- Учителю
- Разработка по алгебры на тему Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттері
Разработка по алгебры на тему Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттері
Сабақ №10. Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттері
Күні:
Тақырыбы: Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттері
Мақсаты:
-
Бүтін көрсеткішті дәреже ұғымын таныстыру, оны есептер шығаруда, өрнектерді түрлендіруде қолдана білуге үйрету;
-
Алған білімдерін есепті шығаруда тиімді қолдану біліктілігін қалыптастыру, әртүрлі жағдайда тиімді қолдана білуге дағдыландыру;
-
Белсенділігін көтеруге, ойлау қабілетін арттыруға, өз ойын жүйелеуге, тез шешім қабылдауға ұқсастықты, қарама-қайшылықты байқауға дағдыландыру
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Сабақ мақсаты мен жоспарын хабарлау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. №17(2,4), №19(1,3,5), (№32,№37(2).
ІІІ. Сандық кроссворд шешу:
IV. Жаңа сабақ. Жаңа сабаққа қажетті ұғымдарды еске түсіретін қайталау сұрақтары қойылады. Тақтаға жердің массасы 5,9761027, және сутегі атомының массасы 1,674•10-24 жазылады. Мұндағы 1027 және 10-24 жазбаларындағы ұқсастықты, айырмашылықты анықтайық. 10-24 саны оң ба, теріс сан ба? Бұл жазу нені білдіреді? Осы сұрақтардың жауабын бүгін жаңа сабақты игеру барысында жауап беретін боламыз. Оқулықтан 2-тапсырманы орындайық.
1) 1000, 100, 10, 1; (1, 1/10, 1/100, 1/1000...) екі сан қатары қандай заңдылыққа бағынады?
2) сан қатарындағы әрбір саны 10-ның дәрежесі түрінде жазайық:
1000,100,10, 1, 1/10, 1/100,1/1000... ... 103, 102, 101, 10°, 1/101, 1/102, 1/103..
3) Санның орнына тек дәреже көрсеткішін жазайық:
3, 2, 1, 0,.... қатарды жалғастыра отырып -1, -2, -3 т.с.с. сандарын аламыз.
-
Көршілес дәреже көрсеткіштерін салыстырайық. Келесі дәреже көрсеткіші алдыңғысынан бірге кем. 10° кейін : 1/101 = 10-1, 1/102 = 10-2... екенін көреміз. Сонда сан қатары мына түрде болады:
10-3, 10-2, 10-1, 10°, 101, 102, 103...
Сұрақ. Дәреже негізі ретінде кез келген сан алуға бола ма? (Жауап: болады, тек 0-ден өзге сан)
Тұжырым. 0-ден өзге кез келген сан үшін an = l/a-n, a≠0 теңдігі орындалады. Демек 10-24 саны - оң сан. (10-24 = 1/1024).
Сұрақ: 0-5 өрнегінің мәні бар ма? Жауап: Жоқ, себебі дәреже негізі 0-ден өзге сан.
V. Жаңа сабақты бекіту. 1) Тақтаға шығару: 1)7-3, 2)(а + b)-4, 3) (ab)-8.
2) Оқулықтан есептер шығару №38, №40, №, 42, 45, №46 (тақ нөмірлері)
VІ. Сабақты қорытындылау.
VІІ. Үйге тапсырма. №38, №40, №,42, 45, №46(жұп )
VІІІ. Бағалау.