7


  • Учителю
  • Внеклассное мероприятие Математикалық сайыс

Внеклассное мероприятие Математикалық сайыс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Үш тілде оқытытын мамандандырылған дарынды балаларға

арналған мектеп

















Сыныптан тыс: 8 «а», «ә», «б» сынып







Сабақтың тақырыбы:

«Математикалық

сайыс»













Математика пәні мұғалімі: Райымбек А.Ү.







Сабақтың тақырыбы: Математикалық сайыс



Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;

Дамытушылығы: Оқушылардың ой - өрісін кеңейту шығармашылық пен өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз

ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды

ауыз біршілікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер, плакат, бағалау парақтары,топтар аты жазылған табличкалар.

Қолданылған нақыл сөздер:Көп білгенге мәз болу қате. Білімнің саны емес, сапасы маңызды.

(Л. Н. Толстой)

Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот. (Н. Байғанин)



Білген адам білімді өмір бойы іздейді. (А. Иүгінеки)



Математика ғылымдар патшасы, ал арифметика - математика патшасы.

(К. Гаусс)



Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек.

(М. В. Ломоносов)



Түрі: Топтық сайыс сағаты.

Типі: Ойын түрінде.

Білім теңіз тәрізді тұңғиық, жұмбағы көп, түбіне жетіп зерттеу үшін көп еңбек қажет. Теңіз түбіндегі асыл тастар алу, теру көп тер төгуді қажет етсе, білім де дәл солай. Неғұрлым тереңдеп сүңгіген сайын ғылым қызығына бойлай бересің.

Әр оқушыны осындай ғылым теңізінде жүзгізіп, білімнің асыл тастарын тергізетін кеме «Мектеп» болып табылады дей келе

Құрметті ұстаздар мен оқушылар сіздерді 8- сыныптар арасында өтетін «Математикалық сайысқа» қош келіпсіздер демекшімін.

Топтардың таныстыруы (аты, ұраны):

Жоспары:

  1. Зерделілер(әр топқа 5 сұрақтан беріледі)

  2. Тапқырлар (топтар «арифметика» сөзінің әріптерінен неғұрлым көп сөздер құрауы тиіс)

  3. Ойымды жалғастыр (анықтамалардың жалғасын табу)

  4. Сергіту сәті

  5. Ойлан, тап (оқушылар анаграммаларды шешуі тиіс)

  6. Аукцион (П әріпі бар математикалық терминдерді атаңдар)

  7. Ия немесе жоқ(Слайдтағы сұрақтарға оқушылар «ия» немесе «жоқ» деп жауап береді)

  8. Қорытынды



Әр дұрыс жауапқа он ұпай беріледі.



1.Зерделілер(әр топқа 5 сұрақтан беріледі)

І топ

1. Қандай сан нольден өзге барлық сандарға

қалдықсыз бөлінеді ? (0)



2. және 0,25 бөлігінің қосындысы 21- ге санды табыңыз. (36)



3. Үш натурал санның әрқайсысын олардың қосындысына бөліп, шыққан сандарды қосты. Нәтижесінде не шықты? (1)



4. Кітаптың құны 150 теңге және кітап құнының жартысына тең. Кітап қанша тұрады? (300 тг)



5. 99 натурал сандар тізбектей жазылған: 1,2,…99.

Бұл жазбада 5 саны қанша рет кездеседі? (19)



ІІ топ



1. Бір таңбалы санға дәл сондай цифрды қосып жазды. Бұл сан неше есе көбейді? (11 есе)



2. 60 парақ қағаздың қалыңдығы 1 см. 240 беттік кітаптың қалыңдығы неше сантиметр? (2 см)



3. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады? (48)



4. Бөлінгіш пен бөлгіш тең болғанда бөлінді қаншаға тең? (1)



5. Бес жер қазушы 5 сағатта 5 канал қазады. Қанша жер қазушы

100 сағатта 100 м канал қазады? (5)



ІІІ топ



1. Бақтың бір жағында 30 ағаш бар. Бақтың басынан санағанда 13 ағаш,

бақтың соңынан санағанда нешінші болады? (18)



2. Тауардың бағасы 20% төмендеп, 680 тг болды. Тауардың бастапқы бағасы қандай еді? (680)



3. Заттың салмағы 89 г.Осындай миллион зат қанша тонна болады?(89)



4. Үш адам дойбы ойнады. Барлығы үш партия ойналды. Әрқайсысы неше партия ойнады? (2)



5. Екі дәптер және бір қарындаш 94 тиын тұрады. Екі қарындаш және бір дәптер 80 тиын тұрады. Дәптер мен қарындаштың қайсысы қымбат және қанша қымбат? (дәптер 14 тиын қымбат)





2. Тапқырлар (топтар «арифметика» сөзінің әріптерінен неғұрлым көп сөздер құрауы тиіс)

3. Ойымды жалғастыр (анықтамалардың жалғасын табу)

1. Тіктөртбұрыштың диагоналдары (тең)

2. а санының арифметикалық квадрат түбірі (квадраты а-ға тең оң сан )

1. Бірінші коэффициентті 1-ге тең квадрат теңдеу ……. деп аталады.

(Келтірілген)

2. Трапеция - бұл (қарама-қарсы екі қабырғасы

параллель, ал басқа екі қабырғасы параллель емес төртбұрыш )

1. Ромб диагоналдары (перпендикуляр және қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді )

2. функциясының графигі ... ширекте орналасады, өйткені

(І ширекте , арифметикалық түбір анықтамасы бойынша х және у мәні теріс емес )

1. Көбейтіндіден арифметикалық түбір табу үшін (әрбір көбейткіштен жеке түбір тауып, нәтижелерін көбейту керек )

2. Тікбұрышты үшбұрышта гипотенузаның квадраты

(катеттерінің квадраттарының қосындысына тең )

1. Трапецияның орта сызығы (трапецияның бүйір

қабырғаларының орталарын қосатын кесінді)

2. Барлық рационал және иррационал сандар (нақты сандар жиынын

құрайды ).

1. Параллелограмм - бұл (қарама-қарсы қабырғалары параллель төртбұрыш)

2. Екі өрнектің айырымының квадраты (Бірінші өрнектің квадраты, азайтылған екі еселенген екі өрнектің көбейтіндісі мен екінші

өрнектің қосындысына тең )

1. Рационал сандар- бұл (бүтін және бөлшек сандар )

2. Шеңбер дегеніміз (Жазықтықта берілген нүктеден бірдей қашықтықта жататын нүктелердің жиыны )

1. Квадрат теңдеудің дискриминантының формуласы (D = b2 - 4 ac )

2. Егер үшбұрыштың екі бұрышы тең болса, (онда ол теңбүйірлі үшбұрыш болады)

1. Квадрат теңдеуде D<0 болса (түбірлері болмайды )

2. Үшбұрыштың ауырлық центрі - бұл (медианаларының қиылысу

нүктесі )



  1. Сергіту сәті

  2. Ойлан, тап (оқушылар анаграммаларды шешуі керек)

    1. Р Б Ү Т І (Түбір)

    2. И Н А Д Е М А (Медиана)

    3. Л А Ф Е С (Фалес)

    4. Б Ү Р Ш Ы Ш Ұ (Үшбұрыш)

    5. Т С А К И С И Т Б С Е (Бисектриса)



  1. Аукцион (П әріпі бар математикалық терминдерді атаңдар)



  1. Ия немесе жоқ (Слайдтағы сұрақтарға оқушылар «ия» немесе «жоқ» деп жауап береді)





  1. Сабақты қорытындылау. Жеңіске жеткен топты марапаттау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал