- Учителю
- Сабақ жоспары 'Функцияның мәндер жиыны' 10-сынып
Сабақ жоспары 'Функцияның мәндер жиыны' 10-сынып
Cыныбы 10 |
| Бекітілді: | ||
Сабақтың тақырыбы | Функцияның мәндер жиыны | |||
Мақсаты | Функциялардың мәндер жиынын табу жолдарын үйрету | |||
Күтілетін нәтиже | А.Функциялардың түрлерін анықтай алады. В.Функциялардың мәндер жиынын табады. С.Тригонометриялық функциялардың мәндер жиынын , өзгеру облысын табуда ережеге сүйенеді. | |||
Керекті жабдықтар | Презентация, интернет материалдары, интеллект карта | |||
Сабақ барысы | ||||
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | ||
Кіріспе | 1. - оқушылармен амандасу; - сыныпты түгендеу; - кезекшілік қызметін қадағалау; - оқушылардың назарларын сабаққа аудару. 2. . Өткен материалды қайталау. Үй жұмысын тексеру | 1.-мұғаліммен сәлемдесу; - кезекшілік қызметін атқару; - сабаққа зер салу. 2. Үй жұмыстарын тексереді, дұрыс болған жағдайда әр есепке 1 баллдан береді. | ||
Тұсаукесер | Ой қозғау сұрақтары. Тәуелді айнымалының қабылдайтын барлық мәндерін қалай атаймыз? Тригонометриялық функциялардың мәндер жиынын атаңыздар | Сұрақтарға жауап береді. Сабақтың мақсат-міндеттерін алады. Синус,косинустың мәндер жиыны [-1;1] арасында екенін айтады. | ||
Негізгі бөлім | Функцияның өзгеру облысын есептеудің стандарт әдістері: I тәсіл. y =функциясының аргументі мен функцияның орындарын алмастырып x =яғни кері функция құрастырамыз. Берілген функцияның анықталу облысы (өзгеру облысы) кері функцияның өзгеру облысы (анықталу облысы) екендігін ескеріп, кері функцияның анықталу облысын анықтаймыз. II тәсіл. Берілген y =функциясының графигін тұрғызып, сызба бойынша функцияның өзгеру облысын анықтаймыз. Мысалы: а) y = x2-4x+3 функциясының мәндер жиынын табыңыз. M формулаларын қолданып, мұндағы (х 0 ; M) параболаның төбесінің координаталарын анықтаймыз.
Графиктен функцияның [-1; +) аралығында өзгеретіндігін көреміз. б) y = x2 - 4x + 3. х пен у - тің орнын алмастырып, х = y2 - 4y + 3 өрнегінен у - ті табамыз. у2 - 4у + 3 - х = 0. D = 16 - 4(3-x) = 16 - 12 + 4x = 4 + 4x D 0 болуы үшін х -1 шартының қажеттілігінен, функцияның мәндер облысы: [-1; +). в) = (sinx - cosx)2 функциясының өзгеру облысын табыңыз: 1) Берілген функцияны түрлендіреміз. = (sinx - cosx)2 = sin2x - 2sinxcosx + cos2x = = (sin2x + cos2x) - 2sinxcosx = 1-sin2x 2) -1 sinx 1 екендігі белгілі. Бұдан: -1 -sin2x 1 -1 +1 -sin2x +1 1 +1 0 1 -sin2x 2. 3) Жауабы: E(f) = [0; 2]. Есептер шығару | Функцияның мәндер жиынын табудың стандарт әдісімен танысады. Презентация арқылы тақырыпты түсініп алады. Жұптасып, топтасып есептерді шығарады. Тақтада «Брейнраитинг» әдісі арқылы шығарады.
| ||
Қорытынды | Сабақты басбармақ арқылы бағаласа, критерий арқылы өзара ,өзін -өзі бағалайды. «Ыстық орындық» әдісі арқылы қорытындылау. Стикерге функция жазылады. Қандай функция екенін табу керек. Үйге тапсырма. | Басбармақ арқылы сабақты бағалайды. Табыс критерий бойынша өзара бағалайды. | ||
Сабақтың талдауы |
| |||
Сабақ бойынша өзгертулер |
|