7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: «Көпмүше» 7 класс

Сабақтың тақырыбы: «Көпмүше» 7 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


М.Жүнісов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

Сабақтың тақырыбы: «Көпмүше»

7 «а» сынып

(ашық сабақ)

Орындаған: математика пәнінің мүғалімі


Айткалиев Е.М.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін пысықтау, көпмүшенің анықтамасын, көпмүшеге амалдар қолдануды естеріне түсіру, теориялық білімдерін шыңдау, және есептер шығаруда іскерлікпен қолдана білуге үйрету;

Дамытушылық: Тиімді әдіс- тәсілдер арқылы оқушылардың ой- өрісін кеңейту , өздігінен жұмыс жасау, математикалық тілде өз ойларын нақты және дәл жеткізе білу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды адалдыққа, ұйымшылдыққа және тапсырмаларды деңгейлеп беру арқылы бәсекелестікпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Жоспар:

1. Ұйымдастыру

2. «Ой қозғау» (сұрақ - жауап)

3. Блиц-турнир(иә/жоқ)

4. Деңгейлік тапсырмалар орындау.

(кітаппен жұмыс)

5. Карточкамен жұмыс

6. «Ой сергіту» - сөзжұмбақ шешу

7. Бағалау

8. Үйге тапсырма

«Математика әлемді басқармайды, бірақ

әлемнің қалай басқарылатын көрсетеді».

Гёте- неміс философы , ақын


1. Көпмүше деп нені айтамыз?

Бірмүшелердің қосындысы көпмүше деп аталады.

2. Көпмүшенің ұқсас мүшелері деп нені айтамыз?


Бірдей немесе коэффициенттері ғана өзгеше бірмүшелерді ұқсас мүшелер деп атайды.


3. Көпмүшенің дәрежесі деп нені айтамыз?

Көп мүшенің дәрежесі деп оның құрамындағы бірмүше дәрежелерінің ең үлкенің айтады.

4. Көпмүшелерді қосу және азайту ережелерін айтыңдар


  • Егер жақшаның алдында «плюс» таңбасы болса, онда көпмүше мүшелерін өз таңбаларымен жазады.

  • Егер жақшаның алдында «минус» таңбасы болса, онда жақша ішіндегі мүшелерді қарама-қарсы таңбалармен жазады


5. Бірмүшені көпмүшеге көбейту ережесін айтыңдар


Бірмүшені көпмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосады.


6. Көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесін айтыңдар

Көмүшені көпмүшеге көбейту үшін бірінші көпмүшені әрбір мүшесін екінші көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосу керек.


3. Блиц-турнир(иә/жоқ)


1) (2х+1)(х+4)=2х2+8х+х+4 = 2х2+9х+4;

2) (3а-2)(2а-1) = 6а2-3а-4а+2 = 6а2+7а+2;

3) (5в-4с)(2в-2с)=10в2-10вс-8вс-8с2 10в2-18вс-8с2 ;

4) (х+m)(y + m)=xy+mx+my+m2 ;

4. Деңгейлік тапсырмалар орындау.

(кітаппен жұмыс)


№256 (А)

1) (х+m)(y+m)=


2) -(а+y)(-y-2) =


3) (2x-1)(2x+y)=


4) (5-a)(4 - a)=

№265 (в)

1) (4b2 +2а2 -4аb)(3ab +2а2 -3b3)=


3) (7 +3а2 -3a)(5 -2а -a2) =


5. Карточкамен жұмыс

ӨЗІНДІК БАҚЫЛАУ ҚАҒАЗЫ

1 НҰСҚА

Аты-жөні ___________________________________________________

1. Көпмүше деп бірмүшелердің ______________ айтылады. _____________ құрайтын бірмүшелер ____________________ деп аталады.

2. Көпмүшелердің мүшелері мен олардың коэффициенттерін жазыңдар: 3m5 + 6mn - 4n2 - n2m2.


Көпмүше мүшелері

Мүшенің коэффициенті


3. Көпмүшелердің алгебралық қосындысын табу үшін:

1) __________________ ашады

2) ________________________ келтіреді.

4. Ықшамдаңдар:

а) (6с3 + с2) + (-5с3 - 2с2) = _______________________;

б) (-3а2 - 9) - (7а2 + 2) = _________________________.

5. Бірмүшені көпмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшенің__________________ __________ көбейтіп, көбейтінділерді ___________________.

6. Көбейтуді орындаңдар:

а) а( b - 3c ) = ______________;

б) - 3m2( m3 - 2 ) = _____________________.

7. Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін ____________________________ ____________________________ көбейтіп, нәтижелерін ________________________.

8. Көбейтіндіні көпмүше түрінде жазыңдар:

а) ( 4a2 + b2)( 3a2 - b2) = _________________________________________________ ;

б) ( 2х + 3у)( 2х2 + 3ху - 4у2) = ___________________________________________.

9 .Жақшаның ішін толтырыңдар:

а) 12m3 - 9mn = 3m( ___________);

б) - 4ab + 8bc = -4b( ___________).

10. Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығарыңдар:

а) х( у + z ) + a( y + z ) = ( _______ )( ______ );

б) ( b - a ) - ( b - a)( b + a) = ____________________________________________.

ӨЗІНДІК БАҚЫЛАУ ҚАҒАЗЫ нұсқа 2

Аты-жөні ____________________________________________________

1. Көпмүше деп _________________ айтады. ________________ құралған бірмүшелер ____________________________ деп аталады.

2. Көпмүшелердің мүшелері мен олардың коэффициенттерін жазыңдар: 5m7 - 3m3n + 2n2 - nm.


Көпмүше мүшелері

Мүшенің коэффициенті


3. Көпмүшені көпмүшелердің қосындысы мен айырмасының көбейтіндісі түрінде жазғанда: 1) жақшалардың алдында «плюс» таңбасы қойылса ________________________________; 2) егер «минус» таңбасы қойылса, ___________________ _______________________________.

4.Көпмүшені екімүшелердің айырмасы түрінде жазыңдар:

а) у3 + 3у2 + 3у +9 = _______________________________________;

б) х2 -ху -2х+2у= ____________________________________.

5. Бірмүшені көпмүшеге көбейткенде __________________ ______________________: _______________________ көбейтіп, көбейтіндіні ___________________.

6. Көбейтуді орындаңдар:

а) k( 1 + 3k ) = _______________;

б) - 2x2( 5x + 9 ) = _____________________.

7. Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін ____________________________ көбейтіп, көбейтіндіні ______________________________керек.

8. Көбейтіндіні көпмүше түрінде жазыңдар:

а) ( 2х2 - у2 )( х2 + у2) = ______________________________________ ;

б) ( 3у - 4 )( у2 - 3у + 4 ) = ___________________________________.

9. Жақша ішін толтыр:

а) 15m3 - 6m2n = 3m2( ________ );

б) 8a2 - 12 аb = 4а( ________).

10. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңдар:

а) у( а - 1 ) + a( а - 1 ) = ( _______ )( _____ );

б) ( 1 - а )а2 + ( 1 - а ) = ( ______ )( _________ ).


6. «Ой сергіту» - сөзжұмбақ шешу



  1. Санның екінші дәрежесі қалай аталады?

  2. Математикалық амал

  3. Жақша алдында қандай таңба болса, жақша ішіндегі таңбалар өзгермейді.

  4. Сандардан, айнымалылардан және олардың дәрежелерін көбейту амалы арқылы құрастырылған өрнек

  5. Есеп шартын орындау

  6. Ұқсас мүшелерді біріктіру қандай түрлендіру болады




7.Бағалау

8. Үйге тапсырма


І - деңгей: есеп №256 (А), ІІ-деңгей: есеп № 268 (В), ІІІ-деңгей: есеп № 280 (С)




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал