7


  • Учителю
  • «Ондық бөлшектерді қосу және азайту» Ашық сабақ. 5 сынып

«Ондық бөлшектерді қосу және азайту» Ашық сабақ. 5 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы: «Ондық бөлшектерді қосу және азайту»


Сыныбы:5 «Ә»


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың ондық бөлшектерді қосу, азайту, салыстыру тақырыптары бойынша есептер шығару арқылы білімдерін пысықтап, тиянақтау.

Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ондық бөлшектерді қосу, азайту амалдары бойынша біліктіліктерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілік, еңбекқорлық, белсенділік, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, табиғатты қорғауға, аялай білуге баулу.

Сабақтың типі: қайталау, пысықтау сабағы.

Сабақтың түрі: ойын-сабақ

Сабақтың әдісі: ойын технологиясы, ақпараттық технология, сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі: слайд-презентация, есептер жазылған плакат, өзіндік жұмыс есептері жазылған карточкалар, плакат

Пәнаралық байланыс: информатика, тарих, жаратылыстану

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру. (топқа бөлу)

  2. Үй жұмысын тексеру

  3. Тарихқа шолу

  4. Жаңа мәлімет

  5. Тез есептейік

  6. Үлгерімі төмен оқушымен, дарынды оқушылармен жұмыс

  7. Оқулықпен жұмыс

  8. Кім қырағы?

  9. Сандарды салыстыр

  10. Сандарды өсу ретімен орналастыр

  11. Сергіту сәті

  12. Сабақты қорытындылау (Венн диаграммасы)

  13. Үйге тапсырма

  14. Бағалау

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру. Топқа бөлу. Сабақтың негізгі мақсаты мен жоспарымен, ойын шарттарымен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру. №989(1-6)

Тарихқа шолу.

Ондық бөлшектің бүтін бөлігін бөлшек бөлігінен үтірмен ажыратуды

Шотландия математигі Джон Непер (1550- 1617) және неміс аспан әлемін зерттеушісі И. Кеплер (1571 -1670) енгізген.

Ресейде Леонтий Филиппович

Магницкий 1703 жылы басылып шыққан өзінің "Арифметика" оқулығында ондық бөлшектер туралы баяндауды жалғастырды.

Жаңа мәлімет

Бес бүтін оннан екі

5,02

Т

5,2

К

5,002

П

Ноль бүтін мыңнан сегіз

0,008

О

0,08

Е

0,8

У

Үш бүтін мыңнан жиырма бес

3,25

Д

30,25

В

3,025

Л

Он алты бүтін жүзден бес

16,005

А

16,5

Е

16,05

И

Он сегіз бүтін жүзден сегіз

18,8

Ш

18,08

Б

18,008

В

Бес бүтін онмыңнан он бес

5,0015

Р

5,015

У

5,15

И

Отыз төрт бүтін мыңнан жүз бес

34,0105

В

34,105

И

34,15

М


Колибри әлемдегі ең кішкентай құс. Оның көлемі түкті арамен бірдей, ал салмағы 1,5 - 2 грамм.

Тез есептейік!


Үлгерімі төмен оқушымен, дарынды оқушымен жұмыс (карточка беру)

Раффлезия - әлемдегі ең үлкен гүл. Оның жапырағы да, сабағы да, тамыры да жоқ. Оның салмағы 4-6 кг болады. Ол орамжапыраққа ұқсас, ал ашылған күйінде диаметрі қанша метрге жететінін білгің келсе төмендегі есепті шығар.

Оқулықпен жұмыс №969 (1,2,3) №1001 (1,2,3)


Кім қырағы? (үтірлерді қойып шығу)

Сандарды салыстыр (ондық бөлшектерді салыстыру)

Сандарды өсу ретімен орналастыр

Сергіту сәті

Сабақты қорытындылау (Венн диаграммасы арқылы ондық бөлшектер мен жай бөлшектерді салыстыру)

Үйге тапсырма: №991,№992

Бағалау(жетондар арқылы)



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал