- Учителю
- Сабақ у=ах2 функциясы (7 сынып)
Сабақ у=ах2 функциясы (7 сынып)
Сынып: 7
Мерзімі: 08.10.2015
Сабақтың тақырыбы: у=ах2 функциясы
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: у=ах2 функциясы және оның графигі, қасиеттері туралы білімдерін меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу, білімін практикамен ұштастыру, график сала білу
дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: жүйелі түрде жұмыс істеуге, өз ойын дәл, тиянақты айта білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже:
-
У=ах2 функциясының қасиеттерін біледі.
-
Функцияның графигін сала алады.
-
Функцияның қасиеттерін практикада пайдалана біледі.
-
Өздігінен, жұппен, топпен жұмыс істей біледі.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ЖИГСО әдісі, сұрақ-жауап, жұптық әңгіме
Оқыту формасы: жеке, жұптық, топтық
Дереккөз: тірек сызба, маркер, стикер, бағалау парағы, интербелсенді тақта
уақыт
Мұғалімнің әрекеті:
Оқушының әрекеті:
Әдіс-тәсілдер
Бағалау
Ұйымдастыру
кезеңі
1 минут
Оқушылардың назарын сабаққа аударамын, психологиялық ахуал жасаймын. Рольдерді бөлемін: Басшы, хатшы, баяндамашы
Топқа бөлініп отырады. Бір- біріне қарап күлімсірейді.
Ой қозғау стратегиясы:
Білу
Түсіну
Қолдану
Талдау
Жинақтау
Бағалау
3 минут
12 минут
3 минут
10 минут
5 минут
6 минут
2 минут
1 минут
2 минут
1.а) Функция деген не? ә) Сіздер қандай функциямен таныссыздар, графигі қандай сызық? б)Интербелсенді тақтада жазылған функцияларды (у = кх +b; у=ах2 у = кх ) атаңдар ?
2. Оқулықпен жұмыс. у=ах2 функциясы тақырыбы бойынша мәтінмен жұмыс жасаңдар.
3.Оқулықпен жұмыс (ауызша)
1,3 топ- №61,
2,4 топ- №62
4. №63 (жазбаша)
1-топ ( 1)
2 топ (2)
3 топ (1) 4 топ (2)
5.Тапсырма:
Координаталық жазықтықта параболаның орналасу жағдайларын анықта.
6.Шығармашылық тапсырма: Қоршаған ортада кездесетін парабола.
1 топ: Табиғатта
2 топ Құрылыста
3 топ Тұрмыста
4 топ Медицинада
7.Әр кезеңді формативті бағалайды, белсенді, білімді оқушыларды, топтарды мадақтайды, барлық оқушыларға бүгінгі сабақтары үшін рахмет айтады.
Кері байланыс:
Не білдім? Нені білгім келеді?
8.Үйге тапсырма: №68
Өтілген тақырып бойынша 5 сұрақтан дайындау.
1.а)Топ ішінде талқылап, әр топтан бір оқушыдан жауап береді.
ә) Сызықтық функция, графигі түзу сызық.
б) у = кх +b; у = кх
Әр оқушы жеке, жұппен, топ ішінде мәтінді оқиды. Тақырыпты меңгеруде функцияның графигін, қасиеттерін тұжырымдап, постер салады.
Топтар бір бірін толықтырып, қорытынды жасайды. (а=1, а>1,а<0, 0<а<1)
Әр топ жауаптарын қағазға жазып, көтереді.
Координаталық жазықтықта графиктер сызыды.
Топ жетекшілері бағалау парақтарын мұғалімге әкеліп береді
Стикерге жазады.
Топ басшылары бағалайды, бағалау парақтарын мұғалімге тапсырады.
Сұрақ-жауап
ЖИГСО әдісі
Жұппен, топпен жұмыс
Жұппен, топпен жұмыс
Жұппен, топпен жұмыс
Стикерлер галереясы
«Бас бармақ»
«Қолпаштау»
«Бағдаршам»
Дәптер алмасып, бір- бірін бағалайды,
«+» «-»
«Мадақтау»
«Бес бармақ»
Бағалау парағы:
Ой қозғау стратегиясы
1 ұпай
Жаңа білімді меңгеру
5 ұпай
Ауызша есеп №61, 62
2 ұпай
№63
Жазбаша
5 ұпай
Күрделі тапсырма
6 ұпай
Шығармашылық тапсырма:
7 ұпай
Барлық ұпай
Баға
Бағалау критериі: 13-14 ұпай - «3»
15-21 ұпай - « 4»
22-26 ұпай - «5»
Кестені толтыр