7


  • Учителю
  • Вне классная работа на тему 'Алтын какпа'

Вне классная работа на тему 'Алтын какпа'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Алтын қақпа

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін қалыптастыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу,

ұлтжандылыққа тәрбиелеу, математикаға деген қызығушылығын

арттыру, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Ой қозғау әдісі

Сабақтың түрі: Сайыс

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, қоңырау, карточкалар, шарлар


Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру

2. Сайыстың мақсаты мен міндеттері, жүрісі туралы түсіндіріледі.

1 - жүргізуші:

Уа халайық, халайық,

Бәріне жар салайық

Бүгінгі ойын төрінде

Математика елінде

Математика тілінде

Есеп шешіп жарысып

Жұмбақ шешіп жарысып

Шабыттасып шалқысып

Есеппен ән салысып

Көңілді ойын жасайық

Жұмбақ шеруін шашайық

Мұнда қызық табылар

Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар

2 - жүргізуші:

Бұл жерде танысасың Пифагормен,

Кемеңгер, ол - философ кезінде өткен.

Кездесесің дәл сондай тағыда бір,

Ғылымдармен жер жаһанға білім еккен.

1 - жүргізуші:

Біріміз - Күн, біріміз - Ай болайық.

Сайыстың атына сай болайық

«Іске сәт!»деп көпшілік бата берсе,

Бабалардың арманын қолға алайық.

Олай болса құрметті апайлар мен оқушылар, бүгінгі сайысымызды бастауға рұхсат етіңіздер.

Командалар өздерін таныстырсын:

Топ аты:«Жігіттер»

Топ ұраны: «Тек қана алға»

Топ аты: «Қызғалдақтар»

Топ ұраны «Әдептен озба, қатардан қалма»

2 - жүргізуші:

Екі командаға әр түрлі сұрақ қойылады, осы сұраққа жауап беру арқылы қазақта «той бастар»деген салт дәстүріміз бар, олай болса осы отырысымыздың өзі ең үлкен қуаныш деп, сайысымызды бастаймыз.

Олай болса бірінші «Жігіттер» тобынан бастайық

1. Шеңбер салуға арналған құрал? (циркуль)

2. Тікбұрышты үшбұрыштың тікбұрышына қарсы жатқан қабырғасы? (гипотенуза)

3. Үшбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы? (периметр)

4. Бір градуста неше минут бар? (60)

«Қызғалдақтар» тобына сұрақ

1. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)

2. Тікбұрышты үшбұрыштың 30 градусына қарсы жатқан катет? (гипотенузаның жартысына тең)

3. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы? (180)

4. Бір минутта неше секунд бар? (60)


1 - жүргізуші:

Сіздерді бұл ойынға шақырамыз,

Есеппен басыңызды қатырамыз,

Математика әлемін ұғындырып,

Аз да болса білімді толтырамыз.

2 - жүргізуші:

Қатысыңыздар, қолдаңыздар!

Ойыннан шет қалмаңыздар.

Ойнаңыздар, ойланыңыздар,

Жайбарақат болмаңыздар!

1 - жүргізуші:


Тас қақпаның сұрағы:

«Жігіттерге»

1. Санның кері санына кері сан неге тең?

( сол санның өзі)

2. Квадрат теңдеуді шешу формуласы қандай?

------------------------------------------------------------------------

3. Алғашқы есептеу құрылғысы қандай?

(саусақ)

«Қызғалдақ» тобына

1. Көбейтіндісі 1 - ге тең сандарды қалай атаймыз? (кері сандар)

2. Виет теоремасы.

3. Математикада координат жазықтығын тұңғыш қолданған кім?

1 - жүргізуші:

Күміс қақпа - біреулер үшін ырыс қақпа

2 - жүргізуші:

Біреулер үшін тыныш қақпа.

Күміс қақпа сұрағы:

«Жігіттер» тобына:

Бір кішкене қыз атасынан, сіз нешедесіз деп сұрады? Сонда атасы: «Менің жасымды алты есе кемітіп, 6 - ны азайтқанда, 6 - ға тең болады. Сонда атасы неше жаста болған.»

Жауабы 72

1 - жүргізуші:

« Қызғалдақтар» тобына:

Асқар ойлаған санын 2, 5 есе кемітіп, нәтижесінен 18, 25 санын азайтқанда 13, 95 саны шықты. Асқар қандай сан ойлады?

Жауабы: 80


2 - жүргізуші: « Өнер - ағып жатқан бұлақ,

Білім - жанып тұрған шырақ!»

Олай болса «Алтын қақпа» ойынының шарты математикалық мақалдар айтылады сол мақалды әрі қарай жалғастыру керек.


«Жігіттер» тобына:

1. Жеті жұрттың тілін біл,.. (жеті түрлі білім біл )

2. Бір жылы сөз... (көп күнге азық)

3. Дос егіз болса...(дұшпан сегіз)

4. Білекті бірді жығар...(білімді мыңды жығар)

5. Бір кісі қазған құдықтан...(мың кісі су ішеді)

6. Екі жақсы қас болмас....(Екі жаман дос болмас)

7. Білгенің бір тоғыз...( Білмегенің тоқсан тоғыз)


«Қызғалдақ» тобына:

1. Досыңды үш күн сынама...(үш жыл сына)

2. Бір елі ауызға...(екі елі қақпақ)

3. Жүз сомың болғанша...(жүз досың болсын)

4. Отыз тістен шыққан сөз....(отыз елге тарайды)

5. Жерді екі рет жыртқан...(өнімді екі есе алады)

6. Отыз күн оразаның...(бір күн айты бар)

8. Екі рет өлшеп...(бір рет кес)


1 - жүргізуші: Кезек жұмбаққа беріледі:

«Жігіттер» тобына

1. Бір үйде тұрады екен елу батыр

Үй сыртына сүйкенсе өліп жатыр.

(сіріңке)

2. Жеті жүз тесік

Жалғыз - ақ есік (Ау)

«Қызғалдақ» тобына

1. Алпыс кісі аяқтасты

Ерте тұрып таяқтасты

(Кірпік)

2. Қос құлақты жүз тісті

Жүзінен бірақ із түсті. (ара)

2 - жүргізуші: « Білекті бірді, білімді мыңды жығады»

Олай болса «Алтын сандық» сұрағы:

1. Геометрияда жаңалық ашқан үшін Зевс құдайына жүз өгіз сойып құрбан еткен кім? (Пифагор)

2. Үстелдің төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш қалады?

3. Алгебраның негізін салушы, орта Азия математигі және астрономы, « әл - Жебр әл Мүкабала» кітабының авторы кім? Ь т


1 - жүргізуші: Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады.

Кеш қызығын талай адам тыңдады.

Тәрбиелер тәлімі мол әсерді.

Болса егер көңілі жақын таңдады.

2 - жүргізуші: Көңіл бөліп бұл кешке.

Келгендерге көп рахмет,

Шын сезінген көрерменге,

Мың рахмет, мың рахмет! Олай болса осы кешті қорытындылау үшін сөз кезегі әділ қазыларға беріле





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал