7


  • Учителю
  • Математика Дұрыс бөлшек бұрыс бөлшек

Математика Дұрыс бөлшек бұрыс бөлшек

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырата білуге үйрету;

Дамытушылық:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, математикалық тілде сөйлеу білуге дағдыландыру, қарапайыпнан күрделіге қарайғы қозғалыс;

Тәрбиелілік: Оқушылардың ой-өрісін,ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: проектор, магниттік тақта

Пән аралық байланыс: география, әдебиет

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сыныппен амандасу, сынып оқушыларын түгендеу;

ә) Сыныпта психологиялық дайындық жұмысын жүргізу:

Үлкеге де сіз, кішіге де сіз,

Ілтипатпен сіздерге сәлем бердік біз.

Жамандыққа баспаймыз,

Жалқаулықты тастаймыз,

Жақсы көңіл-күйменен,

Сабағымызды бастаймыз.

Үй тапсырмасын тексеру:5 оқушыны тұрғызып сұрау, қалғандарына қарап, тексеріп отыруын өтінемін

Сабақтың эпиграфы:

«Болашағы мықты, келешегі кемелел болу үшін білімді азаматтар қажет» Елбасының халыққа жолдауынан.

Сұрақ:Биылғы жолдау қалай аталады?

Жауап:«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол»

Сабақтың ұраны:

«Мектеп - кеме, білім - теңіз».

Оқып, білім ал!

1.Ал, балалар, кәнекей

Шығарайық есептер

Алда қызық біздерді

Күтуде ғой, есептер!

2.Жалықпа, сен, жалықпа!

Оқы-тоқы арманда

Бәрін білген балаға

Жақын болар алыста

3.Ал,балалар, балалар

Балғын тәтті болыңдар!

Есеп деген ол қызық

Жақсы оқушы болыңдар!

Қайталау - оқу анасы.

1.1 Жай бөлшектердің жазылуындағы "-" белгісі не деп аталады?

1.2 Бөлшек сызығының төмеңгі жағындағы сан не деп аталады?

1.3 Бөлшек сызығының жоғарғы жағындағы сан не деп аталады?

1.4 Жай бөлшектің негізгі қасиеті.

Жаңа сабақ:3/7 ; 7/7 ; 11/7бөлшектердің қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар екенін аңғарту керек.

Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады.

Мысалы: 2/5; 7/28;

Алымы бөлімінен тең немесе одан үлкен бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады.

Мысалы: ; 33/14;

Есеп шығару кезеңі: «Қазынаға саяхат» атты аңыз әңгіме оқылады. Ертеде бір бай баласынабаласына мұра қалдырғанын және оны тауып алу үшін карта керек екендігін, картаның үйдің шатырында жатқанын өсиет етіп кеткен екен. Енді біз баласына картаны тауып беруіміз үшін «Ойлан тап!» атты ойын ойнаймыз.

Сонымен баласы картаны тауып алып кемемен көрсетілген бағыт бойынша саяхатқа шығады. Саяхатта ол бір өзенге тап болады. Сол жерде ол ағаштан «Қозғал» деген жазуды көреді. Қай бағытқа қозғаларын білмей абдырап қала. Біз ол балаға көмектесуіміз үшін ауызша есептер шығаруымыз керек.

2-нің екі дәрежесі; 1437+13; 5-тің бес дәрежесі; 3-тің үш дәрежесі; 36*2.

Ол сол қалпы шығысқа қарай бет алады. Келе жатып үңгірге тап болады. Оның кіре берісінде алып тасты көреді. Сол таста былай жазылған екен: «Осы тасты қозғасаң шұңқырдан қазынасы бар жәшікті табасың»- деген екен. Баласы жәшікті алса, ол жабық екен. Жәшіктің қақпағында: «Сіздердің білімдеріңіз- ол ....» деген сөз жазылған екен. Көп жылдар бойы жатып қалған жазудың жартысы өшіп қалған екен. Осы сөзді табуға сіздердің көметеріңіз қажет. Ол үшін қазір оқулықпен жұмыс жасаймыз.

№ 467

1/4,2/5,3/2,7/12,13/13,8/23,10/10,31/34,3/7

бөлшектерінен дұрыс бөлшектерді теріп жазыңдар;

7/9,5/3,8/4,1/12,15/7,14/3,16/16,17/19,99/87

бөлшектерінен бұрыс бөлшектерді теріп жазыңдар.

Шешуі:

1/4,2/5,7/12,8/23,31/34,3/7 - дұрыс бөлшектер

5/3,8/4,15/7,14/3,16/16,99/87 - бұрыс бөлшектер

№468

Бөлінділерді бөлшек түрінде жазып, одан дұрыс бөлшектерді, бұрыс бөлшектерді ажыратып беріңдер:

5:6; 8:3; 9:7; 1:3; 14:14; 2:15; 25:4; 37:46; 21:8

5/6 1/3 2/( 15) 37/46-дұрыс бөлшектер

21/8 8/3 ( 9)/7 14/14 25/4 21/8 бұрысбөлшектер

474 Бөлшектерді қысқартып, дұрыс бөлшектерді және бұрыс бөлшектерді бөлек теріп жазыңдар:

6/8=3/4

15/55=3/11

44/36=11/9 18/15=6/5

21/21=1

46/30=23/15

475 Натурал санды бұрыс бөлшек түрінде жазыңдар:

І топ ІІ топ ІІІ топ

Натурал сан 3 12 5 8 10 16

Бұрыс бөлшек Бөлімі 4

Бөлімі 5



Шешуі:

Топтар І топ ІІ топ ІІІ топ

Натурал сан 3 12 5 8 10 16

Бұрыс бөлшек Бөлімі 4

12/4

48/4 20/4 32/4 40/4 64/4

Бөлімі 5

15/5

60/5 25/5 40/5 50/5 80/5

Демек, «Сіздеріңіз білімдеріңіз ол - қазына»

Яғни, баласы әкесінің мұра еткен қазынасына қол жеткізіп, бейбіт өмір сүріпті. Әрқашанда ең бастысы- байлық іздемей, білім қазынасын іздеңіздер.Сонда көптеген нәрселерге қол жеткізесіздер дегім келеді.

Сергіту сәті

Математикалық жұмбақ

Оны санға бөлгенде,

Сол санның өзі шығады.

Санды оған бөлуге болмайтынын

Оқушылар ұғады.

Көп адамдар сол санға

Шекесінен қараған,

Сан өсін қақ бөлуге

Сол саныңыз жараған.(нөл саны)

Логикалық есеп:

Бір жанұяда 6 бала бар. Әр баланың жасы-жай сан. Бес баланың жасы ең кішісінің жасынан 2, 6, 8, 12 және 14-ке артық. Ең кіші бала неше жаста?

Жауабы:5,7,11,13, 17, 19.

Санамақ

Он бір түйе, бес жылқы,

Екі сиыр, бес ешкі.

Екі қоян, үш түлкі,

Таба алмасаң бол күлкі. (28)

Ауызша : (аймақтық компонент)

Жай бөлшекті дұрыс оқып, дұрыс бөлшек немесе бұрыс бөлшек екендігін ажырат.

Шәріптоғай ауылынан Көкпектіге дейін 16/3км, ал Көкпектіден Шұғылбай ауылына дейін 302/5 км.

Бекіту:

Сабақтан алған әсерім:(Үш топ оқушылары постерге сурет салып, өз ойларымен бөліседі).

Үйге тапсырма: ереже жаттау, № 482 және № 484, 122-123 бет

Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан, тақтаға шыққан оқушыларды тиісінше бағалаймын.

Қорытындылау:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал