- Учителю
- Ашық сабақ. Үшбұрыш және оның түрлері (7-8 сынып)
Ашық сабақ. Үшбұрыш және оның түрлері (7-8 сынып)
Геометрия пәнінен біріктірілген сыныптардағы сабақ жоспары
№2 Қазанбасы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Айсенова Назгуль Ахметжановна
Үшбұрыштар.
Сабақтың мақсаты:
1. Үшбұрыштың түрлері мен элементтерін білу
2. Алған теориялық білімін практикада қолдана білуі
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке және өзін-өзі басқаруға үйрету.
1.Ұшбұрыш турлері мен олардың түрлерін қайталау
2.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру,танымдық қабілеттерін дамыту.
3.Алған білімдерін өмірде қолдана білуге,
ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
«Сұрақ-жауап» әдісі, бағалау парағы, тірек-схема,семантикалық карта
Суреттер,кесте, таратпа қағаздар,жинақтамалар, интер тақта
Оқыту әдістері
Сұрақ-жауап, кестемен жұмыс, түсіндіру, салыстыру
«Ыстық орындық», «Кубизм»,сұрақ-жауап әдістері
Ұйымдастыру кезең.
а) бүгінгі күн жылдызы
ә) кезекшілік тізім
б) сабақтың тақырыбы мен мақсатын жеткізу
I.Кіріктірілген бөлім.
Бағдарлау-мотивациялық кезең.
Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыстар
-
Үй жұмысын тексеру.
Қайталауға арналған тапсырмаларды орындау:
-
Дәптерге:
-
Е және Д нүктелерін белгілендер;
-
Е және Д нүктелері арқылы түзу жүргізіндер;
-
Түзуді белгіленуімен жазыңдар.
-
- О нүктесінде қиылысатын АВ және СД түзулерін жүргізіп, толықтауыш сәулелерді жазыңдар.
-
О нүктесінде қиылысатын АВ және СД түзулері жазықтықты неше бөлікке бөледі?
-
ВОД бұрышы АОМ бұрышынан 2 есе артық, ал ДОМ бұрышы ВОД бұрышынан 300 -қа кіші. ВОN бұрышын табыңдар және суретте белгілеп көрсетіңдер.
а) 570 ә) 560 б) 420 с) 1140
-
Жауаптарын тексеру. Бағалау парағына белгілеу.
-
Үй жұмысын тексеру
-
«Трапеция және олардың қасиеттері»
Сұрақтарға жауап беру :
1. Трапецияға анықтама беру
* табандары
* бүйір қабырғалары
* тең бүйірлі трапеция
* тік бұрышты трапеция
* трапецияның орта сызығы
( тақтадағы суреттер бойынша көрсету).
-
Үйге берілген есепті тексеру
№ 91
Берілгені: трапеция
Табу керек: орта сызығы
Шешуі: Трапецияның орта сызығының қасиеті бойынша ,
Жауабы: 7,5 дм
Жаңа сабақ
Мұғалім түсіндірмесі
Д.Бруно :«Үшбұрыш жай фигураларға бөлінбейтін бірінші фигура (төртбұрыштың өз үшбұрыштарына бөлінеді), сондықтан шекарасы мен формасы бар кез келген заттың іргетасы үшбұрыш болады».
(Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіру барысында 8-сынып оқушысының көмегіне сүйене отырып 7-сынып оқушыларына түсіндіреді).
1.«Ыстық орындық» әдісі бойынша 8-сынып оқушылары тақтадағы суреттерді қолдана отырып, келесі сұрақтарға жауап береді (қосымша):
-Қандай фигура үшбұрыш деп аталады?
-Үшбұрыштың элементтерін ата
-Үшбұрыш бұрыштары бойынша қанша түрге бөлінеді? Оларды ата
-Үшбұрыштың медианасы, биіктігі, биссектрисасы дегеніміз не?
-Үшбұрыштың периметрі дегеніміз не?
-Үшбұрыштарды қабырғалары бойынша қанша түрге бөлуге болады?
-
Үшбұрыштар туралы тірек - схема бойынша сөйлеу (қосымша № 1).
ІІ. Сараланған бөлім
Операциялық-орындаушылық кезең:
1.Семантикалық картамен жұмыс (қосымша №2).
Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс.
-
Ауысша есеп.
-берілген суреттер бойынша бұрыштардың түрлерін атап беру:
-
Есептерді тақтада орындау.
№ 129
№ 130
№ 131
№132
Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары:
1.Есептер шығару /практикалық бекіту/.
№1
Тең қабырғалы үшбұрыштың бір қабырғасы 5см тең. Периметрін табыңыз.
№2
Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 7 см тең. Периметрі 25 см. Үшінші қабырғасын табыңыз.
№3
Тең бүйірлі үшбұрыш берілген. Бір қабырғасы 5 см тең. Бүйір қабырғасы 4 см ұзын. Периметрін табыңыз.
№4
Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 27 см тең. Үшбұрыштың әр қабырғаларын табыңыз.
Кіріктірілген бөлім:
Рефлексиялық-бағалау кезеңі:
Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары:
-
Өздік жұмыс
1.АВС жәнеДЕF үшбұрыштары тең: ДЕ=2 см, ЕF= 3 см,
ДF= 5 см,. АВС үшбұрышының қабырғаларын табыңдар.
2.АВС және ЕДК үшбұрыштары тең. В=600 ,
С=900 ,. ЕДК үшбұрышының бұрыштарын табыңдар.
3.АВС және МДК үшбұрыштары тең. АВ=3 см, ВС= 4 см, АС= 5 см. МДК үшбұрыштарының қабырғаларын табыңдар.
Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс:
-
Ауысша есеп
-Суретте неше ұшбұрыш бар? Атап шығындар.
-
Тақтада есептер шығару
№1
Тең бүйірлі үшбұрыш берілген. Бір қабырғасы 5 см тең. Бүйір қабырғасы 4 см ұзын. Периметрін табыңыз.
№2
Әр қабырғалы үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтары 3 см, 8 см және 4 см. Үшбұрыштың периметрін табыңыз.
Білімді бекіту үшін:
Кубизм әдісі
Салыстырыңыз: Берілген үшбұрыштарды
Зерттеңіз: Мына суретті бүктеу арқылы қандай фигураны алуға болады?
Суреттеңіз: Үшбұрыштың катеттерін, гипотенузасын көрсет
Бағалау бөлімі:
Оқушылар бағалау парақтарын толықтап тапсырады(қосымша).
Мұғалімнің қорытынды бағасы талданып, қойылады.
Рефлексия,
Кері байланыс:
Оқушылар сабақ туралы өз ойларын смайликтер арқылы білдіреді.
Үйге тапсырма: 49-51 бет оқу, №133.
Үйге тапсырма: ұшбұрыш туралы қайталау, қосымша есеп.