7


  • Учителю
  • Презентация по математике на тему квадратное функция

Презентация по математике на тему квадратное функция

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақстан Республикасы

Білім және Ғылым Министрлігі



Исмаилова Л.


MathCad жүйесінің мүмкіндіктерін математика сабақтарында пайдалану


Шығармашылық жұмыс

Шымкент - 2014


MathCad жүйесінің мүмкіндіктерін математика сабақтарында пайдалану


Қазіргі уақытта техника жылдам дамуының нәтижесінде барлық үйде дерлік компьютер бар. Бірақ ол компьютерді жасы кіші балаларымыз компьютерлік ойын ойнауға қолданып жатыр. Ал жасы үлкен балаларымыз суреттеріне фотоальбом жасайды, ұнатқан әндеріне файл жасайды, интернеттен ақпарат іздейді, мәтінді баспаға шығарады, кино көреді, әртүрлі форумға қатысады. Одан қалса фотошопта отырады, презентация жасайды.

Өкінішке орай, біз компьютерді есептер шығару, маңызды проблемаларды үйрену және зерттеу, әртүрлі пәндер бойынша мектеп курс бағдарламаларын меңгерудегі үлкен көлемдегі ақпараттарды жинау және өңдеу үшін қолданып жатқан жоқпыз.

ХХI ғасырда жіберуге болмайтын бұл олқылықтың орнын толтыру үшін қазіргі кездегі бар заманауи бағдарламалық қамтамасыздандыруды мұғалімдер және оқушылар пайдалана алатындай етіп барлық мектеп курстары бағдарламаларын қайта қарастыру қажет деп ойлаймын. Компьютер - қазіргі кездегі оқушының әртүрлі мәселелерді өзбетінше шешуіндегі құрал болуы тиіс.

Сондай заманауи бағдарламалардың бірі MathCad бағдарламасы.

MathCad жүйесінің бір артықшылығы оны программа жасаудан хабарсыз адамдар да қолдана алады.

Үйрету нәтижесінде оқушылар компьютерде көптеген тапсырма түрлерін орындай алу дағдысына ие болады. Ал, бұл оқушыларға мынадай мүмкіндіктерді береді:

  • есептеу қажет, бірақ негізгі мәселе есептеу болмайтын жағдайларда уақытты үнемдеу;

  • өрнектерді түрлендіру, теңдеулерді, теңдеулер жүйесін, теңсіздіктерді және олардың жүйесін шешу, интегралдарды және функциялардың туындыларын есептеу бойынша 'қолмен' орындау әрекеттерінің дұрыстығын өз бетінше тексеру;

  • сапалы әрі көп мөлшердегі функция графиктерін құруды орындау;

  • айқын түрде берілмеген функциялар графиктерін құруды және олардың қасиеттерін үйрену;

  • қиындығы жоғары екендігіне байланысты мектеп курсына енбеген мысалдар мен есептерді қарастыру;

  • 'қолмен' орындау немесе дерлік орындау мүмкін болмайтын параметрлік есептердің шешімдерін іздеуді және талдауды орындау;

  • математикаға қызығушылығын арттыру, әлсіз және орташа оқушылар үшін жаңа сезімдер мен мүмкіндіктерді алу;

  • математика мұғалімімен қарым қатынасты заманауи деңгейге өткізу;

  • күнделікті үй тапсырмаларын орындау және тапсырмаларды тексеруге электронды түрде беру;

  • денсаулығындағы белгілі бір проблемаларға байланысты (мұндай оқушылар аз емес) қолмен орындалатын жұмыстар және графиктерді орындауда келіп шығатын қиындықтарға ие оқушылардың психикалық қиындықтарын біршама болса да жою;

  • жоғары оқу орнында оқудың басталуына дейін заманауи математиканың бағдарламалық өнімін еркін меңгеру, жаңа проблемалардың келіп шығуы бойынша өзбетінше білімін тереңдету және кеңейту;

  • және көптеген, көптеген...

Математиканы үйрету барысында біздің қосымша жұмысымыз оқушыларды үлкендер өміріне енуге дайындау, шығармашылық және тәуелсіз пікірлеуді қалыптастыру үшін қажеті белгілі есептеу мәдениетіне оқыту болып табылады.

MathCad жүйесінің мүмкіндіктері

MathCad -жүйесі білім, ғылым, техниканың әртүрлі облыстарындағы көптеген математикалық есептерді шешуді автоматтандыру үшін арналған компьютерлік математиканың танымал жүйелерінің бірі.

MathCad жүйесінің барлық әртүрлі версиялары математикалық универсал есептеу жүйесі болып табылады. MathCad жүйесі сандық және аналитикалық есептеулерден тыс, күрделі бейнелеу есептерін шешуге, ғылыми жобалармен есептерді дайындауға мүмкіндік береді. MathCad жүйесінің тілі математикалық алгоритмдерді математикалық таңбалар үшін қабылданған символикаларды қолданумен табиғи математикалық формада баяндау, жазу мүмкіндігіне бағдарланған, мысалы, квадрат түбір, интеграл белгісі және т.с.с. Бұлай жанасу шешіліп жатқан есептің математикалық мағынасын түсінуді айтарлықтай жеңілдетеді және қолданушыны басқа бағдарламалау тілін үйренуден құтқарады.

Жоғары сапалы MathCad құжаттарын құру кезінде, мысалы электрондық сабақтар, көрнекі графикалық бейнелеуді таңдау және құру маңызды мәнге ие. Көбінесе бұндай иллюстрацияларды математикалық әдістермен құру мүмкін.

Графикалық кескіндерді пайдаланудың негізгі мақсаты - әртүрлі нысандарды визуализациялаудың сондай-ақ есептеулердің қосымша мүмкіндіктерін көрсету.

MathCad компьютерлік математикасы жүйесінде құрылған графиктік нысандар жаратылыстану цикліндегі мектеп пәндерін үйрену аясындағы әртүрлі құбылыстар және ұғымдарды демонстрациялау үшін пайдалы болуы мүмкін.

Барлық салада компьютердің кең қолданылуына және компьютерлік математика жүйесінің (атап айтқанда Mathcad) пайда болуына байланысты мектеп математика курсын оқыту деңгейін және сипатын айтарлықтай өзгерту мүмкін және керек.

MathCad-ты кеңінен қолданудың тиімділігін келесілермен көрсетуге болады:

  • MathCad математиканы үйренуді жеңілдетеді, себебі оқушыны ауыр есептеу жұмыстарынан босатады;

  • MathCad математиканы үйренуді қызықты етеді, себебі көптеген қызықты және алдын шеше алмайтын сұрақтарды өте жоғары және кәсіптік деңгейде қарастыруға мүмкіндік береді;

  • MathCad түсінікті, практикада жеңіл меңгеріледі, үйрену және қолдану үшін қалың кітапті оқу, конспект жазу және күрделі ережелерді жаттауды талап етпейді;

  • MathCad оқушы психологиясына сәйкес, себебі қызықтырған проблема шешуін қысқа уақыт аралығында алуға болады;

Жоғарыда айтылғандар негізінде жаңа есептерді (ең болмағанда физмат мектеп және физмат сыныптар үшін) құрастыру қажеттілігі туындайды.

Ұсынылған материалды пән деңгейінде математика бойынша есептер жинағын құрастыру идеясы ретінде қарастыруға болады деп ойлаймын.

Matlab - бүгінгі таңдағы кең таралған, автоматтандырылған математикалық есептеулер жүйесі. Онда көптеген математикалық есептеулер тек дайын функцияларды пайдалану жолымен шешіледі. Бұл жүйе жалпы матрицаларға амалдар қолдануға негізделгендіктен оның аталуы «MATrix LABoratory», яғни «матрицалық лаборатория» сөзінен келіп шыққан. Бұл жүйе 70 - жылдарда С.В.Молер тарапынан ойлап табылған және ол сол кезде-ақ үлкен есептеу машиналарында қолданыла бастаған. Ал 80 - жылдардың басында MathWorks. Inc фирмасында Джон Литтл IBM PC Macintosh дербес компьютерлер үшін PC Matlab версиясын жасады.

Matlab бүкіл адамзат тарихындағы математикалық есептеулер саласындағы барлық әдістерді қамтиды және күшті есептеу жүйесі болып табылады. Бұл жүйенің артықшылығы, яғни құрамына енетін функцияларды (мәтін түрінде жазылған М-файлдар және С түрінде жазылған бағдарламалар арқылы) өзгертуге, қосымшалар енгізуге болады. Сондай-ақ сандық есептеулерден басқа графикалық функциялармен (екі өлшемді, үш өлшемді) орындауға болады.

Matlab жүйесінің мүмкіндіктері өте үлкен және оларды толық сипаттап жазу қиынға түседі. Сол себепті олардың тек негізгі, көп қолданылатын мүмкіндіктерін атап көрсетеміз.

  1. Математикалық есептеулер саласында: матрицалық, векторлық, логикалық операциялар; элементарлық және арнаулы функциялар.

  2. Сандық әдістер саласында: дифференциялдық теңдеулерді шешу; интегралдарды есептеу, сызықтық емес алгебралық теңдеулер түбірін табу; бірнеше айнымалы функцияның минумымын табу; бір немесе көп өлшемдік интерполяция.

  3. Бағдарламалау саласында: 500-ден астам математикалық функциялар; екілік және мәтіндік файлды ендіру және шығару; С және Фортран тілінде жазылған бағдарламаларды пайдалану; Matlab тілінде жазылған бағдарламаларды С және С++ тілдеріне автоматты түрде өткізу.

  4. Визуалдау және графика саласында; екі және үш өлшемдік графиктер сызу; мәліметтерді визуалдық сараптама жасау және анимация.

  5. Matlab мүмкіндіктерін кеңейтетін қосымша пакеттер. Simulink - виртуалдық приборларды пайдаланып процестерді модельдеу; математикалық есептеу пакеттері; сигналдар мен кескіндерді өңдеу пакеттері; қаржылық есептеулерді шешу; карталар мен географиялық мәліметтермен жұмыс істеу. Бұл қосымша пакеттері.

Matlab әртүрлі пайдаланушыларға әртүрлі облыстарда математика, машина жасауда және ғылыммен жұмыс жасауда стандартты аспап ұсынады. Matlab-та toolboxes деп аталатын бағдарламалардың мамандандырылған топтары маңызды рөл атқарады. Олар Matlab-ты пайдаланушылардың көпшілігі үшін өте маңызды. Олар мамандандырылған әдістерді оқу және қолдануға рұқсат етеді. Toolboxes - бұл Matlab (М-файлдар) функциясының жан-жақты коллекциясы. Олар тапсырмалардың жеке сыныптарын шешуге рұқсат етеді.

MathCAD математикалық пакеті.

Математикалық және ғылыми - техникалық есептеулер дербес компьютерді қолданудың маңызды сферасы болып табылады. Көбінесе олар жоғары дәрежеде жазылған, мысалы Бейсик немесе Паскаль тіліндегі программалардың көмегімен орындалады. Бүгінгі уақытта бұл жұмысты дербес компьютерді қолданушы кез келген адам әр кезде орындай алмайды. Ол үшін ол адам программалау тілін және қазіргі кезде өте күрделі математиткалық есептеулердің сандық әдістерін үйренуге мәжбүр болады. Кей жағдайларда осының салдарынан физик, химик немесе инженер мамандарының қолынан шындықтан алыс программалар келіп шығады.

Осындай келеңсіз жағдайлардан математикалық есептеулерді автоматизациялайтын интегралдаудың программалық жүйесін қолдану арқылы шығуға болады (мысалы Eureka, MathCAD, Matlab және тағы басқадай). Біз алдыда сондай жүйелердің бірі MathCAD-тың сызықтық емес теңдеулер жүйесін шығарудағы мүмкіндіктері мен эволюциясын қарастырамыз.

Mathcad - бұл ғылым мен техниканың, білім берудің әр түрлі облыстарында массалы математикалық есептерді шешуді автоматизациялауға бағытталған компьютерлік математиканың белгілі жүйесі. Жүйенің аты екі сөзден - MATHematika (математика) және CAD (Computer Aided Desiqn - автоматты проектирлеу жүйесі) тұрады.

MathSoftInc. (АҚШ) фирмасы жүйенің бірінші версиясын 1986 жылы шығарды. MathCAD жүйесінің басты бөліп алатын ерекшелігі оған енгізілген тілде, мұнда ол математика бойынша трактаттарында, тіпті жалпы ғылыми әдебиеттерде қолданылатын нақты математика тіліне максималды жуық. Жүйемен жұмыс істеуге кіріскенде қолданушы атаулы документтерді дайындайды. Олар бір уақытта есептеу алгоритмінің бейнелеуін, жұмысты басқару программасын және есептеу нәтижесін іске қосады. Сыртқы көрінісіне қарағанда мәтіндер кәдімгі программаға ұқсамайды.

Төменде біз MathCAD жүйесінің мүмкіндіктері мен құрылымын атап көрсетеміз. Сондай-ақ программалық пакетті сызықтық емес теңдеулерді шешуде қолданылуына кеңінен тоқталамыз. Оның ішінде сызықтық емес теңдеулердің түбірін іздеуді және жүйені қолдану базасындағы қажетті функциялардың түрлерін қарастырып, теңдеулер жүйесін шешу блогын дайындау жолын көрсетеміз. Математикалық әдістерді қолданудың маңызды сфераларының бірі болып табылатын оптиматизация есептерін шешуге, рекуррентік сәйкестік бойынша жүзеге асырылатын есептеулерді (мысалы, Фибоначчи санын есептеу) шешуге мүмкіндік береді.

Бүгінде MathCAD - тың әр түрлі версиялары математикалық бағдарланған универсалды жүйе болып табылады. Ол мәтіндік редакторлар және электронды таблицалармен қиын берілетін күрделі есептеулерді жеңіл шешуге мүмкіндік береді. MathCAD көмегімен статья, кітап, диссертация, ғылыми есептеу, дипломдық және курстық жобаларды тек қана сапалы мәтіндермен емес, сондай-ақ жеңіл жүзеге асыратын ең күрделі математикалық формулалар жиынымен, есептеу нәтижесін графикалық қойылымдармен дайындауға болады.

MathCAD жүйесінің жаңа версиясындағы маңызды жетістігі болып кез келген баспаға шығару құрылғысының белгілі типіндегі настройка, шрифтердің бай жинағы, Windows-тың барлық құралдарын қолдану мүмкіндіктері, әдемі графика және қазіргі уақыттағы көп терезелі интерфейс жатады. Жаңа нұсқада да документтерді әр түрде безендіруде тиімді мүмкіндіктер, қозғалмалы графиктер және дыбыстық сүйемелдеуді жасау қосылған. Ерекше күрделі есептерді шешу үшін басқа математикалық және графикалық жүйелермен бірігу мүмкіндіктері де қарастырылған. Осыдан мынадай жүйелер - интегрирленген жүйелер атауы шығады. Интеграция есептерін шешуде MathCAD - ты жасаушылар ұзаққа кеткен - бұл жүйе түпкі интеграцияны басқа математикалық, графиктік, офистік жүйелермен, толық қатармен қамтамасыз етеді. Осы үшін оған MathConnex арнайы жүйелік интегратор қосылған.

1999 жылдың жазында жаңаланған нұсқа - MathCAD 2000 жүйесі шықты. Оған графиктік мүмкіндіктердің жақсаруы, есептеу жылдамдығының жоғарлауы, жұмыс тиімділігі, функциялар санының өсуі кіреді

MatLab жұмыс ортасы төмендегі (1-сурет) негізгі терезелерден тұрады.

1-сурет. MatLab жұмыс ортасы

MatLab жұмыс ортасы келесі элементтерден тұрады:

  • Меню қатары;

  • Саймандар панелі қатары;

  • ToolBox ортасының әр түрлі модульдеріне, жұмыс орнының мазмұнына байланыс жасау үшін Launch Pad және Workspase бөліктері бар терезе;

  • Нәтижені көруге және алдыңғы енгізілген командаларды шақыруға арналған және де ағымдық каталогты орнататын Command History және Current Directory терезелері;

  • Ағымдық курсор мен енгізуге шақыру белгісі бар командалық терезе;

  • Қалып күй қатары;

Егер 1-суреттегі терезелер жоқ болса, меню қатарындағы View командасынан қажет пункттерді алуға болады: Command Window, Command History, Current Directory, Workspase, Launch Pad. Орындалатын командаларды командалық терезеде теру қажет. >> белгісін терудің қажеті жоқ. Жұмыс облысында Home, End, PageUp, PageDown клавиштер арқылы қатар басына, соңына, бет басына, соңына өтуге болады. MatLab программасы нәтижені есептесін десек кез келген команда немесе өрнек соңында Enter клавишасы терілуі қажет. MatLab бағдарламасы осы команданы орындауы үшін немесе есептелуі үшін кез келген командадан кейін Enter клавишасын басылуымен аяқталатынын есте сақтау маңызды.

Қарапайым есептеулер

MatLab бағдарламасын қарапайым калькулятор ретінде қолдануға болады. Мысалы, 1+2 командасын теріңіз және Enter клавишасын басыңыз. Нәтижеде төмендегі жауап көрсетіледі (2-сурет):

2-сурет.

MatLab программасы не істеді? Ол алдымен 1+2 қосындыcын есептеді, одан кейін жауапты ans командасында жазды және оның жауабын шығарды, командалық терезеге 3-ке тең деп шығарып берді. Жауаптың астында жыпылықтаған тышқан меңзерімен командалық жол орналасқан, ол MatLab программасы онан арғы есептеулерге дайын дегенді білдіреді. Командалық жолда жаңа есептеулер теріп, олардың шешімдерін табуға болады. Егер алдыңғы есептеулермен жұмысты жалғастыру қажет болса, мысалы (1+2)/4.5 есептеу керек делік, онда алдыңғы нәтижені пайдаланып қалу оңай, ол ans командасында сақталған. Ans/4.5 теріңіз және Enter пернесін басыңыз,

нәтижеде төмендегі жауап көрсетіледі (3-сурет):

3-сурет.

Matlab жүйесі кез келген қиын есептеулерді де шеше алады. Мұнда кез келген команда ">>" белгісінен кейін ендіріледі. Ол белгі автоматты түрде пайда болады. Белгіден кейін жазылған әрбір команда соңында Enter пернесі басылады.

Мысалы:

>> 2+5; Enter

ans =

7

>>

Мұндағы: аns және 7 саны компьютердің жауабы болып табылады. "аns" сөзі ағылшынша "answer-жауап" деген сөзді білдіреді. Егер команда соңында ";" Enter басылса, онда команда орындалады да, бірақ оның мәні экранға шықпайды. Мысалы:

>> х=Pi/2;

>> y=cos(x) Enter

ans=

y=0

Бұл жүйе калькулятор ретінде тікелей есептеулермен қатар векторлармен, матрицалармен, комплекс сандармен және көптеген амалдарды арнайы бағдарламаларда жазбай-ақ орындайды, күрделі графиктер сыза алады.

Мысалы: V векторына сандық мәндерді меншіктеу.

>> V=[2 1 3 0.5]

V=

2 1 3 0.5

Бұл жерде массивке мәндер енгізіліп жатыр.

>>sin(V) Enter

ans=

0.9093 0.8415 0.1411 0.4794

>> z=4.*v Enter

Z=

8 4 12 2

>> W= v .^2

W=

4 1 9 0.25

.*, .^ белгілері пайдаланылады.

Мұндағы нүкте бұл амалдың, массивтің әрбір элементіне тиісті екенін білдіреді. Яғни массив элементіне амалдардың қолданылу нәтижесі массив болып шығады.

Matlab-та массив элементін цикл түрінде >> x=x0:dx:xm беруге болады.

Мұндағы x0 - х-тің бастапқы мәні

хm - х-тің соңғы мәні

dx - оның қадамы.

>> X=0:0.1:0.5 Enter

X=

0 0.1 0.2 0.3 0.4 0.5

Matlab жүйесінде дайын функцияның мәні олардың атын жазып, аргументті міндетті түрде жақшаға алып жазып көрсету жолымен орындалады. Дайын функцияларға sin(x), cos(x), tg(x), exp(x), lg(10), sqrt(x) және т.б.

Жұмыс кезінде қолданылатын кез келген айнымалының мәнін оның атын жазу арқылы білуге болады. Мысалы:

>> W Enter

W=

4 1 9 0.25

>>X Enter

X=

  1. 0.1 0.2 0.3 0.4 0.5

Кез келген кезде >>helpwin немесе >>HelpDesk командаларын беріп Matlab бойынша көмек алуға болады. Сондай-ақ >>Demo командасын беріп, Matlab бойынша демонстрациялауға болады.

Ал Matlab-тан шығу үшін Quit немесе Exit командалары орындалады.

Жұмыс ортасын сақтау. МАТ файлдар

Жұмыс ортасын сақтау үшін File менюіндегі Save Wokspase As пунктін таңдаймыз. Save Workspase Variables терезесінде каталог немесе файл атын көрсетуіміз қажет. Файлды сақтау үшін үнсіз келісім бойынша Matlab каталогының ішкі work каталогына сақтауды ұсынады. Программа нәтижеде файлды mat кеңейтілуінде сақтайды. Енді Matlab терезесін жабуға болады. File менюі Open подпунктісі көмегі арқылы сақталған файлды ашуға болады. Енді қайтадан қолданылуға болатынын ескере отырып өзгерте береміз. Оларды жаңадан енгізілген командаларда қолданылуға болады.

Математикалық функциялар

Тригонометриялық функциялар

Функция аты

Қызметі

sin

Синус

sinh

Гиперболалық синус

asin

Арксинус

asinh

Гиперболалық арксинус

cos

Косинус

cosh

Гиперболалық косинус

acos

Арккосинус

acosh

Гиперболалық арккосинус

tan

Тангенс

tanh

Гиперболалық тангенс

atan

Арктангенс

atanh

Гиперболалық арктангенс

sec

Секанс

sech

Гиперболалық секанс

asec

Арксеканс

asech

Гиперболалық арксеканс

csc

Косеканс

csch

Гиперболалық косеканс

acsc

Арккосеканс

acsch

Гиперболалық арккосеканс

cot

Котангенс

coth

Гиперболалық котангенс

acot

Арккотангенс

acoth

Гиперболалық арккотангенс


Анықталған интегралды есептеу

Көптеген математикалық құбылыстарды моделдеу анықталған интегралдарды есептеуді талап етеді. Сандық әдістер теориясынан интегралдарды жуықтап есептеу үшін Трапеция және Симпсон әдістері қолданылатыны белгілі.

MatLab-та трапеция әдісі үшін trapz функциясы қолданылады:

>> trapz(x,y);

Бұл функцияны қолдану үшін аргументтің (х-тің) мәндерін және оларға

сәйкес функцияның (у-тің) көрінісін беру керек.

Мысалы: интегралды есептелік:

>> x=0: 0.1: 5;

>> y=sin(x).*exp(-x);

>> Integ=trapz(x,y)

Integ=

0.5014

Мұнда алынған нәтеже х-тің өзгеру қадамына (мысалда 0,1-ге тең) байланысты болады, нәтиже дәлірек шығу үшін қадам кіші болу керек.

Ал интегралды есептеудің екінші - Симпсон әдісінде оны көрсетудің қажеті

жоқ. Оны MatLab өзі есептейді. Мұнда интегралды есептеу үшін quad('f',a,b) функциясы қолданылады. Бірақ мұнда f(x) функцияны, егер ол элементарлық функция болмаса, алдын-ала MatLab-та сақтап қою керек, мысалы, fun1.m файлында интегралды есептеу үшін sinx∙e-x функцияны төмендегіше сақтаймыз:

function y=fun1(x)

y=sin(x).*exp(-x);

Сосын MatLab-та

>> J=quad('fun3',0.5)

J=

0.5023 нәтижені аламыз.


М-файлдар

MatLab командасы топтарының ең ыңғайлы тәсілі М-файлдарды қолдану болып табылады. Оларда команда жинауға болады, олардың бәрін бірден немесе бөлімдермен орындауға болады, файлда сақтауға және бұдан былай қолдануға болады. М-файлдармен жұмыс істеу үшін М-файлдар редакторы арналған. Оның көмегімен өзіңнің функцияңды құруға және оларды шақыруға болады, сонымен қатар командалық терезеден де шақыруға болады. MatLab негізгі терезесінен File мәзірін ашыңыз және New пунктінен M-file подпунктін таңдаңыз. М-файл редакторлар терезесінен жаңа файл ашылады, ол келесі суретте бейнеленген. М-файлдың ашылуы жұмыс ортасындағы File менюіндегі Open пункті көмегімен орындалады, немесе М-файлдар редакторы көмегімен орындалады.

MatLab-та М-файлдар екі типті болады: файл-программалар (Script M-Files), командаларды жүйелі түрде ұстаушы, және файл-функция, (Function M-Files), пайдаланушылармен анықталатын функциялар жазылады.

Көп жағдайда MatLab-тың жұмысшы ортасында белгілі бір жұмыстарды атқару үшін көптеген командаларды ендіру қажет болады. Ал оларды келесі жолы тағы көрсету қажет болса, сол командаларды тағы да ендіру қажет болады. Бұл тек қана көп уақытты алып қана қоймай, қателіктер жіберуге де келіп соғуы мүмкін. Демек, сол командаларды сақтап қою қажеттігі туады. MatLab-та сондай құрал сценарий деп аталады. Сценарий дегеніміз мәтіндік файл болып, онда жоғарыда айтылған, орындалуы тиіс болған. MatLab командалары жазылған болады және міндетті түрде ол файлдың кеңейтілмесі бірғана m әрпінен тұруы тиіс. Сол себепті мұндай файл М-файл деп аталады.

М-файлда кез келген мәтіндік редакторда жазуға болады. Бірақ MatLab-та мұның үшін арнайы редактор бар және онда жұмыс істеу қолайлы. Себебі ол MatLab-тың арнайы функциялары мен сөздерін басқа түспен көрсетіп тұрады және әр қатар нөмірленген болады. Ол MatLab-тың File→New→M-file мәзірлері арқылы немесе сол жақ шеттегі ақ парақ белгісін беру арқылы шақырылады.

Сценарийдің ерекшелігі - М-файлдағы және MatLab-тың жұмысшы ортасындағы айнымалылар бір бүтін жұмысшы ортаны құрайды.

Сценарий дайын болғасын оны компьютер жадына сақтау керек. Бұл m-файлды кез келген каталогта сақтау мүмкін. Дегенмен ол каталог -қа белгілі болуы тиіс. Себебі жұмысшы ортада m-файл аты жазылып, 'Enter' басылғанда MatLab оны іздеп табады. Жаңа каталогты жасау үшін мына команданы береміз. File→Set Path. Бұл терезеде MatLab-та тіркелген барлық каталогтар тізімге қосу үшін: Add Folder →Создать папку командасын орындаймыз. Осылайша біздің жаңа каталогымыз тізімге қосылғасын, онда m-файлымызды сақтауға болады.

Дайын болған сценарийді жұмысшы ортадан шақыру үшін тек оның атын жазып (m бөлігі жазылмайды). 'Enter' басу керек.

Сценарийлерді пайдаланудың артықшылығы мен бірге кемшілігі де бар: оны әр қашан бір түрлі жұмысшы ортада шақыру қажет, демек жұмысшы орта өзгерген кезде оны шақыруға және парамертлердің мәндерін ендіруге болмайды. Кез келген уақытта шақыруға болатын және жұмысшы ортаға тәуелсіз болатын файл М-функциялар деп аталады.

Бұл мәтіндегі % белгісі комментарийді білдіреді және ол тек қана пайдаланушыға мәлімет беру үшін қолданылады, оны MatLab орындамайды. Мұнда арнайы айта кететін жай - drawnow командасы. Ол тек қана сценарий немесе m-функцияда ғана қолданылады және ол сол мезетте график сызу керектігін көрсетеді. Басқаша айтқанда MatLab-тың жұмысшы ортасында жоғарыдағы командаларды берген кезде автоматты түрде графиктер сызылады. Ал сценарий мен m-функцияларда бұл командасыз өздігінен графиктер сызылмайды.

M-файлдар жөндеуі

debug

Жөндеу командаларының тізімін көріп шығу

dbstop

Бақылау нүктесін беру

dbclear

Бақылау нүктесін өшіру

dbcont

Орындалуды жалғастыру

dbdown

Үстіңгі жағынан төмен шақырылушы М-функциялардың стегіне өту

dbstack

Шақырылушы М-функциялардың стегі алып шығуОшибка! Элементы указателя не найдены.

dbstatus

Бақылау нүктелерінің тізімін көріп шығу

dbstep

Бір немесе бірнеше жөндеу командаларын орындау

dbtype

Нөмірленген жолдармен М-файлдарды басып шығару

Dbup

Төменгі жағынан үстіге шақырылушы М-функциялардың стегіне өту

dbquit

Жөндеуді аяқтап шығу

М-файлдардың кескінделуі

profile

М-файл уақыттарының профилі

pareto

Профиль туралы есептеу нәтижесі

promsum

Парето диаграммасы


14




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал