- Учителю
 - Сабақ жоспары: Рационал сандарды көбейту 6-сынып
 
Сабақ жоспары: Рационал сандарды көбейту 6-сынып
 
Математика 6 сынып
 Сабақтың тақырыбы: «Рационал сандарды көбейту».
 Сабақтың мақсаты:
 Білімділік: Оқушылардың рационал сандарды көбейтуді білу туралы түсінік беру;
 Дамытушылық: Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауға дағдыландыру, пәнге деген қызығушылықты, математика тілінің мәдениетін дамыту;
 Тәрбиелілік. Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу;
 Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
 Әдісі: Түсіндіру, есептер шығару.
 Көрнекілігі. Үлестірмелі карточкалар, ребустар, карточкалар.
 Сабақтың барысы:
 І. Ұйымдастыру.
 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
 ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
 Екі көбейткіштің таңбалары әртүрлі: біреуі теріс, екіншісі оң болса, көбейткіштер теріс сан болады.
 (-) ∙ (+) = (-),
 (+) ∙ (-) = (-).
 Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі - модулі көбейткіштердің модульдерінің көбейтіндісіне тең теріс сан.
 (- а) ∙ в= - ав,
 а ∙ (- в) =- ав.
 Мысалы: 4∙ (- 15) = - 60.
 Екі көбейткіштің таңбалары бірдей болса, көбейткіштер оң сан болады.
 (-) ∙ (-) = (+),
 (+) ∙ (+) = (+).
 Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі - модулі көбейткіштердің модульдерінің көбейтіндісіне тең оң сан.
 (- а) ∙ (- в) = ав,
 Мысалы: (- 30) ∙ (- 3) = 90.
 Егер көбейткіштердің кемінде біреуі нөлге тең болса, онда көбейтінді де нөлге тең болады,: а∙ 0 = 0.
 Кез келген санды 1 - ге көбейткенде, көбейтінді сол санның өзіне тең болады.
 а∙ 1 = а.
 Мысалы: (- 2, 5) ∙ 1= - 2, 5
 Кез келген санды - 1 - ге көбейткенде, көбейтінді сол санға қарама - қарсы санға тең.
 а∙ (- 1) = - а,
 - а∙ (- 1) = а.
 Мысалы:
 7, 4 ∙ (- 1) = - 7, 4;
 - 9 ∙ (- 1) = 9.
 ІV. Рационал сандарды көбейтуге байланысты есептер шығару:
 № 520 (ауызша)
 - 3 ∙ (- 18) =54,
 - 2 ∙ (- 15) =30,
 - 30 ∙ (- 2) = 60,
 27∙ (- 2) = - 54,
 9 ∙ (- 7) = - 63,
 - 15 ∙ 4 = - 60.
 Деңгейлік тапсырмалар:
 «А»
 - 20 ∙ (- 4) =80,
 (- 15) ∙ 0 = 0,
 28∙ (- 2) = - 56,
 3 ∙ (- 25) = - 75,
 - 21 ∙ (- 4) = 84.
 «Б»
 22∙ (- 0, 3) = - 6, 6,
 (- 100) ∙ 0, 72 = - 72,
 - 88 ∙ 0, 1 = - 8, 8,
 - 3, 8 ∙ (- 3) = 11, 4,
 - 0, 4 ∙ (- 30) = 12.
 «С»
 - 1, 5 ∙ 0, 7 = - 1, 05,
 0, 6∙ (- 0, 5) = - 0, 3,
 7, 2 ∙ (- 25, 3) = - 182, 16,
 - 0, 7 ∙ 0, 64 = - 0, 448.
 Тапсырмаларды орындау:
 Сергіту сәті: «Ойлан тап».
 Қөбейтіндіні орындап, шыққан мәндерді өсу ретімен орналастырып тиісті әріптерді қойсақ мақалдың жасырылған сөзін анықтаймыз.
 1). - 3 ∙2 ═ - 6 (ы) --------- 5). 4 ∙4 ═ 16(ң)
 2). 4 ∙2 ═ 8(н) -------------- 6). - 3 ∙(- 5) ═ 15 (ы)
 3). 5 ∙2 ═ 10(н) ------------ 7). 4 ∙(- 5) ═ - 20(о)
 4). - 3 ∙4 ═ - 12 (с) -------- 8). 5 ∙(- 5) ═ - 25(Д)
 ... мың болғанына мақтан,
 Дұшпаның жалғыз болса да сақтан.
 Жауабы: Досыңның
 1. Көбейтіндіні орындап, көбейтінділері бірдей әріптердің орнын ауыстырсақ мақалдың жасырылған сөзі анықталады.
 1). - 2 ∙ 3 ═ - 6 (ң)
 2). - 10 ∙(- 3) ═ 30 (ы)
 3). - 3 ∙(- 2, 2) ═ 6, 6 (с)
 4). - 6 ∙(- 4) ═ 24 (д)
 5). 60 ∙(- 0, 1) ═ - 6 (д)
 6). 12 ∙ 2 ═ 24 (ы)
 7). 5 ∙ 6 ═ 30 (о)
 ... үш күн сынама, үш жыл сына.
 Жауабы: Досыңды
 Сабақты қорытындылау.
 Үйге тапсырма:
 Бағалау.