- Учителю
- 'Призма бетінің ауданы' (11-сынып)
'Призма бетінің ауданы' (11-сынып)
Мұғалімі | Жарманов Есберген Ермекович | ||||||||||||||||
Сыныбы: 11 | Күні: 29.09.15 | ||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Призма бетінің ауданы | ||||||||||||||||
Мақсаты: | «Призманың бүйір және толық бетінің ауданы» ұғымдарын енгізу және параллелепипедтің анықтамасын беру. Ауызша есептеу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. | ||||||||||||||||
Күтілетін нәтижелер | Оқу материалын талдауды, бақылау, салыстыруды, призманың бүйір және толық бетінің аудандарының анықтамасы мен олардың қасиеттерін біледі;
| ||||||||||||||||
Керекті құрал-жабдықтар: | Оқулық, компьютер, карточкалар, флипчарт, түрлі-түсті стикерлер, түрлі-түсті қаламдар, электрондық оқулық, интернет желісі. | ||||||||||||||||
Сабақтың түрі: | Бекіту сабағы | ||||||||||||||||
Сабақ барысы: | |||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Жұмыс түрі | уақыт | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау түрі | ||||||||||||
Ұйымдастыру | «Смайликтер» бойынша топқа бөлу | 3 мин |
| Смайликтер артындағы әріптер бойынша топқа бөлініп жайғасады | |||||||||||||
І кезең. Білу «Көпір» тапсырмалары өткен тақырыптарды меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары | Үй жұмысын тексеру
| 10 мин | 1)интервью алудың тақырыптарын береді 1 топқа : Дұрыс алтыбұрышты призма 2 топқа: Көлбеу төртбұрышты призма 3 топқа: Табанында тікбүрышты үшбұрыш болатын призма әр топ өздеріне берілген фигураларға анықтама береді, бүйір бетінің толық бетінің аудандарын табу арқылы өтілген тақырыпты қайталайды.
2. Әр топқа «Зымыран сұрақтар» Бос орынға қажетті сөздерді жаз. 1)Көпжақты бұрыштың бұрыштарының қосындысы неге тең? Ж: 1+2+3+4+... <360 2)Призманың диагональі дегеніміз не? Ж: Бір жазықтықта жатпайтын қарама-қарсы төбелерін қосатын кесіндіні призма диагоналі деп айтады. 3) Призманың диагональдық қимасы дегеніміз не? Ж: Призманың диагональі арқылы өтетін жазықтықты диагональдық қима деп атаймыз 4) Үшжақты бұрыш дегеніміз не? Ж: Бір нүктеден таралған үш сәуледен тұратын және осы сәулелерді қос-қостан қосатын сәулелерден тұратын кеңістіктегі денені үшжақты бұрыш деп атаймыз. 5) Кубтың бүйір беті неге тең? Ж: S=4a2 6) Параллелепипедтің диагональі неге тең? Ж: d2=a2+b2+c2
| а)Интервью жүргізу арқылы және көпір тапсырмасын орындап, үй жұмысы бойынша білімдерін жүйелейді, пысықтайды
| Критерий бойынша және «Екі жұлдыз бір тілек» | ||||||||||||
Сергіту сәті | «Аталы сөз» бейне ролигін тамашалау | 2 мин | «Аталы сөз» тыңдау арқылы слайдты тамашалайды.
| «Аталы сөз» бейне ролик тамашалайды |
| ||||||||||||
ІІ кезең Түсіну | Тақырыпты терең түсіну үшін әр топқа жекеленген тапсырмалар беріледі. «Не берілген? Қалай салынады? Нені табу қажет? Қандай формуланы қолданамыз?» деген сұрақтарға жауап іздеу арқылы бір-бірімен ақылдасып, постерге түсіріп, ойларын қорғайды. | 10 мин | 1 топқа : Дұрыс алтыбұрышты призманың биіктігі 5см, ал табанына сырттай сызылған шеңбердің радиусы 6см. Призманың бүйір бетінің және толық бетінің ауданын табыңдар? 2 топқа: Тікбұрышты үшбұрышты призманың биіктігі 8см, ал табанындағы теңқабырғалы үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусы 3см. Призма бүйір бетінің және толық бетінің ауданын табыңдар? 3 топқа: Дұрыс төртбұрышты призманың диагональі 14см, ал табанына сырттай сызылған шеңбердің радиусы см. Призма бүйір бетінің және толық бетінің ауданын табыңдар? | 1) берілген тапсырма бойынша негізгі берілгендерін жазады, сызбасын салады, қажетті формулаларды жазады
| Критерий бойынша бағалау | ||||||||||||
2-қадам: Қолдану
| Жоғары қойылған сұрақтар берген жауаптарын қолданып есепті шығарады | 5 мин | Тақтаға шығып есептерінің шығарылу жолын, жауаптарын қорғайды. | Негізгі қолданған формулаларын көрсетеді. | Критерий бойынша бағалау | ||||||||||||
3-қадам: Талдау | 1.Салыстыр, 2. Айырмашылы- ғы неде? 3. Ұқсастығы неде? 4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
| 5мин | 1. Венн диаграммасын толықтыр
Ұқсастығы Айырмашылығы Салыстыр Салыстыру | Ұқсастығы | Айырмашылығы | ||||||||||||
Дұрыс алтыбұрышты призма | 1. Бүйір бетінің ауданы 2. Толық бетінің ауданы 3. Барлық бүйір беттері тіктөртбұрыштар | 1. Табанында дұрыс алты бұрыш жатыр. 2.Жақтарының саны- 8 | |||||||||||||||
Тікбұрышты үшбұрышты призма | 1. Табанында тікбұрышты үшбұрыш жатыр. 2.Жақтарының саны- 5 | ||||||||||||||||
Дұрыс төртбұрышты призма | 1. Табанында квадрат жатыр. 2.Жақтарының саны- 6 |
4-қадам:
Жинақтау
«Жинақтау» үшін Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр
5мин
1) Жоғарғы заң шығарушы орган (парламент)
2) Барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы (периметр)
3)Шеңбердің диаметрінің жартысы (радиус)
4) Түзу сызатын құрал (сызғыш)
5)Қарсы жатқан қабырғаны қақ бөледі? (медиана)
6) Дәлелдеуді қажет ететін негізгі тұжырым (теорема)
қадам:
Қолдану
Экраннан ауызша тек қарапайым тапсырмаларды орындау арқылы бекіту жүргізіледі.
2мин
Рефлексия
-
Кері байланыс алу
1)Сабақта не білдіңіздер?
2)Бүгінгі үйренгендеріңіз сіздер үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыздар ма?
3)Осы тақырып бойынша тағы да не білгілеріңіз келеді?
2 мин
Мұғалім сұрақтарға жауап алу арқылы оқушылардың не түсініп, не түсінбегендерін саралайды, келесі сабақты жоспарлауда ескереді.
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз білімдерін саралайды
Әр топ берілген критерий бойынша қорытынды бағаларын шығарады
Үйге тапсырма
-
§ 2.1Призма ұғымы
-
§ 2.2 Призма бетінің ауданы
-
28,29 есептерін шығару
1 мин
Оқушы сыныпта қарастырған тақырыптарды қайталап, есептер шығаруда қолданады.