7


  • Учителю
  • Зияткерлік ойын Не? Қайда? Қашан?

Зияткерлік ойын Не? Қайда? Қашан?

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Не? Қайда? Қашан?»

Сыныбы: 9 «а», 9 «б», 9 «в»

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық: дарынды оқушыларды табу, олардың қабілеттерін ашу;

ә) коммуникативтік: оқушылардың танымдық, логикалық, шығармашылық белсенділіктерін дамыту, тапқырлыққа,ұқыптылыққа баулу;

б) проблемалық: алған білімдерін өмірде қолдана білуге, пәндердің бір-бірімен байланысын көрсету.

Іс-шараның түрі: дәстүрлі емес.

Іс-шараның типі: ойын, сайыс сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, бейнелеу, ағылшын, информатика

Көрнекіліктер: математикаға байланысты нақыл сөздер, слайдтар

Шараның өтілу тәртібі:

І. Ұйымдастыру бөлімі: ойын шартымен таныстыру, қатысушыларды анықтау

Ойынға қатысушыларды әр түрлі фигуралар беру арқылы 2 топқа бөлу. Әр топта 5 оқушыдан қатысады.

Ойын ережесі.

Көрермендер ойыншыларға сұрақтар қояды, ал ойыншылар 1 минуттың ішінде топпен бірге ақылдаса отырып, сұраққа жауап іздейді.

Егер ойыншылар дұрыс жауап берсе, ұпай алады. Ал егер ойыншылар сұраққа қате жауап беретін болса, онда ұпай көрермендерде қалады.

Ойын үстелі 21 секторға бөлінген. Осы 21 секторда көрермендер дайындаған сұрақтар бар.

Ойыншылар қандай сұраққа жауап беретінін, ойын үстелін айналдырғаннан кейін компьютер анықтап береді. Ойын екі топ арасында тең өту үшін тақ сұрақтарға 1 үстелдегі ойыншылар, ал жұп сұраққа 2 үстелдегі ойыншылар жауап береді. Егер топ жауап бере алмаса келесі топқа жауап беру рұқсат етіледі.

Егер ойыншылар сұрақтың жауабын білетін болса, 1 минут ойланбай - ақ жауап беруге болады.

Егер бұл сұрақ жауабы дұрыс болса, бұл 1 минуттық уақыттары келесі сұраққа жауап іздегенде қосылады.

Әділ-қазылар алқасы сайланады.

  1. Уахитова Алия Жарасбайқызы

  2. Байханов Бекболат Жұмабайұлы



ІІ. Негізгі бөлім

1сектор:

І санатты математика пәні мұғалімі Искакова Светлана Утепкалиевна

Алматыдан Астанаға жүріп бара жатқан пойыздың 4 вагонында 100 жолаушы бар. Егер 1-ші вагоннан 2-ші вагонға 16 жолаушы, 2-ші вагоннан 3-ші вагонға 12 жолаушы және 3-ші вагоннан 4-ші вагонға 8 жолаушы өтсе, вагондардағы жолаушылардың саны тең болды. Ең алғашқыда әр вагонда қанша жолаушы болып еді?

Жауабы: І-41, ІІ-21, ІІІ-21, ІV-17

2-сектор:

Математика пәні мұғалілі Саламатова Тоғжан Марденқызы

«Кенгуру» байқауы 1991 жылдан бастап Европада жыл сайын өткізіліп тұрады. Байқау 2012 жылы нешінші рет өтті?

Жауабы: ( 22 рет)

3-сектор:

Информатика пәні мұғалімі Байханова Бекболат Жұмабайұлы

Математикалық амалдарды орындап, сөздерді оқы:

БОС+ТӨЛ-ОС+ШИ-ТИ+ЕК=

ПАР+ИФС-ПС+МЕТЛО-ЛО+ИКРА-Р=

САҚ-АҚ+ЫНТА-ТА+ЫРЫМ-РЫМ+П=

ИКС-И+ІСТЕ-СС+АР-ЕР+П=

Жауабы: Бөлшек, арифметика, сынып, кітап

4-сектор:

Султанова Алина 5 "в" сынып оқушысы

Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне екі шақырым алға жүріп, кешке бір шақырым кейін қайтады. Қырсық жолаушы екінші қыстаққа неше күнде жетеді?

Жауабы: 9 күнде

5-сектор:

Физика пәні мұғалімі Карабасова Жадыра Рахымжановна

Айдар қағаз парағын бес рет бүктеді, сосын ол бүктеген қағазды тескен. Қағаз парақты қайта жазғанда неше тесік шығады?

Жауабы: 32

6-сектор:

Бисенбаева Ақбота Призиденттік ЗМ-нің 9 сынып оқушысы

желгі грк математигі Пифагордан "Сіздің неше оқушыңыз бар?" деп сұрағанда, ол "Менің оқушыларымның жартысы математиканы, ширегі табиғаттануды оқып үйренеді, ал 1/7-сі уақытты үнемі ойланып өткізеді, қалғаны 3 қыз" деп жауап берген. Пифагордың неше оқушысы болған?

Жауабы: 28

7-сектор:

Мулдагалиев Нурбол Нариманович география пәні мұғалімі

Глобуста 17 параллель және 24 мередиана сызылған. Глобустың беті неше бөлікке бөлінген?

Жауабы: 18*24=432

8-сектор:

І санатты математика пәні мұғалімі Искакова Жамал Жұбанышқызы

«Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі сыныпта оқиды. Абзал Арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?»

Жауабы: Аян, Абзал, Арман

9-сектор:

Блиц-турнир:

Сағаттың секунддық тілі минуттық тілден неше есе жылдам қозғалады

\60 есе\

Сынып шарасына 9 сыныптың 28 оқушы-сының 24 аналары мен 18 әкелері келді. Неше оқушының әкесі мен анасы қатар келді?

\14\

Тізбектес екі жұп санның қосындысы 150-ге тең.

Осы сандарды табыңдар. \74, 76\

10-сектор:

Математика пәні мұғалілі Саламатова Тоғжан Марденқызы

Үш санды қосқанда да, көбейткенде де бірдей сан шығу керек. Сол сандарды табыңыздар.

Жауабы: 1, 2, 3

11-сектор:

Қара жәшік

Мен кәдімгі көрінбеспін,

Тағдырым ғой бұл менің

Кішілігім соншалықты,

Өлшеуге де келмеймін.

Бірақ, достар сендіремін,

Пайда әкелдім ғылымға

Төбесімін бұрыштың мен,

Ортақ нәрсе түзуге. Бұл не?

Жауабы: Нүкте

12-сектор:

Манжосова Айнұр Нұрсайынқы ағылшын тілі мұғалімі

Mary's mum has four children.

The first child is called April.

The second May.

The third June.

What is the name of the fourth child?

Жауабы: Mary.

13-сектор: Софизм - шыңдығын ойлап табуға болатын, әдейі ойластырылған жалған ой қорытындысы.

Софизмдерге мысал келтірейік.

7= 11 болатынын дәлелдейік.

35+14-49=55+22-77 теңдігін қарастырамыз.

Бұл теңдіктің оң жағында ж/е сол жағында ортақ көбейткішті жақшы сыртына шығарамыз, сонда:

7(5+2-7)=11(5+2-7).

Екі жағын жақша ішіндегі ортақ көбейткішіне бөлсек: 7=11 теңдігін аламыз, дәлелдеу керегі осы болатын.

Жауабы: 5+2-7=0 \санды 0-ге бөлуге болмайды\

14-сектор: Шағын орталық тәрбиешісі Каримова Ақнұр Алмасқызы

Алмалы аулында екі шаштараз бар. Әрқайсысында бір шаштаразшыдан жұмыс жасайды. Ауыл тұрғындары тек осы екі шаштаразға барады. Шаруашылыққа жұмыс бабымен келген жас маман шаштаразға барады. Бірінші шаштаразға кірсе, ол салоны лас, шаштаразшының шашы дұрыс қиылмаған. Екінші шаштараз-ға кірсе, айнадай тап-таза, шаштаразшы-ның шашы дұрыс қиылған. Жас маман сосын бірінші шаштаразға барады. Ол неге бірінші шаштаразға барды?

Жауабы: Жақсы шаштаразшы шашы дұрыс қиылмаған шаштараз. Сонда жас маман дұрыс жолды таңдады.

15-сектор: Манжосова Айнұр Нұрсайынқызы ағылшын тілі мұғалімі

Below the four parts have been reorganized. The four partitions are exactly the same in both arrangements. Why is there a hole?

Зияткерлік ойын Не? Қайда? Қашан?

Жауабы:

Зияткерлік ойын Не? Қайда? Қашан?

16-сектор:

І санатты математика пәні мұғалімі Искакова Жамал Жубанышевна

Азамат мектепке жаяу барғанда, жолдың төртттен бірін жүргенде мұражайдың жанына, үштен бірін жүргенде пойыз вокзалының жанына барды. Мұражайдың жанына келгенде сағат 7:30 -ды, ал вокзалдың жанында сағат 7:35- ті көрсетті. Азамат үйден мектепке дейін бір сағат жүретін болса, үйден нешеде шықты және мектепке нешеде барды?

Жауабы: 7:15 үйден шығып, 8:15 мектепке жетеді.

17-сектор:

18-сектор: Музыкалық үзіліс

19-сектор: Музыкалық үзіліс

20-сектор: Математикалық эстафета

Квадрат теңсіздіктерінің шешімін табыңдар:

x2 + х - 6 > 0 x2 - 2x - 8 < 0

1. D= 2. x1= 3. x2= 4. Жіктеу 5. Сан осі 6. Жауап

Жауабы: (-00; -3)U(2;+00) (-2;4)

21-сектор: Математикалық домино

ІІІ. Жеңістерді анықтау, марапаттау.

Сөз кезегін әділ-қазыларға ұсынып, жеңімпаз тобымен таныс болыңыздар! \Марапаттау\.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал