- Учителю
- 6 класс математика 'Рационал сандарды азайту'
6 класс математика 'Рационал сандарды азайту'
Сыныбы: 6 «А»
Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды азайту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Рационал сандарды азайта білуге үйрету;Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын таба білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Ой-өрісін кеңейту. Теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа, тез шешім қабылдай білуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: семантикалық карта, үлестірмелі кеспелер, мониторинг, білім пирамидасы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, топтастыру стратегиясы, сұрақ-жауап, СТО
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
-
Психологиялық дайындық «Махараджа» ертегісі
Үнді елінде Махараджа өзіне министр таңдайды. Ол былай деп жарлық салады. Кімде-кім қала қабырғасына дейін толы сүті бар құмыраны төбесіне қойып, төкпей толық әкелу керек дейді. Көптеген адам жүріп өтеді, бірақ жолда әр нәрсеге қарап, сүтті төгіп алады. Ал енді біреуі төкпей әкеледі. Жан-жақтағылар оған айқайлап қорқытып, әр нәрсеге алдандырады. Сонда да ол төкпей әкеледі. Сол кезде Махараджа: мен саған айқайлап, қорқытқандарды көрдім сен қалай төкпей әкелдің деп сұрайды? Жоқ мен тек сүтке қарадым, бар назарымды сүтке аудардым,-дейді әлгі адам. Ендеше барлығымыз бар ойымызды тек қана сабағымызға назар аударайық.
-
Үй тапсырмасын тексеру.
ІІ. «Білім пирамдасын» тұрғызу (балалар біз бүгін «Білім пирамидасын» тұрғызамыз, яғни құрылысшы рөлінде боламыз. Пирамиданы тұрғызбас бұрын алдымен құрылыс орнын тазалап алайық. Тазалық-денсаулық кепілі )
-
Құрылыс орнын тазалау. (Тақтаның бір бөлігін құрылыс алаңы деп алып, оған шашылып жатқан қоқыс ретінде түрлі-түсті қима қағаздар жапсырылады. Әр қағаздың астында сұрақтар жазылған. Сұрақтарға жауап беру арқылы құрылыс орнын тазалап алады.) 7 минут
-
Екі санның бөліндісі (қатынас)
-
Қарама-қарсы сандардың қосындысы (0-ге тең)
-
0-ден үлкен сан (оң сан)
-
Таңбалары әр түрлі сандардың қосындысы
-
Жиындардың түрлері. Мысал келтір
-
5-ке қарама-қарсы сан (-5)
-
Екі теріс санның қосындысы
-
Пропорция дегеніміз не? (екі қатынастың теңдігі)
-
Координаталық түзудің сол жағында қандай сандар орналасады? (теріс сан)
-
Іргетасын тұрғызу (мұнда жаңа сабақ түсіндіріледі.) (7 минут)
-
Бір саннан екінші санды азайту үшін, азайғышқа азайтқышқа қарама-қарсы санды қосу керек:
a-b=a+(-b) мысалы: 6-9=6+(-9)=-3
5-(-8)=5+8=13
-9-17=-9+(-17)=-26
-
Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек.
Мысалы: Егер А(-5) және В(9) болса, АВ кесіндісінің ұзындығы неге тең?
- 5 0 9
9-(-5)=9+5=14
-
Бірінші қабатты тұрғызу. Тақырыпқа сай есептер шығару (16 минут)
№519, №520
-
Екінші қабатты тұрғызу. Әзіл есеп, әрі сергіту сәтін жасаймыз (5 минут)
Күндердің бір күнінде барлық сандардың түрлері, яғни теріс сан, оң сан, қарама-қарсы сан, натурал сан, рационал сан орманды алқапта жиналып: Кімді хан етіп сайлаймыз - деп пікір таласты. Орталарында бір үлкен теріс сан болатын. Ол: барлығымыз сандар патшалығына барайық, кімде-кім бірінші жетсе, соны хан етіп сайлаймыз - деді. Бәрі бұл пікірге келісті. Сонымен барлығы алыс сапарға аттанды. Жолда оларға өзен кездесті. Ол айтты: мен тек координаталық түзудің бойында орналасатын сандарды ғана өткіземін деді. Сандардың жартысы жағада қалып, қалғандары әрі қарай сапарын жалғастырады. Алдарынан биік тау кез болды. Тау: менен тек нөлден үлкен сандар және ғана өте алады дейді. Кейбіреулері еш бөгелместен әрі қарай жылжыды. Ал кейбіреулері жағада қалып қойды. Бір уақытта олар терең құзға тап болды. Бұның үстінен үлкен көпір жүргізілген. Көпір айтты: менің үстімнен күнделікті өмірде санауда қолданылатын сандарды ғана өткіземін, - деді. Көпір үстінен тек бір сан өтіп патшалыққа жетті. Және осы сан хан болып сайланды. Хандыққа ие болған кім?
Т Н Қ Р О
Т Н Қ Р О
Н О
Н
-
Ең жоғарғы қабатты тұрғызу. Жұптық жұмыс (5 минут)
Семантикалық карта толтырады. Карта дұрыс толтырылса француз математигінің есімі шығады
14
-20
11
-16
-71
-1
-9+8
А
Ф
У
Ц
Я
Д
12 - (-2)
Е
О
Ы
П
Ч
Ъ
- 48 - 23
И
Ж
О
Р
К
Л
- 25 - (- 5)
Д
А
З
Э
Й
Р
-6-10
Л
Ш
Х
Р
В
Ы
18+(-7)
Р
Г
Т
Ю
Ь
С
Рене Декарт - 1637 жылы координаталық түзуді енгізіп, теріс және оң сандарға түсінік берген француз математигі.
IV. Үйге тапсырма.
V. Кері байланыс. Бүгінгі сабақты
3
2
1
VІ. Оқушылар білімін бағалау. Бағалау мониторингі.
Оқушылардың аты-жөні
Өзін-өзі бағалау
Көршісінің бағасы
Мұғалімнің бағасы
Қорытынды баға