7


Урок, Ойнайық та, ойлайық

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Кайболдиева Нургул Жумакелдыевна

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Маңғыстау гуманитарлық колледжінің

математика пәнінің оқытушысы





Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық»

Пәні: Математика

Сабақтың түрі: интеллектуалдық сайыс сабағы

Мақсаты: Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлауқабілетін дамыту, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, белсенділікке тәрбиелеу.



Ойын 7 бөлімнен тұрады:

І бөлім. Таныстыру

ІІ бөлім. «Бәйге»

ІІІ бөлім. «Қасиетті жетілік»

ІҮ бөлім . «Ойлан, тап»

Ү бөлім . «Адымда, ойлан»

ҮІ бөлім. «Сиқырлы сандар »

ҮІІ бөлім. «Мың бір мақал»



1-бөлім бойынша топтар өздерінің тобының атын, эмблемасын, қатысушы топтың құрамын таныстырап өтеді.



2-бөлім «Бәйге» (сұрақтарға шапшаң жауап беру)

  • Сағаттың ¼ -і неге тең?

  • Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?

  • 2 -нің 6 дәрежесі неге тең?

  • Қайсы үлкен 2 м ме әлде 198 см ме?

  • 10 мен 26 сандарының арасында қанша тақ сан бар?

  • Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?

  • 289 нешенің квадраты?

  • 9 бен 27 сандарының арасында қанша жұп сан бар?

  • Үстелде үш стақан сүт бар. Алмаз 1 стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар?

  • Төрт пен бестің арасында арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық 5-тен кем сан шығады?

  • Ең үлкен уақыт өлшем бірлігін айтыңыз ?

  • Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық. Екеуінің неше асығы бар. 2 ғасырда неше жыл бар?

  • Тік бұрыш неше градусқа тең?

  • Координаталық жазықтықта неше ширек бар?

  • Кері сандардың көбейтіндісі нешеге тең?

  • Дәптер 5 теңге түрады. Қалам дәптерден 3теңге қымбат. Бес дәптер мен 2 қалам қаншатұрады?

  • Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық. Екеуінің неше асығы бар. Шршының периметрі 44 см, қабырғасы нешеге тең?

  • 2 сағат қанша минутқа тең?



3-бөлім «Қасиетті жетілік» (логикалық есептерді шапшаң шешу)



  1. Бір топ қаз ұшып бара жатыр: біреуі алдында, екеуі артында; біреуі артында, екеуі алдында; біреуі екеуінің ортасында және үшеуі бір қатарда. Қанша қаз ұшып бара жатыр?



  1. Такси ұстаған әйел жүргізушіге өзіне қажет мекен жайды айтады. Жүргізуші келіседі. Жолда әйелдің өте көп сөйлегенінен шаршаған такси жүргізуші былай дейді: «Кешірім өтінемін. Сіздің айтып жатқандарыңыздан бір сөз де естігенім жоқ. Менің есту жүйем өте нашар, ал бүгін әдеттен тыс ештеңе естімей қалдым».Әйел өз үйінің алдынан түседі. Такси жолға түсіп үйдің бұрышынан бұрылып болғаны сол еді, әлгі әйел жүргізушінің өтірік айтқанын түсінеді. Әйел жүргізушінің құлағы еститінін қайдан білді?

  2. Он-оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: қанша асық ұттың- дейді. Ол онша көп ұтқыза қоймаппын, сегіз асығым қалыпты, - деді. Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, - дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып, Ең көп асықтан ұтылған мен болдым, - дейді мұңайып бірінші бала. Ойыннан кейін кімде, неше асық?



  1. Темір тиын түріндегі 1 теңгеліктің салмағы 1, ал 2 теңгеліктің салмағы 2 грамм. Қайсысы ауыр: 1кг 1 теңгеліктер ме, әлде 0,5 кг 2 теңгеліктерме?





  1. Сәлімнің 6 жұп көк және 6 жұп қызыл шұлығы бар. Сонымен қоса 6 жұп қоңыр және 6 жұп жасыл қолғаптары бар (оң қолдың қолғабы сол қолға сәйкес келмейді).

Өте қажетті жағдайда, киім қоятын бөлмеде жарық сөніп қалғанда, қараңғыда

1) 2 бір түсті шұлық алып шығу үшін Сәлім жиналған шұлықтардан кемінде неше шұлық алу керек.

2) Түстері бірдей 1 жұп қолғап алып шығу үшін кемінде неше қолғап алу керек?



6)Үш ағайынды. Арман, Аян, Аслан ағайынды үшеуі әр сыныпта оқиды. Аслан Арманнан, ал Аян Асланнан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?



7))Сандықтың ішінде 5 жәшік бар, әрбір жәшікте 3 қорап, ал әрбір қорапта 10 алтын тыин бар. Сандық, барлық жәшік және қораптар құлыппен жабылған. 50алтын тиын алу үшін неше құлыпты ашу керек?





4-бөлім «Ойлан, тап» (таяқшалармен жұмыс)





Урок, Ойнайық та, ойлайықУрок, Ойнайық та, ойлайық









Урок, Ойнайық та, ойлайық

5-бөлім «Адымда, ойлан»

Ойынның шарты бойынша студенттер әр қадамда санның еселіктерін шатаспай айту қажет. Бұл студенттердің ойлау шапшаңдығын, тапқырлығын, тез есептей алу қабілетін байқауға көмектеседі.Бұл ойынға оқушылар саны шектеусіз қатыса алады. Алдымен бірден отызға дейін 3-ке бөлінетін сан келгенде оның орнына «хоп» дей отырып санайды, кім қателесіп қалса сол ойыннан шығады. Кім ешбір қате жібермесе сол жеңіске жетеді. Мыс: бір, екі, хоп, төрт, бес, хоп



5- бөлім "Сиқырлы сандар" (әріптің орнына жасырылған сандарды табу)

Сандық ребустағы әрбір әріп бір цифрды білдіреді, яғни бірдей әріптерді бірдей цифрлар алмастырады және бір цифр әртүрлі әріптермен белгілене алмайды.Сол жақтағы шеткі әріп нөлге тең болмайды.









Урок, Ойнайық та, ойлайықУрок, Ойнайық та, ойлайық





Урок, Ойнайық та, ойлайықУрок, Ойнайық та, ойлайықУрок, Ойнайық та, ойлайық























6- бөлім "Мың бір мақал"

1. Жеті жұрттын тілін біл, (жеті түрлі білім іл.)

2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар )

3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

4. Досынды үш күн сынама, ( үш жыл сына)

5. Бір елі ауызға, ( екі елі қақпақ )

6. Жүз сомын болғанша, (жүз досың болсын)

7. Отыз тістен шыққан сөз,(отыз рулы елге тарайды)

8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

9. Бір кісі қазған құдықтан,( мың кісі су ішеді)

10. Отыз тістен шыққан сөз ,(отыз рулы елге тарайды

























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал