7


  • Учителю
  • ҚМЖ 5 сынып Тақрыб-Ондық бөлшекті натурал санға бөлу.

ҚМЖ 5 сынып Тақрыб-Ондық бөлшекті натурал санға бөлу.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

5 сынып. Сабақ жоспары №1.

Пәні: Математика

Сыныбы: 5

Мерзімі:


Тақырыбы: Ондық бөлшекті натурал санға бөлу.


Мақсаты:

Оқушыларға ондық бөлшекті натурал санға бөлу амалдарын меңгерту, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту

Міндеттері:

Өзара қарым-қатынас қалыптастыру,пікірлерін ашық айту. Аталған тақырып амалдары мен элементтерін оқып үйрену

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар ондық бөлшекті натурал санға бөлуді меңгереді, топпен жұмыс істеуге дағдыланады, есеп шығару арқылы білімдерін кеңейтеді.


Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар,

құралдар,

көрнекіліктер

Ұйымдастыру

кезеңдері

2 мин

Ынтымақтастық атмосферасына арнап оқушылардың бір-біріне тілек айтуы.

Оқушыларды топқа бөлу: қызылдар, сарылар, жасылдар.

Интерактивті әдіс.

Оқушылар бір-біріне тілек айтады.

Оқушылар топқа бөлінеді.

1-топ қызылдар ,

2-топ сарылар,

3-топ жасылдар.

Мақтау

Стикер

Үй тапсырмасын сұрау.


4 мин

№1101. Интерактивті тақтаға үй тапсырмасының дұрыс нұсқасы беріледі.

Оқушылар дұрыс нұсқамен өз шығарған есептерін салыстыру арқылы тексереді. Тексеру көрші топтар арқылы жүзеге асады.

Бірін бірі бағалау.

АКТ, бағалау парағы

Қызығушылықты ояту.

2 мин

«Ой шақыру» стратегиясын пайдалана отырып, өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты ашу.

Оқушылар сұрақтарға топ болып жауап береді.

Топтық бағалау. Бірін бірі бағалау.

АКТ

Жаңа сабақтың таныстырылымы


10 мин

Оқушыларға қазіргі өтілген тақырып туралы қысқаша мағлұмат беріледі.

Топтық жұмыс. Оқушыларға жаңа сабақ бойынша тапсырма беріледі.

Топпен келісе отырып бір-біріне берілген сұрақтар бойынша анықтама береді, өз ойларын тақтада қорғайды.

Топтық бағалау.

Бағалау парағы

Сергіту сәті

2 мин

«Би билейміз» атты сергіту биін интер.тақтада көрсету

Оқушылар интер.тақтадағы биге қарап, денелерін жаттықтырып билейді.


Интерактивті тақта.

Жаңа материалды қолдану.

16 мин

Есептер шығару: №1110 (ауызша).

№1111 - 1 топка, №1112 - 2 топка, №1113 - 3 топка.

Топпен жұмыс арқылы келісе отырып есептер шығарады, әр топ өз есептерін тақтаға жазып қорғайды, басқа топтағылар ол есептерді бағалай отырып дәптерге жазып алады.

Формативті.


Оқулық,

АКТ

Ой қорыту.

6мин

Инсерт әдісімен оқушылар бүгінгі өтілген тақырып

бойынша түсінгендерін, ойларын постерге түсіреді.

Топтар тапсырма түрінде орындайды.

Мақтау.

Мадақтау.

Постер

Бағалау.

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.

2 мин

Оқушыларға стикерлерді тарату, жаңа сабақ бойынша кері байланыс орнату.

Оқушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бүгінгі сабақты қалай қабылдағанын стикерге жазып, бағалау парағына іледі.

Жинақты бағалау

Стикерлер, бағалау парағы.

Үй тапсырмасын беру.

1мин

Үйге тапсырма № 1114, 1116.

Күнделікке жазып алу


Қорытынды :

Сабақта не сәтті,не сәтсіз өтті?

Сабақ өз деңгейінде сәтті өтті. Оқушылар жоспар бойынша «Ондық бөлшекті натурал санға бөлу» тақырыбын оқып үйренуі және оларды қолданып есептер шығаруы қажет болатын. Мұғалімнің бағыт-бағдар беруі бойынша жаңа әдіс- тәсілдерді, басқа да модульдердің элементтерін қолданып оқушылар тақырыпты толық игеріп, ойларын жинақтай алды.Есептер шығарды және сабақты қорытындылады.

Сабақ барысында кейбір оқушыларда әлі де ойларын ашық жеткізе алмау байқалып тұрды.Топпен жұмыс кезінде кейбір оқушылардың белсенділігі төмен, топ басшысына ғана сүйеніп отырғаны байқалды.

Алдағы уақытта белсенділігі төмен оқушылармен жұмыс жасау, көбірек көңіл бөлу қажет.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал