- Учителю
- 8 класс геометрия 'Төртбұрыштар тарауын қайталау'
8 класс геометрия 'Төртбұрыштар тарауын қайталау'
Сыныбы: 8
Пәні: геометрия
Сабақтың тақырыбы: Төртбұрыштар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың төртбұрыштар тарауы бойынша
алған білімдерін байқау, жүйелеу, қасиеттерін
толықтыру, төртбұрыштар туралы білім мен білік
дағдыларын жетілдіру;
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, тез ойлауға тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқыған материалды қорытындылай, саралай алуға үйрету.
Өз ойын ашық жеткізе білу дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі: Қайталау, пысықтау, жетілдірілген сабақ.
Сабақтың типі: Білімді жинақтау, жүйелеу, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: Схема, семантикалық карта, үлестірмелі кеспелер, мониторинг, факс, білім пирамидасы.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аударып,
«Біліктілік қағидасымен» бастаймын.
Біліктілік қағидасы:
Егер....., онда.....
-Мұғалімді зейінмен тыңдасаң, тақырыпты түсінесің.
-теорема, ережелерді, қасиеттерді білсең, кез-келген нәрсені
дәлелдей аласың.
-формула жаттасаң, есепті оңай шығара
аласың.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Төртбұрыштар схемасын құру, аты, шығу-тегі, анықтамасын айту. (5 минут)
2
36
1
5
7 8
ІІІ. «Білім пирамдасын» тұрғызу (балалар біз бүгін «Білім пирамидасын» тұрғызамыз, яғни құрылысшы рөлінде боламыз. Алдымен құрылыс орнын тазалап алайық.)
-
Құрылыс орнын тазалау (Тақтаның бір бөлігін құрылыс алаңы деп алып, оған шашылып жатқан қоқыс ретінде түрлі-түсті қима қағаздар жапсырылады. Әр қағаздың астында есептер жазылған. Есептерді шығару арқылы құрылыс орнын тазалап алады.) 10 минут
-
Фундамент тұрғызу (мұнда 10 минут ішінде жауабын қайтаратын факс беріледі. Ол тест түрінде болады.)
-
Бірінші қабатты тұрғызу (цифрлы диктантты орындайды.) 5 минут
1-параллелограмм, 2-тіктөртбұрыш, 3-ромб, 4-квадрат
-
Диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді. (1,2,3,4)
-
Диагональ оны тең екі үшбұрышқа бөледі.(1,2,3,4)
-
Қарама-қарсы қабырғалары тең.(1,2,3,4)
-
Барлық қабырғалары тең.(3,4)
-
Барлық бұрыштары тік.(1,4)
-
Қарама-қарсы бұрыштары тең.(1,3)
-
Диагональдары перпендикуляр. (3,4)
-
Диагональдары тең.(3,4)
-
Екінші қабатты тұрғызу (Семантикалық карта толтырады және карта бойынша өз ойларын қорытады. Яғни, «Трапецияда ешқандай қасиет жоқ өлеңін» айтады.) 10 минут
Трапецияда ешқандай қасиет жоқ
Трапеция туыстың,
Ашуы мүлдем тым қатты.
Параллелограмм ағасын
Жартылай ғана тыңдапты.
Сондықтан да қос табан
Параллель боп қалыпты.
Қалған екі қабырға
Өздеріңше орын тауыпты.
Сөйтсе де бұл бауырды,
Тастамай адам далаға.
Гүл егетін ыдыс қып,
Берген екен балаға.
-
Ең жоғарғы қабатты тұрғызу (бекіту)
Әзіл есеп (5 минут)
Күндердің бір күнінде барлық төртбұрыштар орманды алқапта жиналып: Кімді хан етіп сайлаймыз - деп пікір таласты. Орталарында бір кәрі параллелограмм болатын. Ол: барлығымыз төртбұрыштар патшалығына барайық, кімде-кім бірінші жетсе, соны хан етіп сайлаймыз - деді. Бәрі бұл пікірге келісті. Сонымен барлығы алыс сапарға аттанды. Жолда оларға өзен кездесті. Ол айтты: кімнің диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінетін болса, соларды өткіземін деді. Төртбұрыштарын жартысы жағада қалып, қалғандары әрі қарай сапарын жалғастырады. Алдарынан биік тау кез болды. Тау: менен тек диагональдары тең төртбұрыштар өте алады. Кейбіреулері еш бөгелместен әрі қарай жылжыды. Ал кейбіреулері жағада қалып қойды. Бір уақытта олар терең құзға тап болды. Бұның үстінен үлкен көпір жүргізілген. Көпір айтты: менің үстімнендиагональдары тік бұрыш жасап қиылысатындарды өткіземін, - деді. Көпір үстінен тек бір төртбұрыш өтіп патшалыққа жетті. Және осы төртбұрыш хан болып сайланды. Хандыққа ие болған кім?
IV. Үйге тапсырма.
V. Оқушылар білімін бағалау. Бағалау мониторингі.
Оқушылардың аты-жөні
Үй тапсырмасын тексеру
(схема бойынша сөйлеу)
Құрылыс орнын тазалау
(есеп шығару)
Фундамент тұрғызу (Тест жұмысы)
Бірінші қабатты тұрғызу
(цифрлы диктант)
Екінші қабатты тұрғызу
(семантикалық карта)
Ең жоғарғы қабатты тұрғызу (әзіл есеп)
Қорытынды баға