- Учителю
- 'Натурал сандардың 3-ке, 9- ға бөлінгіштік белгілері ' сабақ жоспары
'Натурал сандардың 3-ке, 9- ға бөлінгіштік белгілері ' сабақ жоспары
| Сабақ 57 | Мектеп Қант зауыты | |||
| Күні 13.10.2015 | Мұғалім есімі Тулегенова К.С | |||
| Сынып 5а | Қатысқандар саны | қатыспағандар саны | ||
| Тақырыбы: Натурал сандардың 3-ке, 9-ға бөлінгіштік белгілері. | ||||
| Сабақ негізделген оқу мақсаты | Натурал сандардың 3-ке, 9-ға бөлінгіштік белгілерімен танысады; Натурал сандардың 3-ке, 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолданып есептерді шығара білуге үйренеді. | |||
| Оқу нәтижелері | Барлық оқушылар
| |||
| Оқушылардың басым бөлігі
| ||||
| Кейбір оқушылар
| ||||
| Алдыңғы оқу | Көбейтіндінің, қосындының және айырманың бөлінгіштігі. Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері.Натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілері. | |||
| Жоспар | ||||
| Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар |
| ||
| Басталуы
| Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастастырылады. Оқу мақсаты мен міндеттерін бірлесе анықтау. «Алтын балыққа арналған аквариум» әдісін қолдана отырып өткен тақырыптарды қайталау. Үйге берілген есептердің орындалу дұрыстығы «Ынталандыру» әдісі бойынша тексеріледі.
| Бақылау, қадағалау, ынталандыру .
| ||
| Ортасы
| Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу. Сергіту 2,5,10 сандарын дене қимылымен көрсету. «Болжау» әдісі бойынша оқушылар тақырыпты өздігінен меңгереді. 1,2 топтар натурал сандардың 3-ке бөлінгіштік белгілерін, 3,4 топтар натурал сандардың, 9-ға бөлінгіштік белгілерін айтып, мысалдар келтіріп, қорғайды. 1-топ №627(1), 2- топ №627(2), 3- топ №628(1), 4-топ №628(2) тапсырмаларды орындап, бір-бірлерінің тапсырмаларын тексеріп, қателерін түзетіп толықтырады. Тапсырмаларды оқушылар топта кеңесе отырып орындайды. 629, 630 есептерді әркім өз бетімен шығарады. Есеп шығару барысында бағдаршам әдісін қолданады. «Жұптық» әдіспен тексеріледі.
| Бақылау, қадағалау. Ынталандыру арқылы бағаланады Топ бақылаушысы бақылайды Өзара бағалау | ||
| Аяқталуы
| Бағалау парағы нәтижесі бойынша сабаққа кері байланыс алу. Үйге тапсырма: №632, 642 есептерді шығару , §4,4оқу. | Бақылау, қадағалау, ынталандыру | ||
| Қосымша ақпарат
| ||||
| Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс құндылығы байланысы | ||
| Бақылау арқылы кеңес беру. Ой қозғау сұрақтарын қою | Ашық сұрақтар қою арқылы, қадағалау, бақылау арқылы білімдері тексеріледі. Ынталандыру арқылы бағаланады Топ бақылаушысы бақылайды | Күнделікті өмірмен байланыс | ||