7


  • Учителю
  • Негізгі тригонометриялық тепе- теңдік

Негізгі тригонометриялық тепе- теңдік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ІІІ тарау Тригонометрия элементтері

№54-сабақ. Бұрыш пен доғаның градустық және радиандық өлшемдері

Пән: алгебра Сынып: 9 Күні: 11.01.2016жыл

Сабақтың тақырыбы: Бұрыштың градустық және радиандық өлшемдері

Сабақтың мақсаттары:

1.Білім берушілік: Бұрыштың радиандық өлшемін табуды, бұрыштың градустық және радиандық өлшемдерінің арасындағы қатынастарды есеп шығаруда қолдануын үйрету

2.Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту.

3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, ептілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ.



Сабқтың барысы:

1) І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

ә) Оқушылар тізімін тексеру

б) Сабақтың мақсатын нұсқау



ІІ Жаңа сабақ

Бұрыштың радиандық өлшемі деп бұрышты құрайтын шеңбер доғасының ұзындығының оның радиусына қатынасын айтады.



-шеңбер доғасының ұзындығы;

R-шеңбер радиусы;

-шеңбер доғасына сәйкес бұрыш

Анықтама. Ұзындығы шеңбер радиусының ұзындығына тең, доғаға сәйкес келетін центрлік бұрыш 1 радиандық бұрыш деп аталады.



ІІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:



Тақтада орындалатын тапсырмалар: №260, №261, №262

Орындарында орындалатын тапсырмалар: №263, №264, №265



Сабақты бекіту кезеңі:

  • Толық бұрыш жалпы түрде қалай беріледі?

  • Бұрыштың өлшемнің екі түрін де қолданудың қажеттілігі неде?

Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.



Үйге тапсырма: №269, №270, №271



Бағалау



№55-56 -сабақ. Кез келген бұрыштың тригонометриялық функциялары

Пән: алгебра

Сынып: 9

Күні: __________

Сабақтың тақырыбы: Кез келген бұрыштың тригонометриялық функциялары.

Сабақтың мақсаты:

1.Білім берушілік: Бұрыштың градустық және радиандық өлшемдері. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі мен котангенсі.

2.Дамытушылық: Координаталар жазықтығының ширектері

3.Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру, шыншылдыққа, жауапкершілікке, еңбек етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

ә) Оқушылар тізімін тексеру

б) Сабақтың мақсатын нұсқау

ІІ Жаңа сабақ

В нүктесінің ординатасының ОВ радиусқа қатынасы α бұрышының синусы д.а.

В нүктесінің абциссасының ОВ радиусқа қатынасы α бұрышының косинусы д.а.

В нүктесінің ординатасының абциссаға қатынасы α бұрышының тангенсі д.а.

В нүктесінің абциссасының ординатаға қатынасы α бұрышының котангенсі д.а.

sin, cos, tg, ctg



ІІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:

Тақтада орындалатын тапсырмалар: №274, №275, №278



Орындарында орындалатын тапсырмалар: №276



Сабақты бекіту кезеңі:

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі мен котангенсі.



Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.



Үйге тапсырма: § 17, №277, №280



Бағалау









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал