7


  • Учителю
  • План по математике на тему 'Әріпті өрнек' (5 класс)

План по математике на тему 'Әріпті өрнек' (5 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақ жоспар№12

Пәні: математика

Күні: 14.09.2015

Класы: 5

Сабақтың тақырыбы: Санды өрнектер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды санды өрнекпен таныстыру, өрнектің мәнін таба білуге үйрету,
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік: Оқуға саналы жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге, тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ - жауап, ойын
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, дидактикалық ойындар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу, психологиялық дайындау, сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Амалдарды орындау ережесі
2. Көбейту кестесін ойын түрінде пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту:

Оқушыларға мысалдар арқылы санды өрнектер, әріпті өрнектер туралы түсініктер беріледі.
Мысалы:
Математикалық өрнектер
Санды өрнектер -------------------------- Әріпті өрнектер
15 - 6; ----- 7+33: 3 ------------------------ 23 + а; 86+(36+2в)
17+(29+31); ---- 140: (63+7)
Санды өрнектер мен әріпті өрнектер - математикалық өрнектер.
Санды өрнектер:, мұндағы 15 - 9=6; 6 - санды өрнектің мәні.
а=3 23+3=26 - әріпті өрнек, 26 - саны әріпті өрнектің мәні
7а+3 - әріпті өрнегіндегі 7 саны коэффициент деп аталады.
Мысалы: с+7 өрнегінде с - ның коэффициенті 1 - ге тең.
2. «Ауызша есептейік»
• Сандық өрнектерге мысалдар келтіру
• Әріпті өрнектерге мысалдар келтіру
3. Оқулықпен жұмыс А деңгейінің тапсырмалары
№ 135,№136 Өрнектерді оқыңдар.

Тақтада орындалатын есептер. №137 (1,2,3,4,5,6); №138, №139, №140

ІV Өздік жұмыс.
«Блиц турнир» ойыны. Тапсырмалар үлестірмелі парақтарға жазылады.
• Асқар бағасы а теңгеден 3 қарындаш сатып алды, оның өзінде 20 теңге қалды. Асқарда алғашында неше теңге болған?
А. 20 - 3а; В. 3а+20;* С. 20А+3.
2. Бағасы в теңгеден 12 қасық және бағасы с теңгеден 12 стақан сатып алынды. Барлығының құны неше теңге тұрады?
А. (в - с)*12; В. 12в+с; С. 12 в + 12с*
3. 2 көйлекке в м мата жұмсалады. с метр матадан неше көйлек тігіледі?
А. (в: 2)*с; В. с:(в: 2);* С. в: 2+с.
4. 1 кг алма х теңге. 5 кг алма неше теңге?
А. 5х;* В. х: 5; С. 5 - х
V .Қорытындылау. Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағланады.
VІ .Үйге тапсырма: п.1.8.(оқу, жаттау)№142, №144





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал