіңдер?

(Балалар Қазақстан Республикасының бала туралы заңын, Конституциясын адам заңдарын, «Бөбек» жайлы, өздеріне көрсетіп отырған қамқорлық жайлы айтады)

Мұғалім: Қазақ халқы - ежелден дана, батыр халық. Біздің аяғымыздан тік тұрып, басқа егемен елдерге қарағанда мерейіміздің үстем болуы сол ата - бабаларымыздың еткен еңбегі, айтқан сөздері медеу болғандығынан. Біз өткенді саралап, Ұлыларды ұлағаттау арқылы келешекке қадам басамыз. Сонымен қатар сендер өздеріңнің қандай мұраға, байлыққа ие болғандарыңды түсініп, қорғай білулерің керек.

Мұғалім: «Менің елім» деп аталатын бөлімде біз 3 топқа бөлініп, еліміздің байлығы, жері, табысы, жайлы сараптама жасайық.

1-топ: Қазақстанның қазба байлықтары туралы сараптама жасайды.

2-топ: Қазақ елінің даналары туралы ой толғау жасайды.

3-топ: Қазақ батырлары және өнерпаздары жайлы әңгімелейді.

Мұғалім: Міне, көрдіңдер ме? Біз қандай жасампаз елміз! Бірақ бақытымыздың баянды болуы сендерге байланысты. /Мұғалім: М.Мақатаевтың «Барлығы да сендердікі» өлеңін оқып береді. Оқушылардың болашақта кім болатынын және ұрпағына қандай мұра қалдыратынын сұрайды. /Ой толғау жүргізіледі. Оқушылар өз армандарын ортаға салады./

Мұғалім:

Қазақ елі, бақыттысың сен бүгін,

Бөбегімнің жан дүниесін сен түсін.

Қобыландының даңқын сыйла ұлыңа,

Отқа күймес Алпамыстың бар күшін.


Қазақтың жанды, міне, бақ жұлдызы,

Көркі күн, көңілі ұл мен қызы.

Даңқыңа төрткүл дүние құлақ түріп,

Таңданды асапна асты жердің жүзі.


Оқушылар: Бәрі шығады.

1-оқушы:

Қазақстан - елім менің, Отаным.

2-оқушы:

Қазақстан - еркін елім, еңселім.

3-оқушы:

Қазақстан кірлетпейік атағын.

4-оқушы:

Қазақстандостық туы атанды.

5-оқушы:

Қазақстан болсын мәңгі ғұмырлы.

6-оқушы:

Қазақстан - жері қазақ атамның.

7-оқушы:

Қазақстан - мәңгі достық мекені.

«Менің Қазақстаным» әні шырқалады.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал