7


  • Учителю
  • Санды өрнектер. Санды теңдіктер. Тура санды теңдіктердің қасиеттері

Санды өрнектер. Санды теңдіктер. Тура санды теңдіктердің қасиеттері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары



Пәні: Математика

</ Күні: 20.09.2016 ж.

Сыныбы: 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Санды өрнектер. Санды теңдіктер. Тура санды теңдіктердің қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды санды өрнекпен, санды теңдікпен таныстыру, өрнектің мәнін таба білуге үйрету, өрнектерді мәндері бойынша салыстыра білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелілік: Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, оқулық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу, танысу, оқушы қатысын тексеру.

ІІ. Жаңа материалды игерту.

Амалдар таңбаларынан, жақшалардан және сандардан ғана құрастырылған жазу санды өрнек деп аталады.

Санды өрнектегі көрсетілген барлық амалдарды орындау нәтижесінде шыққан сан өрнектің мәні деп аталады. 12 + (12 - 5) = 12+7 = 19 өрнектің мәні.

Екі санды өрнектің теңдік белгісімен ( = ) жазылуы санды теңдік деп аталады. Санды теңдіктегі теңдік белгісінің сол жағы теңдіктің сол жақ бөлігі деп, ал оң жағы теңдіктің оң жақ бөлігі деп аталады.

Мысалы, 120 : 15 = 8.

Егер санды теңдіктің сол жақ бөлігінің мәні оның оң жақ бөлігінің мәніне тең болса, онда мұндай санды теңдік тура санды теңдік деп аталады.

Қасиеттері:

  1. Тура санды теңдіктің екі жақ бөлігіне де бірдей натурал санды қосқанда немесе азайтқанда тура санды теңдік шығады.

  2. Тура санды теңдіктің екі жақ бөлігін де бірдей натурал санға көбейткенде немесе бөлгенде тура санды теңдік шығады.

IІІ. Кітаппен жұмыс.

№137. Санды өрнектерді бір жолға, санды теңдіктерді бір жолға жазыңдар:

  1. 3) 5)

  2. 4) 6)

№138. Тура санды теңдіктерді теріп жазыңдар:

  1. 3) 5)

  2. 4) 6)

№139. 75 және 15 сандарының:

  1. қосындысын; 3) көбейтіндісін;

  2. айырмасын; 4) бөліндісін

санды өрнек түрінде жазыңдар.

№140. Санды өрнектің мәнін табыңдар:

  1. 4)

  2. 5)

  3. 6)

№141. тура санды теңдігінің:

  1. Екі жағына да 14 санын қосқанда шығатын тура санды теңдікті жазыңдар. Тексеріңдер, сандыв теңдік тура ма?

  2. Екі жағына да 35-ке азайтқанда шығатын тура санды теңдікті жазыңдар. Тексеріңдер, санды теңдік тура ма?

№142. Оқушылар сурет көрмесіне 14 бояулы сурет және одан 8-і артық фломастермен салынған сурет әкелді. Оқушылар сурет көрмесіне барлығы неше сурет әкелді?

ІV. Қортындылау.

  1. Санды өрнек дегеніміз не?

  2. Өрнектің мәні деп нені айтамыз?

  3. Санды теңдік дегеніміз не?

  4. Тура санды теңдіктің қасиеттері

V. Үйге тапсырма беру.

№143, №145, №146, №147.

VIІ. Бағалау.

Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал