7


  • Учителю
  • Факультатив математикадан 5 сынып Ойнайық та, ойланайық

Факультатив математикадан 5 сынып Ойнайық та, ойланайық

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің № 2 Қазанбасы орта мектебі» ММ













«Ойнайық та, ойланайық»

математика пәнінен 5 сыныпқа арналған факультатив

Факультатив математикадан 5 сынып Ойнайық та, ойланайықФакультатив математикадан 5 сынып Ойнайық та, ойланайықФакультатив математикадан 5 сынып Ойнайық та, ойланайық





Бағыты: жаратылыстану- математикалық





Құрастырушы:

Баекенова Қарлығаш Утепбергеновна





2016жыл





«Ойнайық та, ойланайық»

Түсініктеме хат

(Факультатив 34 сағатқа берілген, 5- сыныпқа арналған)





Қазақстан Республикасы - инновациялық даму бағытындағы ел. Сондықтан елімізге білімді де, білікті азамат қажет екендігі айқын. Қазіргі замнауи кезеңде, үнемі өзеріс кезеңдерінде, оқушының бойында құзыреттілікті және алған білімін жан -жақты қолдана білуге үйрету. Яғни, өскелең ұрпақтың білімге деген құштарлығын дамыту. Соның ішінде ғылым патшасы математикаға деген ынтасын, қызығушылығын, танымын дамыту болып табылады.

Дамытудың инновациалық жолы жаңаша ойлауды, жоспар құруды қажет ететді. Оқушының бойында логикалық есептерді, математикалық фокустарды, ребус, жұмбақтардды шешу жолдарын қарастыру арқылы, өскелең ұрпақтың бойында жинақылық пен ойын жетік жеткізетін ұрпақ қалыптастыратынымыз айқын. Мектеп мұғалімінің басты мақсатты мен міндетінің бірі- оқушылардың өздігінен дамуы мен қызығушылығын туғызу. Осы мақсатқа жету үшін математикадан сабақтан тыс үйірмелер мен қосымша сабақтар қажеті туындайды.

«Әрбір бала -бір жұлдыз, өзіндік жеке тұлға. Сол тұлғаны қалай қалаптастырсаң, қалай жарқыратсаң ол сенің қолында. Сондықтан мүмкіндігінше, мұғалім әрбір оқушының жүрек кілтін тауып, аша білуі керек» - деп ұлғатты ұстаз Ыбрай Алтынсаринның сөзі осы күнге дейін өз өзектілігін жоғалтқан емес. Демек, сабаққа деген қызығушылығы нашар оқушының бойында пәнге деген қызығыушылын арттыру арқылы оның бойында «ұйықтап» жатқан қабілетті аша білу мұғалімнің шеберлігін көрсетеді.

Математика сабақтарында ауызша есептеу оқушының логикалық ойлауын дамытады, математикаға қызығушылығын арттырады, тыңдай білуге, байқағыштыққа, шапшаң есептеу дағдыларын қалыптастырады. Оқушының ойлау қабілетін дамытып, әрі пәнге деген қызығушылығын арттыратын жұмыс түрі логикалық ойын есептері. Қызығу танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші оқушының қызығу жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті мен дарыны ұшталады. Логикалық есептеулер оқушының ойын дамытады және математикаға деген қызығушылығын арттырады.

Мектеп бағдарламасындағы математика пәні бір оқушының бойында қызығушылық тудыр са, екінші бір оқушының бойында қиындық тудырады. Осы қиыншылықты қызығушылыққа айналдыру барысында осы факультативте келтірілген тақырыптар арқылы жеңіске жетуге болады.



















Мақсаты:

  • Оқушылардың бойында математикаға деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін арттыру.

  • Оқушының бойындағы жеке дара қабілетін ашуға көмекші болу, өзін - өзі тану.

  • Алған білімдерін өмірмен байланыстырумен қатар қолдануға үйрету.

  • Пәнді тереңдетіп оқыту бүгінгі күн талабына сай, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.

Міндеттер:

  • Математика пәнінен алған білімін дамыта оқыту.



  • Оқушының дүниетанымын қалыптастыруда математикалық есептеулер жолдарын, заңдылықтарын негіз ретінде қолдана білу.

  • Логикалық есептерді өз беттерімен құрастыруға жағдай жасау.

  • Математикадан дәстүрлі емес есептерді шешу жолдарын қарастыру





Күтілетін нәтиже:

  • Оқушының жеке тұлғалық қасиетін анықтау, оларды дамыту және жетілдіру, пән олимпиадасына дайындау, жоба жасау, өзіндік бағалау.

  • Танымдылық іс-әрекеті, тапқырлығы артады, пәнге деген қызығушылығы оянады.

  • Оқушының бойында оқу дағдылары дамиды, ізденеді, ойын жетік жеткізеді, тез есептеулер жасайды.

















































5 сыныпқа арналған «Ойланайық та, ойлайық» факултативтік курсына бағдарлама

Кіріспе:

  1. Цифрлар қалай пайда болды.

  2. Қызықты есептер

  3. Математикалық жұмбақтар

  4. Математика және поэзия

  5. «Ойланайық та, ойлайық» газет шығару

Логика

  1. Сандар тізбегі

  2. Сандар мен фигуралар арсындағы байланыс

  3. Шифрлар

  4. Әріпті амалдар

  5. Сандармен амалдар

Сиқырлы математика

  1. Кестелер

  2. Үлкен сандар

  3. Фигураларға байланысты операциялар

  4. Шексіздік және оның шектерінен тысқары

  5. Жай сан. Эратосфен елегі

  6. Пи саны

  7. Математикалық фокус

  8. Үшқабырғалы фигуралар

  9. Төртқабырғалы фигуралар

  10. Қызықты лабиринттер

  11. Жұмбақ фигуралар

















«Ойланайық та, ойнайық» тақырыпбы бойынша факультативтің күнтізбелік жоспары

(34 сағат)





Сабақ №__1___»

Сабақтың тақырыбы: Цифрлар қалай пайда болды.

Мақсаты: Цифрлардың шығу тарихымен таныстыру, тарихи мәліметтерге сүйене отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Жоспар

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Тақырып теориясы.

Адамдар ауызша есеп жүргізуді ерте үйренсе де, цифрлар кейіннен пайда болған. Алғашында таяқшалармен, т.б. заттармен санаған. Ғалымдардың болжауы бойынша алғашқы цифрлар Египетте осыдан 5,5 мың жыл бұрын пайдаланған. Ежелгі Вавилонда цифрлар кішкентай ай белгісімен (бірлік дөңгелектермен, ондықтар кейіннен сыналармен) белгіленген. Ежелгі кытайлар мен гректердің, римдіктердің өз цифрлары болған. Рим цифрлары әлі күнге дейін пайданылады. Біздің бабаларымыз XVIII ғасырға дейін қасына ерекше таңба қойып «Титло» цифрлары әріппен белгіленген. Қазіргі пайдаланып жүрген 1,2,3… т.б. цифрларды арабтар ойлап тауыпты, нөл Индияда пайда болған. Осыдан 6000жылдай бұрын Вавилондағы фермерлер сауданың есебін жүргізу үшін қыш жетондар жасай бастады. Олар заттарды белгілеу үшін түрлі символдарды пайдаланды.









































































Сабақ №_2__»

Сабақтың тақырыбы: Қызықты есептер.

Мақсаты: қызықты есептермен таныстыру және шешу жолдарын қарастыру.

Жоспар

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Тақырып теориясы.

Зейінге байланысты

1. Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар?



2. Екі адам төрт сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?



3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?



Қанша?



4. Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар?



5. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?



6.Үш метрлік 60 бөренені жарты млетрлік шөркелерге арамен бөлу керек. Қанша рет аралап кесу керек?



7. Бір айда бес жексенбі бола ала ма?



8. қандайда бір айдэың үш жексенбісі жұп күнднрге тура келді. Осы айдың 20-жұлдызы аптаның қай күні еді?













  1. Үй жұмысы: ақпарат құралдарынан қызықты есептер тауып келу

















Сабақ №_3_»

Сабақтың тақырыбы: Математикалық жұмбақтар.

Мақсаты: математикалық ребустар, жұмбақтардың шешу жолдарын қарастыру, өз бетімен құрастыруға бейімдеу.

Жоспар

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Тақырып теориясы.

Жұмбақ халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Жұмбақ негізінен оқушының бойында ой шапшаңдығын, зейін ұшқырлығын қажет етеді.

Қанша жаңғақ?

Жанқалтамда әуелі,

Он үш жаңғақ бар еді.

Науат пенен Маратқа,

Самат пенен Қанатқа,

Апасына Қанаттың

Екі-екіден тараттым,

Қанша жаңғақ қалғанын

Айта қойшы, ал, жаным? (Үш жаңғақ)

Қанша бала?

Бір топ бала тоғаннан,

Он бес балық ұстадық,

Бөліскенде олардан,

Тиді әркімге үш балық.

Айтындаршы, ал енді,

Бала саны қанша еді? ( бес бала)

Қанша кісі?

Атам, әжем, ағамменен

Әкем,інім және мен

Анам және енесі

Енесінің бөлесі

Отыр едік шай ішіп

Жеңгем кірді шай ішіп

Арқасында кіші інім

Саны қанша айта ғой

Үйдегі бар кісінің? (он кісі)





  1. Үй жұмысы: математикалық жұмбақтар туралы брошюра жасау

Сабақ №_____»

Сабақтың тақырыбы: Сандар тізбегі

Мақсаты: Сандар тізбегі жөнінде түсінік қалыптастыру, баланың бойында математикаға қызығушылығын артыру

Жоспар

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Тақырып теориясы

Сандар белгілі бір ретпен, заңдылықпен, тәртіппен орналасуын сандар тізбегі деп атайды. Сандар тізбегі белгілі бір санның қосылуы, азайтылуы, көбейтілуі, бөлуі сияқты амалдарман жүзеге асады.

Мысалдар қарастыру:

№1. Төменде берілген сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табығыз?

1 5 9 13 17 21 ?

Шешімі: Сандар белгілі бір заңдылықпен өсіп жатыр.

5-1=4

9-5=4

13-9=4

17-13=4

21-17=4

Тізбектегі әр келесі санға 4тің қосылуы арқылы шығып отыр. Олай болса ?= 21+4=25

Жауабы: 25

№2 Төменде берілген сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Тізбекке қарап AB ны табыңыз.

448 224 А 56 28 В 7 ?

Шешімі:





448 224 А 56 28 В 7 ?

Тізбектегі барлық сандар 2 есе кеміп жатыр. Онда, А-ның орнына 112 және В ның орнына сәйкесінше 14 болады.

  1. Практикум:

№1 Төменде берілген сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табыңыз?

5 11 17 23 29 35 ?

№ 2 Төменде берілген сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табыңыз?

1 4 9 16 25 36 ?

№3 Төменде берілген сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табығыз?

2 6 18 54 162 486 ?

№4 Төменде берілген сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Тізбекке қарап K+L+M ны табыңыз.

78 91 104 K 130 L M

№5 Төменде кестеде берілген сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Кестедегі боялған бөлікке сәйкес келетін сандарды табыңыз.

6





5



9







10

12













  1. Үй тапсырмасы: Сандар тізбегін құрау





Сабақ №_____»

Сабақтың тақырыбы: Сандар тізбегі

Мақсаты: Оқушының логикалық ойлауын дамыту

Жоспар

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Бекіту және нығайту

Оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру үшін мына тапсырмалар ұсынылады.

№1 . Төменде берілген сандар белгілі бір заңдылықпен жазылған. Тізбектердің ішіндегі бір сан сол заңдылықты бұзып тұр. Заңдылықты бұзып тұрған санды тауып, тізбектердің бос орындарын толтыр.

А) 4 8 14 16 20 24 28 ..... .........

В) 42 40 38 35 33 30 28 ....... .......

С) 6 10 14 20 22 26 30 ...... .......

D) 8 12 9 13 10 14 13 …… ……

№ 2 Төмендегі сандар тізбектердегі бос орындарға сәйкес келетін сандарды табыңыз.

А) 1 3 6 10 15 ..... ......... .......

В) 3 7 6 10 9 13 ....... ....... ........

С) 2 5 11 20 32 ...... ....... .........

D) 5 7 13 15 21 23 …… …… …….

E) 0 1 3 6 10 15 21 …… …….. …….

№3 Төменде берілгендердің «дұрыс» не «қате» (Д / Қ) екенін ажыратыңыз.

А) Сандар тізбегінде бірнеше заңдылық болуы мүмкін

B) 44, 41, 38, 35, 32, 29, 26, …… сандар тізбегіндегі

бос орынға 23 саны сәйкес келеді.

С) 34, 30, 26, 22, 18, 14, 10, …… сандар тізбегіндегі

бос орынға 4 саны сәйкес келеді.

№ 4 Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды жаз































№ 5

























  1. Сабақты қорытындылау

































Сабақ №_____»

Сабақтың тақырыбы: Сандар тізбегі

Мақсаты: Оқушының бойында математика пәніне деген қызығушылығын арттыру

Жоспар

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Бекіту және нығайту

Оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру үшін мына тест тапсырмалары ұсынылады.

№ 1-5 сұрақтарындағы сандардың тізбектері белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін сандарды жаз.





  1. 7 B) 12 C) 10 D) 13 E) 15

A)32 B) 26 C) 23 D) 22 E) 20

3.

A)27 B) 25 C) 23 D) 21 E) 15

4.





A)29 B) 9 C) 38 D) 34 E) 32

5.





A)404 B) 304 C) 414 D) 314 E) 344

III. Үй жұмысы. Сандар тізбегін рйластырып келу.









Сабақ №_____»

Сабақтың тақырыбы: Сандар мен фигуралар арасындағы байланыс

Мақсаты: Оқушының бойында математика пәніне деген қызығушылығын арттыру

Жоспар

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Жаңа тақырып:

Алғашқы екіфигура арасында қолданылатын заңдылықты пайдалану арқылы үшінші фигурадағы белгісіз сн табылады. Фигураның центріндегі сан фигураның шетіндегі сандарға амалдар қолдану арқылы шығады.

№ 1 Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табыңыз.





I II II





Шешімі:

I мен II фигурада қолданылатын заңдылықты III фигурада қолданып, белгісіз санды табамыз.

I фигурада (8+2+4+6) 4=5

II фигурада (16+4+8+12) 4=10

III фигурада (21+5+9+13) 4=12

Жауабы: 12

  1. Практикум.

№ 1. Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды жаз.

























№2. Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды жаз.

















№ 3 Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды жаз.

I II III









№ 4 Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды жаз.













№ 5 Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды жаз.





















  1. Сабақ қорытындысы.





Сабақ №_____»

Сабақтың тақырыбы: Сандар мен фигуралар арасындағы байланыс

Мақсаты: Оқушының бойында математика пәніне деген қызығушылығын арттыру

Жоспар

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Бекіту және нығайту

Тақырыпты бекіту арналған тапсырмаларды орындайды.

Тапсырма: Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін сандарды тап.

№1





















№ 2

















































№ 3. Әр бөліктің ішіндегі сандардың қосындысы тең болатындай етіп, төрт тік түзу қолданып, шаршыны тоғыз тең бөлікке бөліңіз.

816 6



12 144



179 18



3

112

15 7



413

516

№ 4. Мына суреттегі ақ торкөздерге «қосу» және «азайту» амалдарын қойып шығу керек. Бірақ көлденең және тік торкөздерден де есептің жауабы дұрыс шығуы керек.









































III сабақ қорытындысы





Сабақ №_____»

Сабақтың тақырыбы: Шифрлар

Мақсаты: Оқушыларды математикалық шифрларларды шешуге үйрету, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Жоспар

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Жаңа сабақ

Шифрлы есептер әріптермен, сандармен, фигуралалармен және символдармен келеді. Әріп пен сандарға байланысты шифрлар есептерде әрбір әріпке бір цифр сәйкес келеді.

№1 ҚАТАР сөзіне сәйкес келетін жауапты табыңыз.

МАСАҚ БАТЫЛ ҚАНАТ ҚАТАЛ МЫСАЛ

  1. 97872

  2. 36472

  3. 57862

  4. 97178

  5. 37479

Шешімі:

Әрбір әріпке бір цифр сәйкес келеді. Бағандар арқылы тапсақ, есеп оңай шығады.

МАСАҚ 97872

БАТЫЛ 36472

ҚАНАТ 57862

ҚАТАЛ 97178

МЫСАЛ 37479





Алғашқы бағанға қарасақ екі Қ, екі М және бір Б бар. Ал сандарда екі 9, екі 3 және бір 5 бар. Олай болса , ҚАТАЛ сөзі 97872 санына тең.

II практикум:

№ 1 ЕСКЕК сөзіне сәйкес келетін жацапты анықта.

ЕРМЕК ЕСКЕК СИРЕК КІЛЕМ СЕРІК

ЕСКЕК=?

  1. 43545

  2. 42145

  3. 57841

  4. 34275

  5. 36245

№ 2 ӨРІК сөзіне сәйкес келетін жацапты анықта.

ӨРІК ҮТІР ӨНЕР ТӨРЕ ТІКЕ

ӨРІК=?

  1. 1978

  2. 2578

  3. 9253

  4. 2435

  5. 9783

№ 3 Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін сөзді табыңыз.

  1. 5 4 3 5 2 5 А С Т А Н А

  2. 5 2 4 5 ?

  1. АТАН

  2. ТАНА

  3. АНАР

  4. АНСА

  5. САНА

№ 4 Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін сөзді табыңыз.

КӨКШЕТАУ +КӨКСЕРЕК = КӨКСЕТ

ҚҰЛПЫНАЙ + ҚЫЗҒАНЫШ= ?

  1. ҚЫЛПАН

  2. ҚЫЗҒАН

  3. ҚҰЛПЫР

  4. ҚҰЗҒЫН

  5. ҚҰРҒАН

Сабақ №_____»

Сабақтың тақырыбы: Шифрлар

Мақсаты: Оқушыларды математикалық шифрларларды шешуді тиянақтау алған білімдерін толықтыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Жоспар

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Бекіту

Оқушылар берілген шифрларды шешу долдарын қарастырады.

№ 1. КӨЛ сөзіне төмедегі сандардың қайсысы сәйкес келеді

























№ 2. AKS сөзіне төмедегі сандардың қайсысы сәйкес келеді

































№ 3. Берілген сандарды қолданып, төмендегі бос орынды толтырыңыз.

















































№ 4. Берілген сандардың арасына сәйкес амалдарды (қосу, азайту, көбейту, бөлу) нәтижесі 1000 ға тең болатындай етіп қойыңыз.

































  1. Сабақ қорытындысы









Сабақ №_____»

Сабақтың тақырыбы: Шифрлар

Мақсаты: Оқушыларды математикалық шифрларларды шешуді тиянақтау алған білімдерін толыққанды қолданады , логикалық ойлау қабілетін дамиды.

Жоспар

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Қорытындылау

Оқушылар берілген шифрларды шешу жолдарын қарастырады да, білімдерін бекітеді.

Тест

  1. АҒА сөзіне сәйкес келетін жауапты анықта.

ӘКЕ АНА АҒА ІНІ ӘЖЕ

  1. 747

  2. 238

  3. 151

  4. 141

  5. 298

  1. АҚЫ сөзіне сәйкес жауапты тап

АЙТ АЗУ АКТ АҚЫ АЛУ

  1. 435

  2. 467

  3. 415

  4. 427

  5. 489

  1. 2613 санына сәйкес келетін жауапты табыңдар.













  1. DBAC

  2. ACDB

  3. ABDC

  4. BDAC

  5. CBAD

  1. ӘЛЕМ сөзіне сәйкес келетін жауапты табыңыз

ӘЛЕМ ТЕСЕ МӘРЕ ӘСЕЛ МӘУЕ





  1. 4125

  2. 7565

  3. 1653

  4. 1354

  5. 4195

  1. Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін сөзді табыңыз.

ГЕОГРАФИЯ + ХИМИЯ = ГРАМИ

ГЕОМЕТРИЯ + ТАРИХ= ?

  1. ГЕОТР

  2. ГЕМЕТ

  3. ТАРТЕ

  4. МЕТРИ

  5. РАТРИ

  1. Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін сөзді табыңыз.

  1. 5 2 3 1 2 7 8 9 Ж А У Қ А З Ы Н

  2. 9 2 3 1 2 9 ?

  1. НАЗҚЫЗ

  2. НАУРЫЗ

  3. ЖАУҚАЗ

  4. НАУҚАН

  5. ҚАЗЫНА

  1. ЖАУЖҮРЕК сөзіне сәйкес келетін жауапты тап

АЗУ = 759

БҮК = 268

ЖЕР = 134

  1. 17961348

  2. 71967348

  3. 43646438

  4. 17916438

  5. 91794683





  1. Сабақ қорытындысы.





























Сабақ №_____»

Сабақтың тақырыбы: Әріптермен амалдар

Мақсаты: Оқушыларды математикалық түрлі логикалық есептердің шешу жолдарымен таныстыру

Жоспар

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Жаңа сабақ.

Әрбір әріп немесе фигура бір цифрға тең. Әріпті шифрлар сандардың қосылуы, азайтылуы, көбейтілуі және бөлуі түрінде келеді. Әр амалға өзіндік ережелерін қолдану арқылы шығарамыз. Бұл тәріздес есептер орнына цифр қою арқылы және сәйкес келмейтін цифрларды алып тастау арқылы шығарылады.

№1 Төмендегі әріптердің орнына сәйкес келетін цифрларды тауып, А+В ның мәнін табыңыз.

АА

АВ

+ ВА

ВВ

330

Шешуі

Төрт санның қосындысы 330 болцы үшін кем дегенде әр бір сан 70 жоғары сан болуы шарт. Олай болса , А мен В әріптерінің орнына сәйкес келетін цифрлар 7,8 және 9 ғана бола алады. Сандардың қосындысы 0 цифрымен бітуі үшін тек 7 мен 8 қолданамыз.

77

78

87

88

330

Олай болса, А+В = 7+8= 15

№ 2. Төмендегі әріптердің орнына сәйкес келетін цифрларды тауып, М мәнің табыңыз.









K KL

-L + LK

3 LM

M=?





Шешімі: Екі санның азайтындысы санның 3 болатын сандар (4 пен 1, 5 пен 2, 6 мен 3, 7 мен 4, 8 бен 5, 9 бен 6). Осы сандардың ішінен біздің есеп шартына сәйкес келетіні 5 пен 2.

5 52

- 2 + 25

3 77

Олай болса, М нің орнына сәйкес келетін сан 7 тең.

  1. Практикум

№ 1. Төмендегі әріптердің орнына сәйкес келетін цифрларды тауып, T+R дың мәнін тап.





KLM

  • MLK

TR4

№ 2. Төмендегі әріптердің орнына сәйкес келетін цифрларды тауып,

A + B+C ның мәнін тап.

AB

8C

194

+ 776

****

  1. Сабақ қорытындысы.













Қолданылған әдебиеттер

  • «Балдырған » жас-өспірімдерге арналған журнал

  • «Инфоурок» сайты

  • «Логика» кітабы мектепке қосымша құрал

  • «Бәрі де сандар туралы» Джонни Болл





















































































Рецензия

«Ойланайық та, ойнайық» атты математикадан 5сыныпқа арналған факультатив курсы математика пәніне қосымша құрал ретінде

30



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал