- Учителю
- 1 сынып 5 саны мен цифры
1 сынып 5 саны мен цифры
Мұғалімнің аты -жөні | Пән аты | Өтілген күні |
Қайырбаева Ғ | математика | 28.10.15 |
Сабақтың тақырыбы: 5 саны және цифры. Бесбұрыш.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: 5 санының құрулуымен, 5 цифрынын жазылуымен және құрамымен таныстыру; оқушылардың бесбұрыш және оның белгілері туралы түсініктерін қалыптастыру.
2.Дамытушылық: Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту;
3.Тәрбиелік: Жылдамдыққа ,бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап
Сабақтың көрнекіліктері: Кеспе цифрлар, геометриялық фигуралар.
Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Психологиялық дайындық
Күн, ауа, жер, аспан
Маған, саған, біздерге
Бақыт, махаббат, жақсылық тілейміз.
ІІІ.Қайталау.
1. «Кім жылдам?» ойыны . Тақтаға алдын ала мысалдар жазылып қойылады. Оқушылар қатар бойынша жарысады.
1+3 2+2 4-3
4-2 1+ 2 3+1
2. «Отыр -тұр »ойыны.
-Егер қосынды 4-ке тең болса, отырады, 3 ,2 -ге тең болса тұрады.
3+1 (отырады)
4-2 (тұрады)
-Математикалық жұмбақ шешейікші
Бес алманың үшеуін,
Досың сұрап алды.
Айтшы, сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?-
ІV.Жаңа сабақ.
-Балалар, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы туралы айтайық.
(оқушылардың жауаптары)
*ҚР -ның Мемлекеттік Елтаңбасында шаңырақ бейнеленген
*Шаңырақты айнала уықтар шаншылған .
*Уықтарды пырақтардың қанаты көркемдеп тұр.
*Елтаңбаның төменгі жағында «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу бар.
* Елтаңбаның жоғарғы жағында 5-жұлдыз орналасқан.
-Неге жұлдызды 5 жұлдыз дейді? Канеки, бұрыштарын санайық. (жұлдыздың бесбұрышы бар екеніне көз жеткіздік.)
-Балалар, әрқайсысыңның алдарында 5-тең үшбұрыштар жатыр. Канеки осы геометриялық фигуралардан 5 жұлдыз құрастырайық.
V.Оқулықпен жұмыс .
5 цифрының жазылуымен таныстыру.
№ 1 ауызша орындау.
«Кім зерек?» ойынын ойнайық,балалар.
№1 тапсырма
4+1= 5 2+3 =5
1+4 =5 3+2 =5
5-1 =4 5-2 =3
5-4 =1 5-3 =2
VІ.Сергіту сәті
Жалғыз саусақ тіпті де
Ұстай алмас жіпті де
Екі саусақ бірікті
Қолға ине ілікті
Үш саусағым оралды.
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен үш саусақ
Қала салсақ, жол салсақ .
Дәптермен жұмыс:
Баспа және жазба түрімен таныстыру.Ауада жаздыру. Дәптерге жаздыру.
5 5 5
4 + 1 = 5
VІІ.№2 «Үйге орналастыр» деген тапсырманы тақтаға шығып орындау.
«Көршіні тап » ойынды жүргізу.
VІІІ.Сабақтың қорытындысы: қорытынды түрінде №5-49 бет ауызша орындалады.