- Учителю
- Математика. Ашық сабақ Сабақ тақырыбы :Шамалар және өлшем бірліктері (3 сынып)
Математика. Ашық сабақ Сабақ тақырыбы :Шамалар және өлшем бірліктері (3 сынып)
Математика
Шамалар (ұзындық, масса, уақыт, сыйымдылық) және өлшем бірліктер Раушан Төлеуғазықызы Қасенова, Бастауыш сынып мұғалімі, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп,КММ Үржар ауылы, Үржар ауданы , ШҚО
3-сынып Сабақтың білімділік мақсаты:Шамалар арасындағы
тәуелділікке байланысты есептерді шығара білу және шығарылған
есептердің шешу жолдарын ұғындыру. Пәнаралық байланыс:қазақ тілі,тіл дамыту. САБАҚ БАРЫСЫ. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың үш тілде сәлемдесуі Шамаға байланысты салынған суретті таңдау арқылы топқа бөлінуі (сағат, таразы , сызғыш,шелек) Психологиялық ахуал Тез шығарып есепті, Жарысамыз топпенен. Жеңісіміз ортақ деп, Қуанамыз көппенен. - Балалар бүгінгі сабақта топ басшыларын тағайындау үшін тіл сабағынан қандай 5-ке байланысты ұғымдарды білесіңдер?Балалар жауабын күту (Бес парыз, бес қару, бес асыл, бес дұшпан,т.б.) -Тамаша ! Әр топқа бес гүл күлтелерін таратып, күлте артында «топ басшысы» деген жазу кімге түссе сол болады деп түсіндіру және бағалау парақшасын топ басшыларына тапсыру. Үй тапсырмасын пысықтау 1-топ:Есеп қиын деп тұрмай, Ойлап бір сәт көріңдер. Біліміңді тексеріп , Өрнек құрып беріңдер 2-топ:Білім құмар оқушы, Ойын терең бөледі. Теңдеудің де жауабын Дұрыс тауып береді. 3-топ:Өңкей ойшыл балалар, Қай топ алда тұрады. Ойы жүйрік тез ойлап, Мысал жауабын табады. 4- топ:Қиындықтан қашпайық, Есепті бірге бастайық. Дәптер бетін санайық, Шешуін оның табайық Сергіту сәті. Ой қозғау. Ынтымақтастық атмосферасы Балалар бір-біріне «ыстық таяқшаны» бере отырып, бір топ екінші топқа ауызша екі таңбалы ,үш таңбалы сандарды қосу және азайту мысалдарын айтады: Жаңа сабақтың мағынасын ашу. Әр топ өздерінің таңдаған бастапқыдағы топқа бөлудегі суретін қорғайды . Неге қажетті зат ? Өмірде не үшін керек?(Оқушылар жауабы) Дәптермен жұмыс: күн ретін жазу, көркем сан жазу Оқулықпен жұмыс Төрт топқа 15 беттегі №1(а,ә,б,в) бөліп беру. Біткен топ белгі беріп, талдауға кіріседі. «Жаттығу сұрақтары»:бойынша 6. 3 литрлік банкаға неше литр су сияды? Тақтамен жұмыс 16 беттегі №2 (б)орындау Қызығушылықты ояту «Ой ашар» Интерактивті тақтадағы төмендегі берілген сұрақтарға
байланыстысуреттер арқылы сабақты бекіту. Үй тапсырмасы 17 бет.№5 Амалдарды орындау. Бағалау.Топ басшысы соз алады. Рефлексия Қолдарындағ ы гүл күлтелерін биіктіктері әр түрлі үш ағаштың суретіне жабыстырады.Түсіндім деген бала ең биік ағашқа,білгім келеді деген орташа биіктіктегі ағашқа, түсінбедім деген бала аласа ағашты қолданады. |