7


  • Учителю
  • Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысына есептер шығару.

Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысына есептер шығару.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<font face="Times New Roman, serif">Қалжат орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

















Сабақтың тақырыбы:

Арифметикалық прогрессияның алғашқы

n мүшесінің қосындысына есептер шығару.













Математика пәнінің мұғалімі: Абдужалилова Санабәрхан













Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысына есептер шығару.





2016ж

Күні: Пән: алгебра Сынып: 9 «а»





Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның алғашқы

n мүшесінің қосындысына есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысынан алған білімдерін бекіту, сол тақырыпты еркін меңгергендігін байқау.

Дамытушылық: Оқушылардың оқыған материалды қорытындылай, салыстыра білу дағдысын дамыту. Өз ойын, білімділік дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілетін- ойын элементі арқылы дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Ойын арқылы ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке және танымдық қызығушылық пен топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ /ойын элементтерін пайдалану/

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, топпен жұмыс,

Сабақтың көрнекілігі: таблица, үлестірмелі материалдар, сөзжұмбақ, кубик, бағалау парағы.

Сабақтың барысы:

1)Ұйымдастыру кезеңі: Ынтымақтастық атмосферасын құру, көңіл күйлерін көтеру, қызығушылықты арттыру мақсатында психологиялық тренинг өткізу.

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.









Сынып оқушыларын түстер бойынша 4 топқа бөлу.









Қарсы топтар бір-бірін бағалайды. Бағалау парағын бағалаушылар толтырады.

«Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанатын оты» В.Ф.Сухомлинский.

2/ Үй тапсырмасын тексеру: «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша

«СӨЗЖҰМБАҚ»-ты шешу «Арифметика»3. Бүтін сандар, оң және теріс бөлшектер қандай сандар жиыны деп аталады?

4. a2= an-1+an-2 (n≥3) тізбекті кімнің сандары деп атайды?

5.Қосуға қарсы таңба

6.Берілген шаманың бөлігі?

7.Мүшелерін нөмірлеп шығуға болатын шексіз сандар жиыны не деп аталады?

8. Арифметикалық прогрессияның мүшелері қосындысының формуласын алғаш грек оқымыстысы ....... дәлелдеген.

9.√4=?

10.Өспелі және кемімелі, өспейтін және кемімейтін тізбектер не деп аталады?

3/ Дамыту кезеңі: «Кім жылдам» ойыны арқылы әр топ карточкалармен жұмыс жасайды.а/ a1 =3 d=-3 S10=?



а/ a1 =-3 d=-2 S14=?

а/ a1=3 d=4 S20=?

а/ a1=-2 d=-4 S8=?

в/ a1=2 a4=11 S4=?

в/ a1=6 a6=26 S8=?

в/ a4=10 a7=19 S10=?

в/ a3=6 a5=10 S12=?

в/ d=0.5 S15=337.5 т/к a1=?

в/ d=5 S6=117

т/к a1=?

в/ d=3 S15=405 т/к a1=?

в/ d=2 S10=120 т/к a1=?





Сергіту сәті: Логикалық есептер:

1/ "Қу түлкі"

Шал балықты көп етіп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады. Қуанғанынан шал кемпіріме жаға болады деп, түлкіні шанаға салып, жүріп кетеді.

Жолда түлкі 1 минутта бір балықты тағы сол сияқты. Әр лақтырғанда алдыңғы лақтырғанынан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта ол барлық балықты лақтырады. Сонда түлкі барлығы неше балық лақтырған?

Жауабы: 1+2+4+8+16+32+64=127

2/ Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? (2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы - 6 адам) .

3/ Бір қариядан «Неше балаңыз бар?» деп сұрағанда, ол:«Ұл мен қызымның саны бірдей, әр ұлымның 3 қарындасы бар» деген екен.Сонда қарияда қанша баласы болды?(3 ұл, 3 қыз).

4/ «Ғажайып үштік» кубикты лактыру ойыны:

















1/ 10: a1= -23, a2=-20 табу керек S10 =?

2/ 20: a1=-17 , d =6 табу керек S11 =?

3/ 30 a1=2 , a3 =8 табу керек S8 =?

4/ 40 a5= 27 , а27 =6 0 табу керек S15 =?

5/50 а14=26. a2-a5=6 табу керек a1=?

6/ 60 а13=12. a4=6 табу керек a1=? d =? S15 =?

5/ Қорытындылау: «Қарға» лактыру ойыны:

Әр топ есептің бір алгоритмін шығарып келесі топқа лактырады, келесі топ бір алгоритмін шығарып келесі топқа лақтырады, ойын жалғасады, соңында бағалаушылар тексеріп бағалайды.

Бағалау: Әр топтағы бағалаушы, бағалау парағы бойынша өз ойын айтып бағалайды.

Кері байланыс: Бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын жазады.

Үйге тапсырма: №263-есеп, формула жаттау.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал