- Учителю
- 3-сыныпқа арналған ашық сабақ
3-сыныпқа арналған ашық сабақ
Пәні: Математика | Сыныбы: 3 «В» | Сабақ реті: 3 | Күні: 16.10.2015ж | ||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | 3-ке көбейту және бөлу кестесі | ||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | 3-ке көбейту және бөлу кестесін тану. Оны есептеуде қолдана білуге үйрену. 3-ке көбейту және бөлу кестесін жатқа меңгеру. 3 есе артық, 3 есе кем ұғымдарына қатысты есептер шығару. | ||||||||||||||
Міндеттері | Тақырып бойынша оқушы өз тапсырмасын дәлелдей алуы. Сын тұрғысынан ойлай білуі | ||||||||||||||
Сабақтың түрі: | Жаңа білімді меңгеру кезеңі | ||||||||||||||
Сабақтың әдісі: | Кубизм әдісі, ББҮ-стратегиясы, СТО стратегиялары, топтық, жұптық жұмыс. | ||||||||||||||
Сабақтың көрнекілігі мен жабдықталуы: | Қағаздар, маркерлер, кубик, доп, интербелсенді тақта, оқулық, көбейту кестесі. | ||||||||||||||
Күтілетін нәтіжелер: | Оқушылар 3-ке көбейту кестесін меңгереді. 3-ке көбейтуге және бөлуге берілген тапсырмаларды орындай алады. Топтық жұмыста өз пікірін айтуға дағдыланады. | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыс: | Әдебиеттік оқу, қазақ тілі | ||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||
1.Ұйымдастыру кезеңі. 1мин | Сыныппен сәлемдесу. Топқа бөліну (сары, қоңыр, қызыл жапырақтар арқылы). Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту. | ||||||||||||||
2. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі 5 мин | Өткен тақырыптармен байланыстырып, сұрақтар қойылады (Кубизм әдісі) Кубикте:
Деген сұрақтары болады. | ||||||||||||||
1-тапсырма 2-мин | «Жемістерді жинаймыз» ойыны Үш себетке жемістерді теңдей етіп бөліп салу керек. Балалар жемістерді неше себетке жинадық? 3 саны киелі сан екенін білесіңдер ме? Үш қуат: Төле, Қазбек, Әйтеке | ||||||||||||||
Жаңа сабақ 3-мин | Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бүгінгі өтетін тақырыбымыз: «3-ке көбейту және бөлу кестесі» №1) 3-ті көбейту кестесі қалай құрылғанын түсіну 3-ті көбейту кестесі және 3-ке көбейту кестесі, 3-ке бөлу кестесі көрсетіледі. | ||||||||||||||
Ойлау деңгейі | Мұғалімнің іс-әрекеті Мазмұны | Оқушының іс - әрекеті Тапсырмалар | |||||||||||||
2-тапсырма. 2 мин | 1-топ: 3-ті көбейтуге байланысты 2-топ: 3-ке көбейтуге байланысты 3-топ: 3-ке бөлуге байланысты тапсырмалар орындайды, түсіндіреді. | 3*8= 3*7= 3*6= 3*5=
8*3= 7*3= 9*3= 4*3=
15/3= 18/3= 21/3= 12/3= | |||||||||||||
3-тапсырма. 7 мин Жұптық жұмыс | Жұптық жұмыс: №2. Кестелерді толтыр
| Көбейткіш | 7 | 3 | 3 | 9 | |||||||||
Көбейткіш | 3 | 6 | 5 | 3 | |||||||||||
Көбейтіндінің мәні |
|
|
|
|
Бөлінгіш
9
15
6
24
Бөлгіш
3
5
3
3
Бөліндінің мәні
4-тапсырма. 10 мин
Топтық жұмыс
№4. Есептерді шығар.
1-топ: 3-сынып оқушыларының 45-і «Балдырған» журналына, 18-і «Мөлдір бұлақ» журналына, ал 2-сынып оқушыларының 16-сы «Балдырғанға», 34-і «Мөлдір бұлақ» журналына жазылды. Қай сыныптың оқушылары артық жазылды?
2-топ: Азық-түлік дүкенінде 32 кг алма және одан 21 кг кем жүзім және жүзімге қарағанда 12 кг артық алмұрт сатылды. Азық-түлік дүкенінде неше кг алмұрт сатылды?
3-топ: Тігінші 56 м жібек жұмсады, ол атласқа қарағанда 16 м кем. Тігінші барлығы неше м мата жұмсады?
3-сын Балдырған - 45
Мөлдір бұлақ - 18
2-сын. Балдырған - 16
Мөлдір бұлақ - 34
Қай сын.артық жазылды-?
Ш: 45+18=63 16+34=50
Ж: 3-сынып оқушылары артық жазылды
Алма - 32 кг
Жүзім - ? 21 кг кем
Алмұрт - ? 12 кг артық
Ш: 32-21=11 11+12=23
Ж: алмұрт - 23 кг
Жібек-56 м 16 м кем -? м
Атлас - ?
Ш: (56+16)+56=72+56=128
Ж:барлығы 128 м мата
Сергіту сәті 1 мин
АКТ
Би қимылын жасайды
4-тапсырма. 5 мин
Ойын «Кім шапшаң?»
Сұрақтар:
1.Әр көрпеге 3 өрнектен тігетін болса , 5 көрпеге неше өрнек тігуге болады?
2.Суретші 4 альбомға 12 сурет салды. Суретші бір альбомға неше сурет салды?
3. Айман 3 себетке 21 гүл жинады. 1 себетке неше гүл жинаған?
4.Кітап сөресінен 3 бала 8 кітаптан алды. Балалар сөреден неше кітап алған?
Ш: 3*5=15
Ж:15 өрнек
Ш: 12/3=4
Ж: 4 сурет салды
Ш: 21/3=7
Ж: бір себетте 7 гүл
Ш: 3*8=24
Ж: 24 кітап
5-тапсырма.
«Кел, ойнайық!»
4мин
Тақтаға 4 оқушы шығады 1-оқушы көбейткіш, 2-оқушы-көбейткіш, 3-оқушы-тең, 4-оқушы - көбейтіндінің мәні
1-топ: 3-ті көбейту: 3*6=18
Оқушылар енді кері айтады: 3*7=21
2-топ:3-ке көбейту: 4*3=12 5*3=15
3-топ: 3-ке бөлу: 9/3=3 12/3=4
8-тапсырма.
5 мин
Формативті, суммативті.
VII. Рефлексия.
1. Бүгін мен ... үйрендім.
2. Бүгін маған ... қызық болды.
3. Бүгін маған қиын болды.
4. Менің ... үйренгім келеді.
VIII. Үйге тапсырма: №3 65-бет
ББҮ-стратегиясы бойынша, оқушылар бүгінгі сабақта алған әсерлерін жапырақтарды ағашқа жапсырумен білдіреді.