7


  • Учителю
  • Открытый урок на тему 'Виет теоремасы'

Открытый урок на тему 'Виет теоремасы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі

М.Мәметова атындағы №27 орта мектебі



Тақырыбы: ВИЕТ ТЕОРЕМАСЫ



Пәні: алгебра

Сыныбы: 8 «Г»

Пән мұғалімі: И.Н.Алимкулова





Тараз қаласы

Сабақтың тақырыбы: Виет теоремасы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға Виет теоремасын түсіндіру. Виет

теоремасына берілген есептерді шығаруды үйрету.

2. Дамытушылық: Виет теоремасын түсіндіру арқылы олардың

есептер шығаруға қызығушылықтарын ояту, деңгейлік есептер

шығарта отырып, оқушылардың ойлау, есте сақтау қасиеттерін

дамыту.
3. Тәрбиелілігі: Әдептілікке , ұқыптылыққа үйрету

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың көрнекілігі: АКТ, үлестірме қағаздар

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

2. Үй тапсырмасын тексеру (5мин)

3. Өткен сабақты қайталау (5мин)

4. Жаңа сабақты түсіндіру(10мин)

5. Сабақты бекіту (15мин)

6. Сабақты қорыту (5 мин)

7. Үйге тапсырма беру(1мин)

8. Бағалау (2мин)


Жеке оқушымен жұмыс: Деңгей бойынша тапсырма беру

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, көңілдерін сабаққа аудару

Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше өткелі тұр. Олай болса бұл сабақтың ерекшелігін айтып түсіндірейін . Бүгін біз сендермен өз сыныбымыздың президентін сайлаймыз. Президент болуға әркім де лайықты. Сондықтан бүгінгі мүмкіндікті жіберіп алмай сынып президенті атануға аянбай еңбектенейік. Ал оны анықтайтын сендердің жинаған жұлдызшаларың, яғни әр орындалған дұрыс тапсырмаға жұлдызша беремін.





ІІ . Үй тапсырмасын тексеру (өздерін кандидаттыққа ұсыну)




ІІІ. Өткен сабақты қайталау (Қабылдау)

Графикалық диктант.


  1. түріндегі теңдеу сызықтық теңдеу деп аталады.

  2. формуласымен анықталатын сан дискриминант деп аталады.

3. Егер D>0 болса, онда квадрат теңдеудің үш түбірі болады.

4. Егер D=0 болса, онда квадрат теңдеудің екі түбірі болады.

5. Егер D<0 болса, онда квадрат теңдеудің түбірі болмайды.

6. І коэффициент бірге тең болған жағдайда квадрат теңдеу келтірілген

квадраттық теңдеу деп аталады.

7. теңдеуінің екінші коэффициенті -25 ке тең

8. Егер квадрат теңдеуінде коэффициенттердің бірі b не с немесе b мен с-ның

екеуі де 0-ге тең болса, мұндай теңдеулерді толымсыз квадрат теңдеулер

деп атайды.

ʌˍʌʌˍˍʌˍ

ІV. Жаңа сабақ (Ұсыныстар)

1) квадрат теңдеудің түбірлерін қосайық

2) квадрат теңдеудің түбірлерін көбейтейік

3) екендігін көріп тұрмыз.Ендеше мынадай теорема шығады.

Теорема: Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы қарама-қарсы таңбамен алынған екінші коэффициентке, ал көбейтіндісі бос мүшеге тең.

Егер келтірілген квадрат теңдеудегі белгілесек, онда

, .

Осы теореманы Виет теоремасы деп аталады.

D=0, Виет торемасын қолдануға болады ма?

теңдеуінің D=0 жағдайында өзара тең екі түбірі бар және олардың әрқайсысы -ге тең.

Бұл екі түбірді және формуласынан деп ұйғарып, аламыз. D=0 жағдайы үшін де Виет теоремасы дұрыс. Расында

Виет теоремасына кері теорема да дұрыс.


V. Сабақты бекіту (Деңгейлік тексеру)

Оқулықпен жұмыс.

№150,151 №159,160 №163


VI. Сабақты қорыту. (Ақтық сын)

Жинаған жұлдызшамызды санайық. Сол бойынша жұлдызшасы ең көп екі оқушы ақтық сыннан өтеді. Сүрінбей өткен оқушы сынып президенті атанады.

Сыныптастарымыз ақтық сыннан өтіп жатқанда біз сендермен «Жорға» ойынын ойнайық. Кім жылдам?


VII. Бағалау



VIII. Үйге тапсырма

№149 №155



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал