7


  • Учителю
  • Отчет В1, Орта мерзімді жоспар 'Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу. Графиктер'

Отчет В1, Орта мерзімді жоспар 'Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу. Графиктер'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Тараудың тақырыбы: Координаталық жазықтық.Координаталары бойынша нүктені салу. Графиктер.

Тараудың мақсаты:

Тік бұрышты координаталар жүйесі, координаталық жазықтық, координаталық жазықтықтықтағы нүктенің абсциссасы және ординатасы туралы , екі шаманың арасындағы тәуелділік координаталық жазықтықта графикпен кескінделетінін, тәуелсіз айнымаланың мәндері абсцисса осінде кескінделіп, тәуелді айнымалының мәндері ординаталар осінде кескінделетіні жөнінде білімдерін тереңдету,логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру және осы алған білімдерін есеп шығаруда,практикада қолдана білуге үйрету. Жеті модульдің мәнмәтіні арқылы координаталық жазықтық туралы оқушылардың түсініктерін дамыту.

Тараудың міндеттері:

- Координаталар жүйесі мен координаталық түзудің айырмашылығын, ұқсастығын салыстыру.

- Координаталық жазықтықтағы нүктенің координаталары қалай табылатынын, координаталары бойынша нүктенің жазықтықтағы орны қалай анықталатынын түсіндіру.

-Берілген шаманың өзгерісінің графигін салуды, графиктен тәуелді шаманың немесе тәуелсіз шаманың мәндерін табуды үйрету.

-График арқылы шамалардың өзгерістерін салыстыруды үйрету.

Тарауды оқыту барысында күтілетін нәтиже:

- Пернендикуляр түзулер анықтамасын біле отырып тік бұрышты координаталар жүйесін құрады;

-берілген нүктенің абсциссасы мен ординатасын ажырата біледі;

-нүктенің координаталарын табады,координаталары бойынша нүктені сала біледі;

-нүктелердің қай ширектерде орналасқанын анықтайды;

- берілген екі шаманың арасындағы тәуелділікті координаталық жазықтықта графикпен кескіндейді;

-тәуелді айнымалы мен тәуелсіз айнымалының мәндері қай остерде кескінделетінін біледі;анықтайды;

-графиктен тәуелді шаманың немесе тәуелсіз шаманың мәндерін табады;

-сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз беттерінше талдайды, салыстырады, зерттейді;

-топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағытталады, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады;

-өз көзқарасын жеткізе, дәлелдей білу, өзгені тыңдай, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі;

-оқулықты дербес пайдалану, алған білімді меңгеру сапасын дербес бағалау іскерлігі артады.



Сабақтың тақырыбы

Мақсаттары



Міндеттері


Күтілетін нәтиже

Оқытуда қолданылатын модульдер: әдіс-тәсілдер


Бағалау


Ресурс

тар

1.

Координаталық жазықтық. Координатала

ры бойынша нүктені салу.

Координаталық тұзу мен координаталық жазықтықты арасындағы байланысты ажырата алуын қадағалай отырып нүктелерді кооординаталық жазықтықта белгілеу,қай ширектерде орналасқанын таңбасына қарап ажырата білуіне машықтандыру.

Өз бетінше зерттеу,талдау жұмыстарына машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жол ашу.

Координаталар жүйесі мен координаталық түзудің айырмашылығын, ұқсастығын салыстыру.

Координаталық жазықтықтағы нүктенің координаталары қалай табылатынын, координаталары бойынша нүктенің жазықтықтағы орны қалай анықталатынын түсіндіру.



Координаталық жазықтықта нүктелерді белгілейді, координаталары бойынша нүктенің жазықтықтағы орны анықталайды, қай ширектерде орналасқанын таңбасына қарап ажыратады, өмірмен байланыстырып, тұжырым жасауды үйренеді.



Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдері: дебаттық әңгіме, зерттеушілік әңгіме,

АКТ пайдалану:координаталары бойынша нүктені белгілеу

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау: ойтолғау

Оқытуды басқару және көшбасшылық: топтық жұмыстар шеңберінде

Талантты және дарынды балаларды оқыту: шығармашылық тапсырмалар.

Формативті бағалау: ынталандыру,

оқушылардың өз-өзін бағалау парағы, өзара бағалау.


Оқулық, дидактикалық материалдар, жаттығулар , түрлі түсті маркерлер, ватман, интербелсенді тақта


2.

Координаталық нүктелерді табуға есептер

Координаталық жазықтықта координаталары бойынша нүктені салу туралы білімдерін тереңдету,логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру,топтық жұмыста жауапкершілікке тәрбиелеу

Координаталық жазықтықта координаталары бойынша нүктелерді табуға арналган есептерді шығаруды уйрету, түсіндіру.

Тақырыптың маңыздылығын түсінеді, талдау жасайды, өткен тақырыптармен білімдерін байланыстырады, салыстыра алады, математикалық тілде сауатты сөйлейді.


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдері: дебаттық әңгіме, зерттеушілік әңгіме,

АКТ пайдалану: кесте толтыру, тұжырымдамалық карта толтыру

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау: ой толғау

Оқытуды басқару және көшбасшылық: топтық жұмыстар шеңберінде

Талантты және дарынды балаларды оқыту: шығармашылық тапсырмалар.

Формативті бағалау: ынталандыру,

оқушылардың өз-өзін бағалау парағы, өзара бағалау.



Оқулық, Интербелсенді тақта, үлестірмелер, түрлі түсті маркерлер, ватман


3.

Графиктер.

Графиктер ұғымы туралы терең түсінік беру, екі шаманың арасындағы байланысты график арқылы кескіндеуін үйрету.

Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу

Берілген шаманың өзгерісінің графигін салуды, графиктен тәуелді шаманың немесе тәуелсіз шаманың мәндерін табуды

үйрету.


Берілген екі шаманың арасындағы тәуелділікті координаталық жазықтықта графикпен кескіндейді.

Тәуелді айнымалы мен тәуелсіз айнымалының мәндері қай остерде кескінделетінін біледі, формулаларды пайдаланады, салыстырады, кесте толтырады, графиктен тәуелді шаманың немесе тәуелсіз шаманың мәндерін табады;


СТО:«Жигсо» стратегиясын пайдалану-мысалдарды түсіндіру

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдері: зерттеушілік әңгіме. АКТ пайдалану: интербелсенді тақтамен тексеру

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау: ойтолғау

Оқытуды басқару және көшбасшылық: топтық жұмыстар шеңберінде

Формативті бағалау:

ынталандыру,

оқушылардың өз-өзін бағалау парағы, өзара бағалау.


Оқулық, Интербелсенді тақта, инсерт кестесі


4.

Графиктер.

Графиктен тәуелді шаманың немесе тәуелсіз шаманың мәнін табуға,алған білімін өмірмен байланыстыра білуге, өз бетінше еңбектену белсенділіктерін арттыруға,топтық жұмыста жауапкершілікке үйрету

График арқылы шамалардың өзгерістерін салыстыруды үйрету

Графиктен тәуелді шаманың немесе тәуелсіз шаманың мәндерін табады, салыстырады, өмірмен байланыстырады, формуланы біледі,пайдаланады,өз ойларын еркін жеткізеді.


.

СТО: Венн диаграммасын пайдалану. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдері: дебаттық әңгіме, зерттеушілік әңгіме, АКТ пайдалану: график бойынша жауап беру. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау: ой толғау

Оқытуды басқару және көшбасшылық: топтық жұмыстар шеңберінде.


Талантты және дарынды балаларды оқыту: шығармашылық тапсырмалар.

Формативті бағалау: ынталандыру

оқушылардың өз-өзін бағалау


Оқулық,

Интербелсенді тақта, ватман, түрлі түсті маркер


6




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал