7


  • Учителю
  • Математика 'Зерделілер мен зейінділер'

Математика 'Зерделілер мен зейінділер'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала















Сыныптан тыс жұмыс: «Зерделілер мен зейінділер»

Мақсаты:

Білімділік: сыныптан тыс жұмыс барысында оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, математика пәнінен алған білімдерін пысықтау, логикалық есептерді шығаруға ынталандыру.

Дамытушылық: оқушылардың дұрыс нәтиже жасай білу біліктілігін дамыту, таным белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды алғырлыққа, ұқыптылыққа, жылдамдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, шарлар, тақырыптық сөз, «Математиканың өзіне тән тілі бар, ол - формула» ұлағатты сөзі

Сайыстың барысы:

1-жүргізуші: Балалар! Бүгін сендер қызықты математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер. Математикада түрлі ғылыми жаңалықтардың ашылуының өзіндік сыры, себеп-салдары бар.

2-жүргізуші: Иә. Мәселен, әйелдерден шыққан тұңғыш математик София Ковалевскаяның қызығушылығы былай туындаған екен. Бірде ата-анасы Софияның бөлмесіне түсқағаз жапсырады. Жетпей қалған түсқағаздардың орнына математика кітабының бір бетін жапсырған екен. Сол беттегі математикалық өрнекті күнде көріп жүрген қыздың математикаға деген қызығушылығы артып, артынан дүние жүзіне белгілі математик-ғалым болған екен.

1-жүргізуші: Олай болса, біз де математиканың сырларын ашып көрейік.

Бүгінгі сайысымызда зерделілер мен зейінділер додаға түспекші.

Сайысымыз мынадай кезеңдерден тұрады:

І. Тапқырлық

ІІ. Полиглот

ІІІ. Қателеспе!

ІҮ. Аудармашылар конкурсы

Ү. Шырпылар шытырманы

ҮІ. Кім жылдам?

ҮІІ. Көрермендер көзайымы

2-жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын сіздерге әділ бағасын беріп, сараптама жасайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Олай болса, тұрмайық,

Кешімізді бастайық.

Әділ бағаға қалтасы толы

Әділқазыларды шақырайық.

Шын жүйрік шабасынан табылады,

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

  1. ...

  2. ...

  3. ...


І. Тапқырлық

Бұл кезеңде қатысушыларға сұрақтар қойылады. Әр дұрыс берілген жауапқа 10ұпайдан беріліп отырады.

  1. Египетте қаланған көпжақ. (Пирамида)

  2. Балаларды жазалау үшін қандай геометриялық фигура қолданылады? (бұрыш)

  3. Он күндік қалай аталады? (декада)

  4. Қандай фигура күннің көзімен достасқан? (сәуле)

  5. Ешқандай арифметикалық амал қолданбай, 666 санын бір жарым есе арттыр. (999)

  6. Геометриядан жаңалық ашқан үшін Зевс құдайына жүз өгіз сойып құрбан еткен кім? (Пифагор)

  7. «Геометрияны білмейтіндер Академияға кірмей-ақ қойсын» деген кімнің сөзі? (Платон)

  8. Егіз сандар деп қандай сандарды айтамыз? (айырмасы 2-ге тең жай сандар. Мысалы, 5 пен 7)

  9. Есімдері әр түрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)

  10. 2,5таяқтың неше ұшы бар? (6)

  11. Қатарынан тұрған үш санның қосындысы сол сандардың көбейтіндісіне тең. (1,2,3)

  12. Натурал сандар нешеден басталады? (1)

  13. Жоқты білдіретін сан. (0)

  14. Қандай ыдыстан тамақ ішуге болмайды? (бос)

  15. Қандай жолмен адам ешуақытта жүрмейді? (құс жолымен)

  16. 2-ге бөлінетін сандар. (жұп)

  17. Кімді математика королі деп атаған? (К.Гаусс)

  18. 444 саны 3-ке бөліне ме? (иә)

  19. «Мен математикаға қабілетсіз адам болады дегенге сенбеймін» деген кім? (Постников)

  20. Өзін шауып өлтіргелі келе жатқан солдатқа: «Сәл кідіре тұр, сызбамды сызып аяқтап алайын»-деп айтқан ғалым. (Архимед)


ІІ. Полиглот

Сайыстың бұл кезеңінде қатысушыларға математикаға қатысты жұмбақтар жасырылады. Жұмбақтың жауабын 1 тілде айтылса 10ұпай, 2 тілде айтылса 20ұпай, 3 тілде айтылса 30ұпай беріледі.

  1. Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы, бұл қандай сан,

Жан-жағыңа қарамай. (Натурал сан)

  1. Өмірің сенің қызық,

Жолыңда жоқ түзу сызық.

Басы да жоқ аяғы

Бір айналым баяғы. (дөңгелек)

  1. Егер Т-дан бастасаң, санмын,

Т-ны алып тастасаң, жаумын. (Төрт)

  1. Балғасы жоқ орақпын,

Бедел-бағым зор-ақ тым. (Бес)

  1. Бір шеңберді бір шеңбер

Көтеріп тұр білсеңдер.

Айтшы, қане, бұл қай сан? (Сегіз)

  1. Бүкірлеумін, имекпін,

Мойнындаймын үйректің.

Сабағыңды білмесең,

Мені аласың күнде сен. (Екі)

  1. Санасаң бір үйде төртеу бар,

Қаласаң аузыңды өртейтін нәр. (Бұрыш)

  1. Білмегенге жоқ сан,

Білгендерге көп сан.

Сан соңында кезіксе, ол көп сан.

Сан алдында кезіксе, ол жоқ сан. (Нөл)

ІІІ. Қателеспе! Бұл кезеңде қатысушылардың қысқаша көбейту формулаларынан біліктіліктері тексеріледі. Дұрыс жазылған әрбір формулаға 10 ұпай жазылып отырады.

  1. Екі өрнектің қосындысының квадраты

  2. Екі өрнектің айырмасының квадраты

  3. Екі өрнектің квадраттарының айырымы

  4. Екі өрнектің қосындысының кубы

  5. Екі өрнектің айырмасының кубы

  6. Екі өрнектің кубтарының қосындысы

  7. Екі өрнектің кубтарының айырмасы

ІҮ. Аудармашылар конкурсы

Бұл кезеңнің шарты: рим цифрларымен берілген сандарды араб цифрларымен жазу керек.

Әр дұрыс жауапқа 10ұпай беріледі.

  1. ХХХІҮ

  2. ММІІІ

  3. ХІХ

  4. МММҮІІІ


Ү. Шырпылар шытырманы

Қатысушыларға шырпылардан жасалған тапсырма беріледі. Егер тапсырма дұрыс орындалса, 10ұпай беріледі.

1. 3 бірдей квадрат шығатындай етіп 4 шырпыны жылжыту керек


Жауабы:


2.Үй 10 шырпыдан жасалған. 2 шырпыны қозғалтып үйді басқа жаққа бұру керек.

Жауабы:


ҮІ. Кім жылдам?

Қатысушылардың барлығына бірдей тапсырма беріледі. Дұрыс жауап берген жағдайда, 10ұпай беріледі.

Әр бөліктің қосындылары бірдей болатындай етіп сағатты 6 бөлікке бөл.


Жауабы:

ҮІІ. Көрермендер көзайымы. Әділқазылар 6 кезең бойынша қатысушыларымыздың ұпайын есептеп болғанша көрермендерге сұрақтар қойылады.

1. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.
Мектепке неше бала барды? (5 бала)

2. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4 сағат)

3. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)

4. 4 ұлда неше саусақ бар? ( 80 )

5. Қандай сан барлық санға бөлінеді? (0)

6. 9 санының квадраты нешеге тең? (81)

7. 100 жылдың басқа атауы. (Ғасыр)

8. Алматыдан Астанаға барарда ұшақ 1сағ 30 мин ұшады, ал қайтарда Астанадан Алматыға дейін 90 мин ұшады.Неге? (бірдей)

9. Әкесі баласынан 25 жас үлкен,неше жылдан кейін баласы әкесінен 30 жас кіші болады. (ешқашан,себебі жас аралығы өзгермейді.)

10. 1т мақта ауыр ма, әлде 10ц темір ауыр ма? (бірдей)

Қорытынды

1-жүргізуші: Бүгінгі «Зерделілер мен зейінділер» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Сайыс болған жерде, әрине, жеңіс те болады, жеңіліс те болады. Ендеше, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.

(Оқушыларды марапаттау)

2- жүргізуші:Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендерге көп рахмет.

Біздерге келген көрерменге

Мың рахмет,мың рахмет!

1-жүргізуші: Көрермен жиналған тамашаға

Құр қарап отыру жараса ма

Туыс, досқа, кластас, танысқа емес

Соқ қолыңды бүгінгі жеңімпазға!

2- жүргізуші:Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды

Ал қазір әділ қазылар сөз алады

Кешіміздің жеңімпаздарын анықтап,

Мақтау қағаз,сыйлықтарын тапсырады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал