- Учителю
- Конспекты по математике 'Арифметикалык прогрессия' (9 класс)
Конспекты по математике 'Арифметикалык прогрессия' (9 класс)
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар тақырыбын қайталау.
Г.Меңдіғазиева,
Ж.Кереев атындағы орта мектебінің мұғалімі
Сабақтың мақсаты:
1. Арифметикалық,геометриялық прогрессияның анықтамасын,n-ші мүшесінің қосындысының формуласын меңгеріп есептер шығаруда қолдана білу;
2. Оқушылардың белсенділігін арттыру,жауапкершілікке,өз бетінше оқуға,ізденуге,еңбектенуге тәрбиелеу;
3. Логикалық ойлау қабілетін,танымын пәнге қызығушылығын дамыту,есептеу дағдыларын жетілдіру белсенділіктерін арттыру.
Көрнекілік: Интерактивтік тақта,формулалар,тест,кеспелер.
Сабақтың түрі:Қорытындылау,қайталау сабағы.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.Оқушылардың сабаққа дайындығын,қатысуын тексеру.
2.Оқушыларды екі топқа бөлу.
I. Ой толғау (сұрақтарға жауап беру).
II.Кім жылдам? Есептер шығар.
-
Хn=6n-2 тізбегінің бес мүшесін жаз.
-
7;11;15;…арифметикалық прогрессияның айырмасын тап.
-
b4=16, b6=64 геометриялық прогрессияның еселігін тап.
-
b1=1,q=3 геометриялық прогрессияның b6-неге тең.
-
а1=3,d=10 арифметикалық прогрессияның а13-неге тең?
-
a1=-33,d=2 арифметикалық прогрессияның s10-неге тең?
-
bn=5*2n геометриялық прогрессияның s3 және q тап.
-
1,1/4,1/16,...; шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның қосындысын тап.
-
b2=15, b3=75 болатын геометриялық прогрессияның b5-мүшесін тап.
-
а1=30,a3=36,a5=42 болатын арифметикалық прогрессияның а7,а10 мүшесін тап.
III.Формуланы кім жылдам жазады?(екі топтан шығып жазады)
Арифметикалық прогрессия геометриялық прогрессия
-
аn=a1+d(n-1) bn=b1*qn-1
-
an+1=an+d bn+1=bn*q
-
d=an+1-an…. q=bn+1/bn……