7


Ондық бөлшектерді қосу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сыныбы: 5а сыныпСабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу Сабақтың мақсаты: Білімділік: ондық бөлшектерді қосу ережесін түсіндіру, үйрету, біліктерін логикалық оймен іске асыра білуТәрбиелік: Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, математикалық мәдениетке тәрбиелеу, ж
предварительный просмотр материала

Күні: 20.02.2015 жыл

Сыныбы: 5а сынып

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ондық бөлшектерді қосу ережесін түсіндіру, үйрету, біліктерін

логикалық оймен іске асыра білу

Тәрбиелік: Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру,

математикалық мәдениетке тәрбиелеу, жүйелі түрде

жұмыс істеуге, өз ойын дәл, тиянақты айта білуге үйрету

Дамытушылық: оқушыны ұқыпты тыңдауға, практикамен

ұштастыруға, тез шешім қабылдай білу мақсатында өз

білімін нақты көрсете алуға дағдыландыру

Көрнекіліктер: үлестірмелер, слайдтар, бағалау фишкалары

І. Ұйымдастыру

А) Оқушылармен амандасу

б) Шаттық шеңбері арқылы сабақты бастаймыз.

-Балалар, енді қолымызды ұстап алақан жылуы арқылы

бір-біріңе жылы лебіздер айтып,сабағымызды бастайық.


Қуанамын мен де, (өзімді көрсетемін)

Қуанасын сен де, (жанындағы досымды көрсетемін)

Қуанайық, достарым, (бір біріміздің қолымыздан ұстаймыз)

Арайлап атқан күнге (қолдарымызды жоғары көтереміз)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Ондық бөлшек пен жай бөлшекті қалай айырамыз?

  2. Бұрыс бөлшекпен дұрыс бөлшектің айырмашылығы?

  3. Ондық бөлшектерді қосуда қандай қасиеттер орындалады?

  4. Бұрыс бөлшек дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа білім беру

7,4+3,2= 10,6

2,65+0,25= 2,90

18,6+4,2= 22,8

59,1+2,07= 61,17

5,9+0,3= 6,2

1,37+3,7= 5,07

12,35+2= 14,35


Ондық бөлшектерді қосу үшін:

1) Бөлшектердегі үтірден кейінгі цифрлар санын теңестіру;

2) Үтір үтірдің астына келетіндей етіп "бір бағанға" жазу"

3) Үтірге мән бермей қосуды орындау;

4) Шыққан қосындының мәніндегі үтірді үтір астына қою керек.

ІҮ. Есептер шығару

Қосуды орындаңдар:


Ү. Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы №745, 747 есептерді шығару

№745 57,87 7,882 11,469 65,976

№747 (қосу есептерін шығару)

12,04 23,84 16,532 17,67 15,945 22,25


ҮІ. Сергіту сәті


ҮІІ. Мәтінді есеп шығару

Кеменің тынық судағы жылдамдығы 23,7 км/сағ, өзен ағысының жылдамдығы а км /сағ. Кеменің өзен ағысымен жүзгендегі жылдамдығы қандай?

Мұндағы а =3.2

а+23,7=3,2+23,7=26,9км/сағ

ҮІІ. Блок-схема (Қонның қанша метрг секіретінін есептеу)


ҮІІІ. Ойлан тап


ІХ. Үйге тапсырма


Оқулықтағы №750 есеп шығару. Ондық бөлшектерді қосу ережесін жаттау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал