- Учителю
- математикадан ашық сабақ 'Есеп. Салыстыру'
математикадан ашық сабақ 'Есеп. Салыстыру'
Алтын ауыл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен КММ
А ш ы қ с а б а қ
Математика
1 ә сынып
Тақырыбы:
Есеп. Салыстыру
>,<,=
Мұғалім: Сатаева И.Т.
2014 жыл
Мерзімі: 07.03.2014 жыл пәні: математика
Тақырыбы: Есеп. Салыстыру
Мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға есепті салыстыра білуге, есептің мағынасын, құрылымын ұғындырып меңгерту.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды сауаттылыққа, шапшаңдыққа, қатесіз есеп шығара білуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту.
Көрнекілігі: суреттер, дидактикалық материал, слайд, интерактивті тақта т.б.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ түрі: дәстүрлі
С а б а қ б а р ы с ы :
І Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Психологиялық ахуал.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сендерге
Құрметпенен біз
-
Ал, балалар бүгін кім кезекші?
-
Сынып белсендісінің есебі.
-
Оқу құралдарын ретке келтіру
-
Сабаққа даярлық
ІІ Білімді тексеру
-
Кане, балалар сандар құрамын қайталап шығайық.
1)1-ден 10-ға дейін, 10-нан 1-ге дейін санату.
2)Қосылғыштардың компоненттерін атаңдар?
3)Азайғыштардың компоненттерін атап шығыңдар?
ІІІ Жаңа сабаққа мақсат қою
Есеп. Салыстыру
Мақсаты; Оқушыларға есептің мазмұнын ұғындырып, меңгерту.
IV Жаңа сабақты өту.
а) Мұғалімнің түсіндірмесі.
Оқулықпен жұмыс есеп топтастыру
есеп
сұрағы жауабы
шешуі
№1 жапсырма. Балалар есепті оқиды.
Есеп-1. Есептің несі болады?
Ағасы 10жаста, ал қарындасы 4 жаста. Ағасы қарындасынан неше жас үлкен?
Есеп-1(ә)
Қарындасы 4 жаста, алағасы одан 6 жас үлкен. Ағасы неше жаста?
Сұрақ-жауап-Ағасының жасы нешеде?
- Қарындасы неше жаста?
- Қайсысының жасы үлкен?
- Есептің сұрағы қандай?
Слайд
1-ші есепте нені табу керек?
Ал екінші есепте ол белгілі ме?
Бұл есептер өзара кері есептер болып табылады ма? Ия.
Слайд. Флипчарт
Дәптермен жұмыс
№2.
Мәні 5-ке тең болатын қосындыларды жаз.
0+5=5 2+3=5
1+4=5 3+2=5
Слайд флипчарт
№3. Тақтамен жұмыс
4 см + 1 см = 5 см
4 см + 2 см = 6 см
8 см - 1 см = 7 см
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық.
Ү Жаңа материалдан алғанын тексеру. Слайд
№4 Салыстыру
Топтық жұмыс
І топ ІІ топ ІІІ топ
4 + 4 * 9 - 1 8 - 3 * 7 + 2 4 - 3 * 3 - 3
10 - 5* 4 + 3 9 + 1 * 6 + 4 5 + 2 * 7 - 0
ҮІ Бекіту
Сабақты қорытындылау
ҮІІ Үйге тапсырма
Шығармашылық тапсырма беру (131 бет)
Бағалап, мадақтау