- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Мәтінді есептерді теңдеулер көмегімен шығару.
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді есептерді теңдеулер көмегімен шығару.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Математика. 5-класс. мұғалім: Жумадильдин Сайлаубек Шортанбаевич.Үшсарт негізгі мектебі. 14.10.2014. 2014-2015 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы |
Мәтінді есептерді теңдеулер көмегімен шығару. | |||
Сілтеме |
Математика. 5-класс. А.Е.Әбілқасымова | |||
Жалпы мақсаты |
Оқушыларға есептерді теңдеулердің көмегімен шығара қабілеттерін шындап, бағыт - бағдар беру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту. | |||
Оқыту нәтижелері |
- Берілген тапсырмаларды жұпта, топта қабілеті жақсарту; - Оқушылардың өзін және бірін-бірі бағалауға дағдыландыру; -Тапсырмаларды орындауда есептер шығару біліктіктерін қалыптастыру; | |||
Түйінді идеялар |
| |||
Күтілетін нәтиже |
Мәтінді есептерді теңдеу көмегімен шығаруды меңгереді Есеп шығаруда қолдана алады Өзара топта бірлесіп жұмыс жасай алатын болады Мәтінді есептерді теңдеу көмегімен шығаруды өз бетінше қиындықсыз шеше біледі. | |||
Қажетті қүрал- жабдықтар |
Флипчарт, маркер, стикерлер | |||
Дерек көздері |
МИФ журналы | |||
Сабақтың барысы | ||||
Сабақ кезеңдері |
уақыт |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті
| |
кіріспе |
1 мин |
Сыныппен амандасу. Жағымды ахуал жасау
|
Оқушылар орындарынан тұрып отырады | |
Қызығушылықты ояту |
1 мин |
Оқушыларды ортаға шақыру |
Оқушылар бір-біріне жылы лебіз білдіреді | |
|
|
|
| |
Ұйымдастыру кезеңі |
2 мин |
Тақ және жұп сандар арқылы оқушыларды топқа бөлу. Орындықтың артын стикер жапсыру.
Адамның басшысы-ақыл,шолушысы-ой,жетекшісі-талап,қорғаушысы-сабыр,сынаушысы-халық, таусылмайтыны-арман, ең қымбаттысы-ар сақтау, бәрінен ардақтысы-өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі-сыйластық!" эпиграфпен бастайық және бүгінгі сабақта мен сіздерге тілерім Бір мен екі алмаңдар, Үшке алданып қалмаңдар. Кілең төрттік алғандар, Бесті ғана армандар. |
Өз тобы бойынша орындарына отырады
Стикер жапсырылған орындыққа отырған оқушы топ басшысы атанады. | |
Үй тапсырмасы
Миға шабылу |
10 мин |
Үйге берілген есептерді тексеру.
Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ-жауап |
Топтағы оқушылары бір-бірін тексереді Қойылған сұрақтар бойынша жауап береді | |
Сабақтың мақсатын қою |
1 мин |
Сабақтың мақсатын оқушылардан сұрау |
Осы тақырыптан алған білімімізді тиянақтау екенін айтады | |
Есептер шығару |
15мин |
Өз тобының саны бойынша есептер шығарады. Топпен оқулықтан есептер шығарады.Топта бір-бірін бағалайды | ||
Сергіту сәті |
2 мин |
«Қызыл өрік» әні мен кірпінің қимылын қайталау арқылы билеу Ноутбуктан видео көрсетіледі |
Оқушылар билейді | |
Топтастыру стратегиясы |
8 мин |
Топтарға флипчарт таратылады. |
Флипчартқа оқушылар өткен тақырып бойынша өз ойларын жазып тақтаға шығып қорғайды | |
Үй тапсырмасы |
1 мин |
Үй тапсырмасын күнделікке жазып алу. | ||
Бағалау |
1 мин |
Топ басшысын тыңдау. Күнделікке баға қою |
Өз бағасын тыңдайды Күнделікке баға қою | |
Рефлекция |
1 мин |
Нені меңгердік? Бүгінгі сабақымызды қалай бағалаймыз? Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың? Стикер тарату |
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып тақтаға жапсырады. |