7


  • Учителю
  • Арифметикалық прогрессия тақырыбына ашық сабақ жоспары

Арифметикалық прогрессия тақырыбына ашық сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы











«Ғасырдың үш тірегі» атты математика, физика, информатика пәндері онкүндігінде өткізілген алгебра пәнінен ашық сабақ



«Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның п-ші мүшесін табуға есептер шығару»

9-сынып




Өткізген: Тулеуова Б.А.

Математика пәні мұғалімі


28 желтоқсан 2015жыл

28.11.2015 9 б сынып Алгебра

Сабақ тақырыбы: Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның п-ші мүшесін табуға есептер шығару

Мақсаты :

1.Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тексеру, анықтамасын , қасиеттерін меңгерту.

2. Оқушыларды ұшқырлыққа,өз пікірін айта білуге тәрбиелеу.

3. Сынып оқушыларының ұйымшылдығын арттыру.


Түрі: Тренинг сабақ


Әдісі: Ой - қозғау


Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, кестелер,сызбалар,

Барысы: 1) Ұйымдастыру


2) Үй жұмысын тексеру.

3) Сұрақ-жауап.


4) Жұптық жұмыс. «Математикадағы арифметикалық прогрессия» /жұптасып шығарады, тексереді/

№168 /Әбілқасымова А/

а1=17,6 және d=-0.4 болатын арифметикалық прогрессияның жиырма бесінші мүшесін табыңыз.

№211 /Шыныбеков/

Егер а1=2, а10=92 болса, онда d-ны табыңыз.

№214 /Шыныбеков/

с5=27, с27=60 болса, онда сп - арифметикалық прогрессиясының бірніш мүшесі мен айырмын табыңыз.

/Гульжан қосымша мәлімет ұсынады/

№178 /Әбілқасымова А/

Арифметикалық прогрессияның оныншы мүшесі 1,9-ға, ал он алтыншы мүшесі 6,1-ге тең. Бірінші және айырымын табыңыз

Сұрақ. Арифметикалық прогрессияның қандай қасиеті бар? /слайдта формула түсіндіру/

5) Топтық жұмыс. БЕРІЛГЕН САНДАРДАН ӨСПЕЛІ АРИФМЕТИКАЛЫҚ ПРОГРЕССИЯ ҚҰРАСТЫРЫП, БІРІНШІ МҮШЕСІН, АЙЫРМАСЫН ЖӘНЕ 15-СІНШІ
МҮШЕСІН ТАБЫҢДАР.

Тапсырма жауаптары:

І топ: а1=6, d=3, а15=48

ІІ топ: а1=5, d=4, а15=61

ІІІ топ: а1=7, d=4, а15=63

ІҮ топ: а1=3, d=5, а15=73

Ү топ: а1= - 5, d=6, а15=79

6) Топтық жұмыс. «Өмірдегі арифметикалық прогрессия».

Аудиторияға:

Атыраудан Оралға мұнайы бар поезд бағытталды. 1-ші цистернада 4 тонна мұнай, 2-ші цистернада 9 тонна, 3-ші де 14 тонна, ...., n-ші цистернада 304 тонна мұнай бар. Цистернаның реттік нөмірін анықтаңыз.

І топ: Стадиондағы бір бұрыштың секторында бірінші қатарда 7 орын бар. Ал келесі қатарда алдыңғы қатарға қарағанда 2 орынға көп орын бар. 26-шы қатарда неше орын бар?

2-топ: Дәрігердің кеңесі бойынша демалушы адам 5 минуттан күннің көзіңе шығып отырды. Ал келесі күнде күннің көзіңе шығу уақытын 5 минутқа артып отырды. Неше күннен кейін оның күннің көзіңе шығу уақыты 40 минутты құрайтын болады?

3-топ: Базарбайда көп жылқы болды. Жылқының ең нашары 4 алтын, ал ең жақсысы 55 алтын тұрады. Жылқының әрқайсысының бағасы келесіге қарағанда 3 алтын монетаға дейін өседі. Базарбайда барлығы неше жылқы болды?

4-топ. Карл 16 күн Кларадан бриллиант ұрлады. Әр күн сайын алдыңғы күнге қарағанда ол 3 бриллиантқа артық бриллиант қосып отырса және 16-шы күні 382 бриллиант ұрлаған болса, бірінші күні Карл неше бриллиант ұрлады?

5-топ. Жүк машинасы массасын өзгертпей күн сайын кірпіш кесектерін тасып жүреді. Бірінші күні жүк машинасы 2 тонна жүкті апаратыны белгілі, ал 14-ші күні 28 тонна тасыған болса, 9-шы күні жүк машинасы қанша кірпіш кесектерін тасыды ?

7) Рефлексия. Мен жеке жұмыстың нәтижесінде ... болады деп ойлаймын.

а) теориялық материалды талдауға.

b) есеп шығаруды үйренуге.

d) өткен материалдың барлығын қайталауға.

  1. Есеп шығаруға не жетпеді?

a) білімім

b) уақытым

d) ынтам

с) өз дәрежесінде шығардым

3. Сабақ барысында қиындықты жеңуге кім көмектесті?

a) сыныптастарым

b) мұғалім

d) оқулық

с) ешкім

8) Бағалау.

9) Қорытындылау.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал