7


  • Учителю
  • Математика пәнінен үйірме жұмысын ұйымдастыру

Математика пәнінен үйірме жұмысын ұйымдастыру

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Математика пәнінен үйірме жұмысын ұйымдастыруМектепте математика пәнінен үйірме жұмысын ұйымдастыру



Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы,

Қ.Билялов атындағы гимназияның математика пәнінің мұғалімі

Бекбосынова Ардақ







Мектеп математикасы бағдарламасында көрсетілген білімдер мен дағдыларды оқушыларға меңгертумен математиканы оқытудың мақсаттары толық орындалады деп айтуға болмайды. Өйткені, математиканы сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта-ықыласын көтеріп, олардың бұл пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек.

Пәндік үйірме сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрі. Нақты ғылымдардың бірі математика болса, бұл пәнді жете ұғындыру қажет-ақ. Математикалық үйірменің оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырумен қатар, математикалық ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзіндік жұмыс жасау қабілеттілігін жоғарылатуға математикалық білімінің сапалылығына ықпалы зор.

Математика пәнінен үйірмені ұйымдастыруға мектеп мұғалімдеріне көмек болар деген үмітпен үйірме жоспары мен үйірменің кейбір сабақтарының тапсырма үлгісін, сабақты ұйымдастыру тәсілдерін ұсынып отырмын.

«Жас математик» үйірмесінің жоспары:

Үйірменің мақсаты: Оқушыларды математика ғылымына негіз болатын білімдер жүйесімен қаруландыру және алған білімдерін практикада қолдана білудің іскерліктері мен дағдысын қалыптастыру.Әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау. Оқушылардың сауаттылығын есептер шығару барысында қалыптастыру, оқушылардың математикаға деген ынта-ықыласының тұрақты болуын қамтамасыз ету.Р/с

Мазмұны

Сағат саны

Ертедегі математикалық әңгімелер/баяндама/

1

    Математикалық ребустар шешу

    2

      Эйлер дөңгелектері. Жиындар

      2

        "Цифрлар қашып кетті" типтес есептерді шешу

        2

          Шырпымен шығарылатын есептер

          1

            Халық есептерін шешу

            2

              Математикалық ойындар "Теңіз шайқасы"

              2

                Судоку әзірлеу. Судоку шешу.

                2

                  Қызықты жаттығулар әлемінде

                  2

                    Қорытынды сабақ "Математика - қызық әлемі"

                    1

                    Үйірме сабақтары негізінен үш бөлімнен тұрады: баяндама, қысқа хабарлар, логикалық және ойын есептері. Баяндама қысқа әрі нұсқа болуы керек. Оқушы үйірмеде баяндама конспектісіне қарамай, мазмұны жайлы тыңдарманға толық түсінік беру керек.

                    Қысқа хабарлар негізінен математиканың әр түрлі қызықты тарауларынан алынады. Ол ұлы математиктердің өмірі, әйгілі теоремалардың шығу тарихы тағы да басқа қызықты оқиғалар болуы мүмкін. Кейде шығарылатын логикалық қызықты есептер тарихынан да қысқа хабарлар дайындауға болады.

                    Үйірме сабақтарында оқушыларды қызықтыратын логикалық есептер шығарудың білімдік те, тәрбиелік те маңызы зор екені баршаға мәлім. Өйткені есеп шығару барысында оқушылар математикалық ұғымдарды меңгереді, ойлау қабілеті дамиды. Өз пікірлерін логикалық жолмен дәлелдей білуге, алған білімдері бойынша тиісті қорытындылар жасауға, өздері игерген есеп шығару дағдыларын іс жүзінде қолдана білуге жаттығады.

                    Үйірменің алғашқы сабағы. Әдетте үйірме мүшелерінің саны 10-15 адамнан аспайды. Талапкерлер көбейген жағдайда оқушылар жас ерекшелігіне не дайындық дәрежесіне қарай секцияға бөлінгені дұрыс. Үйірме жұмысына үлгерімі төмен оқушыларды тартудың да пайдасы мол. Тек олардың дайындық дәрежесіне қарай тапсырма беріп, қолдап отыру керек. Алғашқы күні оқушыларға математикалық үйірме, оның маңызы жайлы айтып өтуге болады. Сонымен бірге осы күні үйірме мүшелерімен, жылдық жоспары таныстырылады. Алдағы атқарар жұмыстарға байланысты редколлегия мүшелері сайланады.

                    Математикалық ребустар: Цифрлары әріптермен, әр түрлі цифрлары әр түрлі әріптермен, бірдейлері бірдей әріптермен ауыстырылған арифметикалық теңдіктің жазылуының мағынасын ашу керек болатын есептер. Алғашқы теңдік дұрыс және әдеттегі арифметикалық ережелер бойынша жазылған деп есептеледі. Дербес жағдайда, сан жазылуындағы сол жақтағы бірінші цифр 0 болмайды; ондық санақ жүйесі пайдаланылады.

                    Үйірме сабағында төмендегідей математикалық ребус ұсынуға болады:

                    1) ТОН:ОН=5, мұндағы ОН - кез келген өзара тең емес екі цифр. Шешуі: Шарттан шығатыны ТОН=ОН*5 (*-көбейту), яғни Т*100+ОН=ОН*5, бұдан Т*100=ОН*4 және Т*25=ОН. ОН екі таңбалы сан болғандықтан, Т тек 1,2 немесе 3-ке тең болуы мүмкін. Т-ның әрбір мәніне белгілі бір шешім сәйкес келеді: Егер Т=1 болса, онда ОН=25, түрлі әріптерге түрлі цифрлар сәкес келеді, О=2, Н=5, егер Т=2 болса, онда Н=50, егер Т=3 болса, онда ОН=75. Яғни ТОН сөзіне үш тәсіл сәйкес келеді, олар 125, 250,375.

                    2) ХАХАХ*ХИ=ХИХИХИ

                    3) ТАЛ*ТАЛ=КӨКТАЛ

                    Қызықты жаттығулар әлемінде: Үйірме сабақтарында қызықты баяндамалар, хабарламалар оқумен қатар әр түрлі мазмұндағы логикалық әрі қызықты есептерді ұсынудың маңызы зор. Ондай қызықты есептер төменгі сынып оқушыларының математикаға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ойлау қабілетін, математикалық тілін дамытады. Нақтылыққа, жауапкершілікке, тез шешім қабылдауға тәрбиелейді.

                    1. Жасы жүзге келген бір қария өмір бойы өзінің туған күнін тек 25 рет қана атап өткен екен. Себебін анықтаңыздар.

                    Жауабы: Қарт 29-ақпанда туған.

                    1. Бір қорада тауықтар мен қояндар бар, олардың бастарының саны 19, ал аяқтарының саны 40. Сонда қорада неше тауық, неше қоян болған?

                    Жауабы: 1 қоян, 18 тауық.

                    1. Өзенге 3 турист келді. Жағада екі кісілік бір қайық тұр. Одан басқа арғы жағаға өтетін еш нәрсе жоқ. Туристер осы қайықпен жүр рейс жасап өзеннен өтті. Олар неше рейс жасады?

                    Жауабы: Егер туристер бір жағаға келсе, онда қарсы жағаға жұп рейс жасап өту мүмкін емес. Онда туристер өзеннің қарама−қарсы жағына келген, екеуі бір бетіне, ал үшіншісі келесі бетіне. Бұл жағдайда өзеннен екі рейс жасап өтуге болады.

                    1. Қатарынан 25 бес цифрларын жазып: 55555....5. Кейбір цифрлардың арасына арифметикалық амалдарды қойып, нәтижесінде 2006 санын шығар.

                    Жауабы: 555+555+555+55 +55 +55 +55 +55 +55+5+5+5:5

                    1. Қатарынан 11 тоғыз цифры жазылған. Олардың арасына арифметикалық амалдарды қойып, 2005-ті шығар.

                    Жауабы: 999+999+9-9:9-9:9

                    Халық есептерін шығару: Оқушылармен математикалық есептермен қатар практикалық мазмұндағы есептер шығарып отырудың өзі олардың ақыл-ойының дамуына, білім аясының кеңеюіне әкеледі. Халық есептерін шығару арқылы оқушылар математиканың қаншалықты өмірмен тығыз байланысты екенін көреді. Сонымен қатар осындай танымдық есептер оларды патриоттыққа тәрбиелейді. Яғни халық есептерінің білімдік маңызы мен тәрбиелік маңызы да зор.

                    Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру үшін осындай халық есептерін ертегі түрінде сахналық қойылым етіп қоюға да болады. Осындай есептерді көптеп шығартып отырудың өзі олардың қызығушылығын туғызатыны сөзсіз.

                    Есептер

                    1) Қап-қап бидай

                    Егін бітік болып, қырманы қызылға толған диқан барлық бидайын есік алдындағы тақырға түсіріп алады да, оның біразын екі ұраға тең көмуді ойлайды. Диқан бірінен-бірі бір пұт артық сиятын үш қап дайындайды, оның ең кішісін қызына, ортаншы қапты ұлына береді. Өзі үлкен қапты алады. Сөйтіп үшеуі бидайды ұраға құюға кіріседі. Өзара бәсекеге түскен үшеуі бірінен-бірі қалыспай, өз ұрасына қапшығымен он реттен астық тасығанда ұра да толады. Бұлардың әрқайсысының қабы неше пұттық? Қай ұраға қанша астық құйылған және әркім қанша пұт астықты тасып төккен?

                    Шешуі: Пұт у+1-қыздың тасыған қабының саны, у+2-ұлдың тасыған қабының саны, у+3-әкесінің тасыған қабының саны.

                    Теңдеу құрсақ: 10(y+1)+10(y+2)=10(y+3)

                    y+1+y+2=y+3

                    2y+3=y+3

                    2y-y=0

                    y=0.

                    Жауабы: ұлдың қабы екі пұттық, қыздыкі бір пұттық, бірінші ұраға 30 пұт, екінші ұраға да 30 пұт астық төгілген.

                    Үйірменің қорытынды сабағы: Егер жүйелі қорытындылау жасалмаса, оқушылардың саналарында үйірмелік сабақтардан бір нәрсе қалатыны шамалы. Бірақ оны қалай жасауға болады? Кейбір мүмкіндіктерді көрсетейік.

                    1) Оқушыларға үйірме отырыстарында ұқыпты жазбалар жүргізу ұсынылады.

                    2) Үйірмеде қарастырылған материалдар үйірменің журналында белгіленіп сақталады. Үйірменің мүшелеріне әрқашанда журналды алуға болады.

                    3) Үйірмеде бұрын қарастырылған (соның ішінде өткен жылдағы) тақырыптар бойынша, тапсырмалар (сондай-ақ, ойындар) ұсынылады.

                    4) Мұғалім сабақта, сонымен қатар үйірмеде алынған білімдерін үй және бақылау жұмыстарын орындағанда пайдаланғаны үшін үйірменің мүшелерін көтермелейді.

                    5) Бір жылда қарастырылған материалды бекітуге үйірменің соңғы отырысы арналады. Бұл отырыс қорытынды отырыс ретінде өтуі керек. Мұндай отырыс үшін маңыздысы, жетекшінің өткен жылға байланысты үйірме жұмысы туралы әңгіме жүргізу. Оқу жылында қандай аса маңызды сұрақтар қарастырылды? Жыл ішінде үйірменің мүшелері неге үйренді? Қандай пайдалы әдеттерге үйренді? Қандай жаңалықтарды білді? Осы отырыста үйірме мүшелері жыл бойы қарастырған материал бойынша есептер шешеді. Қорытынды отырыстың маңызды бөлігі «көңілді» математикаға (софизмдер, фокустар, логикалық есептер, математикалық иллюзиялар және т.б.) арналуы мүмкін.



                     
                     
                    X

                    Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

                    После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

                    Кнопки рекомендации:

                    загрузить материал