7


  • Учителю
  • 'Арифметикалық квадрат түбір' Ашық сабақ

'Арифметикалық квадрат түбір' Ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі:Туртаева Ира


ПӘНІ


Алгебра


КЛАСЫ


8 «А»


ТАҚЫРЫБЫ

Арифметикалық квадрат түбір


МАҚСАТЫ



Тақырыпты игере отырып, арифметикалық квадрат түбір ұғымын түсіндіру, терминдерді білу, теорияны білу, тексеру, бағалау критерийлерімен жұмыс жасауға дағдылану, сыни ойлауға үйрену, тапсырма бойынша зерттеу әдістерін білу, ойлау қабілеттерін арттыру, топтық әңгіме жүргізу.


КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ



Оқушылар тақырыпты толық меңгереді, жоғары деңгейде ойлай алады, бағалау критерийлері бойынша бағалай алады, есептерді зерттеу әдістерімен шешеді, әңгімелесу арқылы оқудағы қиындықтар мен мен түсінбестіктерді анықтайды, оқушыларды бұдан әрі де ақпарат немесе түсініктеме іздеуге ынталандыра алады, өзін-өзі реттей алады, оқушыларға сұрақ қою арқылы маңызды мәселеге назар аударуға көмектесе алады, сыни ойлай білуге үйренеді; ақпараттық-коммуникациялық технологияны тиімді қолдана біледі.

КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ

ДИФФРЕНЦИАЦИЯ

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР


Ұйымдастыру кезеңі

(2 минут)



Сабақ басында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін амандасу жаттығуы өткізіледі («Мен қандаймын?»)

Оқушылар қол ұстасып дөңгелене тұрады. Алдымен бір оқушы атын айтады, сосын өзіне сипаттама береді.

Кейбір оқушыларға мұғалім тарапынан көмек болды.


Қызығушылықты ояту

(3 минут)



Оқушылардың аттары жазылған карталарды араластырып парталарға салу арқылы оқушыларды топтарға бөлу.Оқушылар көңіл күйлерін смайликтер арқылы көрсетеді.

Оқушылар топтарымен танысады.

Өздерінің көңіл күйлеріне байланысты смайликті таңдап алып, өз атының тұсына іледі.


Үш шапалақ

Оқушылардың аттары жазылған көңіл-күй тақтасы


Мағынаны

тану

(15 минут)

(20 минут)


Оқушыларға сұрақтар қою арқылы өтілетін жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға ұмтылады.

Оқушылар деңгейлік есепті өз деңгейлеріне қарай бөліп алып шығарады.

Ғ деңгейін таңдаған оқушылар арқылы дарынды оқушыларды анықтау. Шығарып болған оқушыларға арналған қосымша есеп тақтада тұрады (Дарынды оқушыларға).

Топтар тұжырымдамалық карта дайындайды және қорғайды.

Оқушыларға есептер таратылады, оқушылар шығарып, әр топ кезектесіп тақтаға шығып, жауаптарын салыстырып, жауаптарының өсу реті бойынша орналасады. Дұрыс жауапты интерактивті тақтамен тексереді.

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып жаңа сабақтың тақырыбы мен мазмұнын ашады.

Оқушылар деңгейлік есептерді өздері таңдап, шығарады, тақтамен тексереді.


Есепті ерте шығарған яғни дарынды оқушыларға арналған қосымша есепті тақтадан шығарады.


Оқушылар сұрақтарға жеке, жұптасып, топтасып пікірлерін өзара талқылайды, бір-бірін толықтыра келе топтың атынан ортақ шешім ұсынады. бағалау.



Жекелеген оқушыларға көмек

Үш шапалақ арқылы


Дұрыс шығарылған есепті бағдаршам түстері арқылы бағалау


Жұптық тексеру жүргізіп, бағалайды.


Топтар презентацияны «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.

Қаншалықты түсінгендерін бағдаршам белгілері арқылы бағалайды.

Оқушылар маршрут картасы бойынша сабақ барысында өзіндік бағалау жасап отырады.


Сабақ соңында оқушының өз бағасы мен мұғалімнің бағасы саластырылады, қорытынды бағаға жетондар таратылады.Жетондарды «Білім кілті» тақтасына іледі.

Бағдаршам макеті және үш түсті (қызыл, жасыл, сары) бағалау қағаздары.


Рефлексия

(5 минут)


Бірінші жол - БІР сөзбен, әдетте зат есіммен көрсетілген өлеңнің тақырыбы;

екінші жол - ЕКІ сөзбен, әдетте сын есімдермен берілген тақырыптың сипаты; үшінші жол - ҮШ сөзбен, әдетте етістіктермен берілген осы тақырып көлеміндегі іс-әрекеттің сипаты; төртінші жол - автордың берілген тақырыпқа қатысын көрсететін, ТӨРТ сөзден тұратын сөз орамы;

бесінші жол - БІР сөз - тақырыптың негізін қайталайтын жалынды-көркем немесе философиялық-жалпыланған деңгейдегі бірінші сөздің синонимі.

Сабақты бес жолды өлең (синквейн) арқылы қорытындылау.


Үздік шыққан өлеңді оқушылар таңдап «Үздік жұмыс» тақтасына ілінеді.

Сабақты қорытындылау


Үйге тапсырма беру: №75,76 есептерін шығару.

«Түбір ұғымын енгізудің қажеті неде?» тақырыбында эссе жазу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал