- Учителю
- Сызықтық функция 7 класс
Сызықтық функция 7 класс
Күні: 13.09.16 7-класс пәні: Алгебра
Тақырыбы: Сызықтық функция және оның графигі.
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділігі: у=kx тура пропорционалдық функциясымен танысып,
у=kx, у=L функцияларының графиктерін салып үйрету.
Координаталары берілген нүктенің графикке тиісті немесе тиісті емес
екенін анықтауды, функцияның графигі бойынша теңдеуін жаза білуге
үйрету.
2. Тәрбиелілігі: Алдарына қойған мақсаттарына жетуге, өздеріне
сенімді болуға, жауапкершілікке, өзара көмек көрсетуге,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: Мұқияттылығын, есте сақтау қабілетін, ойлау
өрісін, өз беттерімен жұмыстануды дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, интерактивті тақта, электронды
оқулық, плакаттар, сызғыш .
Сабақтың түрі: Проблемалық оқыту, іздендіру сабағы.
Сабақтың барысы: Жұмыс дәптерімен тексеру
I - кезең. Ұйымдастыру кезеңі (5-7 мин)
(өтіп кеткен тақырыптардан бүгінгі сабаққа негіз болатын
тапсырмалар)
Қайталау сұрақтары.
-
y=kx+l функциясының графигі А(-4; 3) және В(4; 9) нүктелері арқылы өтеді. k және l мәндерін табыңыз.
-
Сызықтық функция f(х) = 1,8х + l формуласымен берілген. Егер f(-2) = 2,1 болса, l-дің мәнін табыңыз.
-
у=kx+5 функциясының графигі А(-3; -1) арқылы өтсе, k-ның мәнін табыңыз.
-
Сызықтық функция f(х) = kх + 3,5 формуласымен берілген. Егер f(0,3) = 6,2 болса, k-ның мәнін табыңыз.
-
y=5x+10 функциясы графигінің 0у осьімен қиылысу нүктесін табыңыз.
-
y=13x+1 функциясы графигінің 0х осьімен қиылысу нүктесін табыңыз.
-
y=23x функциясы х-тың қандай мәнінде 4-ке тең?
-
y=54x тура пропорционалдығының [-2;4] аралығындағы ең үлкен мәнін табыңыз.
-
y=−34x функциясының графигінде жатқан А (х; 3) нүктесінің абсциссасын табыңыз.
-
Тура пропорцияналдықтың графигі Е(-6; 9) нүктесі арқылы өтетін түзу. Ол қандай формуламен берілген?
-
у = 3х функциясының [-1;5] аралығындағы ең үлкен мәні мен ең кіші мәнінің қосындысын табыңыз.
-
y=5x және y=3x+1 функцияларының графиктерінің қиылысу нүктесін табыңыз.
-
y=-2x+6 функциясының графигіне параллель N(0; 3) нүктесі арқылы өтетін функцияны табыңыз.
-
y = kx + l функциясының графигі y = 0,5x функциясының графигіне параллель және В(0; 2) нүктесі арқылы өтеді. Осы функцияны табыңыз.
-
у = 2,5х - 3 функциясының графигімен А (2; 2) нүктесінде қиылысатын және l = 4 болатын функцияны формуламен жазыңыз.
Бағалау
</ Үйге тапсырма: 9-10 есептер