7


  • Учителю
  • Урок на тему Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер

Урок на тему Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№267 орта мектеп. Қызылорда қаласы

Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар

сызықтық теңдеулер

Сыныбы: 6 «а»

Математика пәнінің мұғалімі А.Байманова



Тақырыбы: Бір айнымаласы бар сызықтық теңдеулер

Сабақ мақсаттары: Білімдік мақсаты: оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы түсінік беру, тақырып бойынша, оқушылардың білім дәрежесін анықтау, алған білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Оқушылардың ой ұшқырлығын арттыру. Оқушылардың ақыл-ойын жан-жақты дамыту, математикалық сауаттылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ынтымақтаса жұмыс жасауға, өзара көмектесуге,шапшаңдыққа, батыл шешімге келуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа білімді қалыптастыру сабағы

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:жұптарда өзара бағалау,критериалды бағалау,ой қозғау, топтық жұмыс,жеке жұмыс,жұптық жұмыс

,деңгейлік тапсырма

Сабақтың көрнекіліктері: сызбалар, интерактивті тақта, түрлі-түсті қағаздар, бағалау парақшалары, карточкалар, электрондық оқулық.

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

ә) Сәлемдесу әдебі

б) «тақ сандар», «жұп сандар» және «теріс сандар» бойынша оқушыларды үш топқа бөлу және топ басшыларын анықтау.

Сабақ бастамар алдында "Табыс критериін" белгілейік. Сабақ сәтті өту үшін сабаққа дайын болу, белсенділік, жеке оқушының үлесі.

2. Үй тапсырмасын тексеру №846 есеп

2) 72:(9+3)=3,2+2,8 3) 9,6:1,2=5·(0,7+0,9) 4) 9·(2-8)=20·(-2,7)

Оқушылар бір-бірінің дәптерлерімен алмасып,тақтадан тексереді, бақылаушының бағалау парағы бойынша бағалау жүргізіледі.

3. Қызығушылықты ояту. («Ой қозғау» стратегиясы)

Адамдар бір шаруаның шешімін таппағанда, түсініксіз тығырыққа тірелгенде, бұл бір жұмбақ нәрсе екен деп айтып жатады. Ал математиканың жұмбағы -ТЕҢДЕУЛЕР.

Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер.

ах=в түріндегі теңдеу (мұндағы х - айнымалысы, а және в - қандай да бір сандар) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу сызықтық теңдеу деп аталады.

1 қасиет: Теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.

2 қасиет:Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.

Бір айнамаласы бар сызықтық теңдеуді шешу үшін:

  1. Теңдеуді теңбе-тең түрлендіріп ықшамдау керек;

  2. Айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына жинақтау керек;

  3. Теңдеудегі ұқсас мүшелерді біріктіріп, теңдеуді ах=b түріне келтіру керек;

  4. Теңдеудің екі бөлігін де айнымалының коэффициентіне бөліп, теңдеудің түбірін табу керек. Мысалы: 3х + 1= 5х

3х - 5х= -1

-2х= -1

х=0,5

ах=в теңдеудің шешімдері санының үш түрлі жағдайы бар:

  1. а≠0 болса , теңдеудің түбірі х= Урок на тему Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер түбірі болады

2. а=0,в≠0 болса, о·х=b теңдеудің түбірі болмайды. Мысалы:

7х+3=7х+5

7х-7х=5-3

0·х=2 Жауабы: Ø

3. а=0,в=0 болса, ох=o теңдеуінің түбірі кез келген сан болады.

2х + х - 5= 3х - 5

3х-3х=5-5

0х=0

Жауабы: Кез келген сан теңдеудің шешімі болады.

4. Мағынаны тану ( « Ой толғаныс» стратегиясы)

Есептер шығару.№857есеп. топтық жұмыс.

  1. 2х+17=22+3х 2) 18+3х=х+14 3) 25-4х=12-5х

2х-3х=22-17 3х-х=14-18 -4х+5х=12-25

-х=5 2х=-4 х=-13

х=-5 х=-2

Бағалау. «Критериалды бағалау» арқылы өздерін бағалайды.

5. БТС есептерін шығару. 2х+7= х +5,5

2х-х=5,5-7 х=-1,5

6. ОЖСБ есебі. 3х - 1= 2(х-2)

3х-1=2х-4

3х-2х=-4+1

х=-3

7. ҰБТ есебі. Оқушы бір сан ойлады. Ол ойлаған санына 14,8-ді қосып, одан шыққан қосындыдан 3,56-ны азайтқанда 75,29 саны шықты.Оқушы қандай сан ойлады?

(х+14,8)- 3,56 = 75,29

х+14,8 = 75,29 + 3,56

х+14,8 = 78,85

х= 78,85 - 14,8

х= 64,05

8. «Білім-таусылмайтын кен» Тест есептер(Activote бағдарламасында белгілейді)

9. Электрондық оқулықтармен жұмыс.

10. Ауызша тест жұмыстары.

1. Теңдеуді шешу: 0х=5

а) 0; в) 5; с) түбірі жоқ

2. Теңдеуді шешу: 7х+3 = х+15

а) 2,25; в) 2; с) 3

3. Теңдеуді шешу: 0х = 0

а) 0; в) 1; с) х- кез-келген сан

4. Теңдеуді шешу: 6х-7 = х+3

а) 2; в) -4/7 с) -4

5. Теңдеуді шешу: 3х = 1

а) 3; в) 1/3 с) 1

11. Сабақты бекіту сұрақтары. (доп тастау ойыны)

  1. Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды?

  2. Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?

  3. Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?

  4. Егер болса, бір айнымалысы бар сызықтың теңдеудің түбірі қалай табылады?

  5. Теңдеулерге негізгі ғылыми еңбектерін арнаған қазақтың қандай ғалымын білесіңдер?

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау парағы бойынша бағасын шығару, үйге тапсырма. №859 (1,3,5) №860 (2,4,6)

Рефлексия: Оқушы аты-жөні:________

Сіз үйренген үш жаңа нәрсені атаңыз:

Мен бүгін білдім.......

Үйрендім ......

Қолдана аламын.....

Сабақтан алған әсерін баяндайды. Кей оқушы сыныпқа оқып береді.

- Сабақ аяқталды!

- Сау болыңыздар!



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал