- Учителю
- 8 сынып 'екі айнымалысы бар теңсіздіктер'
8 сынып 'екі айнымалысы бар теңсіздіктер'
Пәні: алгебра
Сыныбы: 9 «а»
Мерзімі: 22.10.2014 жыл
Тақырыбы: Екі айнымалысы бар теңсіздіктер
Мақсаты: «Екі айнымалысы бар теңсіздік» дегеніміз не, «екі айнымалысы бар теңсіздіктің» шешімі деп нені айтатынын білу. Екі айнымалысы бар теңсіздікті шешуді үйрену. Екі айнымалысы бар теңсіздікті шешу алгоритмін есептер шығару кезінде қолдану дағдысының қалыптасуы. Оқушылардың математикалық функционалдық сауаттылығының дамуына жағдай жасау.
Міндеттері:
- екі айнымалысы бар теңсіздіктер анықтамасының нақты мағынасын түсіне білу;
- екі айнымалысы бар теңсіздіктер шешу алгоритмін есептер шығаруда қолдана алу;
- сыни тұрғыдан ойлау барысында, ойды жүйелеу;
- топпен еркін жұмыс жасауға қалыптасу;
- математикалық есептерді шешуде дұрыс қадамдарды жасау.
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау, оқытуды бағалау. Оқыту мен оқудағы ақпараттық технологияларды пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Стратегиялар: «Ыстық алақан», «Миға шабуыл, «Ой толғау», «Мен-Сен-Біз», «Бағдаршам», «Кубизм», «Блум таксономиясы», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Аквариум».
Сабақ кезеңдері Мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал тудыру. Оқушылармен ортаға шығып бір-біріне жақсы тілектер тілейді.
Топтастыру: теңдеулер, теңсіздіктер, функциялар, тригонометриялық формулалар жазылған қағаздар арқылы төрт топқа бөліну. Оқушылар ортаға шығып бір-біріне жақсы тілектер тілейді.
Оқушылар таратқан формулалар бойынша бірігіп 4 топқа бөлінеді. Тамаша!
Жарайсыңдар, Стикер, топ аттары жазылған қағаздар, ватман, маркер
Негізгі бөлім «Білу»
Оқулықпен, мәтінмен жұмыс істеу керектігін айтады. Таратпа материалдарды үлестіреді.
Әр топқа ресурстар таратылады.Оқушылар оқып өздері түсінік қалыптастырады. Бәрекелді!
Интерактивті тақтадағы презентация
«Түсіну» Жұппен, топпен ой бөлісуге бағыттайды. Оқып, білгендерімен жұпта, топта ой бөліседі. Маркерлер, плакаттар, оқулық
«Аквариум» Әр топтан екі оқушыдан ортаға шығарады, стратегияның шартын түсіндіреді. Оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергендіген білу, жаңа сабақтың мағынасын ашу үшін,сыни тұрғыдан ойлау барысында ойды жүйелеуге байланысты түрткі сұрақтар қою. Ортада төрт оқушы отырып, қалған төрт оқушы тақырып бойынша сұрақ қояды. Жауап беріп болған соң орындарымен ауысады. Жақсы! Кеспе қағаздар
«Кубизм» Алты жағына тапсырмалардың нөмірі жазылған текше арқылы тапсырмалар береді. Текшенің әр түрлі жақтарынан есептерді таңдайды. Өте жақсы, тамаша! Кубик, түрлі түсті стикерлер
«Қолдану» Постерге есептер шығару керектігін айтып, ынтымақтастықта бірлесе жұмыс істеуді тапсырады. Бірлесіп талқылау арқылы есептің ортақ шешімін табады. Жаңа сабақ бойынша алған білімдерін есептер шығару арқылы көрсетеді.
Керемет! Деңгейлік тапсырмалар, үлестірме материалдар
«Талдау» Әр топтан екі оқушыны шығарып қорғатады Постер қорғайды, есептерді қалай шығарғандарын бір-біріне түсіндіреді
Жақсы! Маркерлер, плакаттар
«Бағдаршам» Тақырыпты оқушылардың қалай түсінгендерін анықтайды. Жасыл, қызыл, сары түстерді көтеру арқылы өздерінің түсіну деңгейлерін көрсетеді.
Өте жақсы! Стикерлер, слайдтар
Сергіту сәті «Сананы оятатын сандар» тақырыбында сөзжұмбақ ұсынады Сөзжұмбақты шешеді. Оқушылар қозғалысқа түсу арқылы бойларын сергітеді. Жарайсың! Плакат, маркерлер
«Ойлан-ізден-тап» Ойлануға, елестетуге, байланыс орнатуға есептер береді.
Оқушылар есептерін шығарады.Талқылайды, қорғайды. Жарайсыңдар!
Жақсы
Керемет! Таратпа ресурстар
Қоры
тынды Бағалау Алдын ала дайындалған бағалау парақтарын топбасшыларына ұсынады. Бағдаршам түстері арқылы топаралық бағалау жүргізеді Топбасшылар бағалайды. Топаралық бағалау жүргізеді. Тамаша! Кеспе қағаздар, табличкалар
Үйге тапсырма
Мұғалім үйге тапсырмаға байланысты нұсқаулық береді. №105,106,107 есептерді шығару. Үй тапсырмасын жазып алады Жақсы! Слайд, оқулық
Рефлексия Кестені толтыру. Әр топтан қалаған 1 адам өз жазғанын оқиды.
Оқушылар кестені толтырып, мұғалімге жинап бермес бұрын, ниет білдірген оқушылардың талдауы тыңдалады. Жарайсыңдар! Стикерлер, суреттер