7


  • Учителю
  • Математика үйірмесі 9 сынып №9

Математика үйірмесі 9 сынып №9

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақмола облысы Бурабай ауданы Бурабай кенті

С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің

матемаика пән мұғалімі

Толекова Кульниса Туруспековна

Математика үйірмесі



Үйренсе ғылым менен сан өнерін,

Білер еді-ау, өнердің не берерін...

Шәкәрім

Жас, шәкірт, математикалық сыр сандыққа қош келдіңіз! Математика әлемінің қызықты да шытырманы мол сырларын ашу үшін ізденуге дайын болсаң, бізге «GRANT» клубына кел. (9-сабақ)

Оқушының аты-жөні.................................................................. сынып........................



Мына есептерді теңдеу құру арқылы шығарыңдар:1

Ара қышықтығы 900км екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы екі поезд шығып, жолдың дәл ортасында кездесті. І поезд екіншісінен

1 сағат кеш шықты және 5км/сағ артық жылдамдықпен жүрді. Әр поездың жылдамдығын тап.

50км/сағ;

45км/сағ

2

Екі салт атты адамның жылдамдықтарының қатынасы қатынасындай. І салт атты адамның жылдамдығы ІІ салт атты

адамның жылдамдығынан 1км/сағ артық. І салт атты адамның жылдамдығын тап.



12 км/сағ

3

Жүк машинасының 3 сағатта жүрген жолын жеңіл машина 2 сағатта жүреді. Егер жеңіл машина жылдамдығын 30км/сағ-қа кемітсе,

онда ол бір сағатта жүк машинадан 10км кем жүреді. Әр машинаның жылдамдығын тап.

60 км/сағ;

40км-сағ

4

Бір мезгілде А және В пунктерінен бір-біріне қарам-қарсы бағытта жолға шыққан екі велосипедші 2 сағаттан кейін жолықты. А-дан

В-ға дейінгі қашықтық 42км-ге тең. Егер бірінші велосипедші сағатына екіншісіне қарағанда 3км жолды артық жүріп отырса, онда

олардың әрқайсысының жылдамдығын тап.

12км/сағ;

9км/сағ

5

Құрамындағы никельдің мөлшері 5% және 40% болатын болаттың екі түрлі сорты бар. Құрамындағы никельдің мөлшері 30% болатын 140т болат алу үшін екі сорттың әрқайсысынан неше тоннадан алу керек?

40т, 100т

6

Алтын мен күмістің екі балқымасы бар. Бір балқымадағы бұл металдардың мөлшері 2:3 қатынасындай да, ал екінішісінде 3:7

қатынасындай. Алтын мен күміс 5:11 қатынсасында енетіндей 8кг жаңа балқыма шығарып алу үшін әр балқымадан қаншадан алу

керек?



1; 7

7

Қалайы мен қорғасын қорытпасының салмағы 15кг. Қалайының салмағы қорғасын салмағының -іне тең болса, қорытпадағы

қалайы мен қорғасынның әрқайсысының салмағын тап.



9,375кг;

5,625кг

8

Бір бөшкеде спирт пен судың қоспасы 2:3 қатынасындай, ал екіншісінде 3:7 қатынасыныдай. Спирт пен су 3:5 қатынасында

енетіндей 12 шелек қоспа алу үшін әр бөшкеден қанша шелектен алу керек?

9; 3

9

Екі қапта 140кг ұн бар. Егер бірінші қаптан екіншісіне 12,5% ұнды аударса, онда екі қаптағы ұнның мөлшері бірдей болады. Әрбір

қапта қанша кг ұн болған?



80ru

60ru

10

Қоймадағы ұнның 40%-ін нан зауытына, ал қалғанын 0,3 : 2,5 : 0,8 қатынасымен 3 дүкенге бөлінді. Бірінші дүкенге екіншіге

қарағанда 40т ұн кем түсірді. Әуелдегі қоймадағы ұнның массасы?

480т

11

Жер шарында дайындалатын барлық ағаштың 33%-і құрылыс қажетіне жұмсалады. Құрылысқа жұмсалатыннан есе артық ағаш отын ретінде пайдаланылады. Қалған 144 млн тонна ағаш басқа қажеттерге жұмсалады. Жер шарында қанша ағаш дайындалады?



1200млн

12

Токарь және оның шәкірті бір кезекте 65 деталь жасап шығарады. Егер токарь жоспардан 10% , ал шәкірті 20% артық жасайтын

болса, онда олар 74 деталь жасап шығарады. Жоспар бойынша бір кезекте токарь және оның шәкірті қанша деталь жасап шығарады?

40; 25

13

Токарь 120 детальды өңдеуі керек еді. Жаңа кескіш қолдану арқасында ол сағатына 4 детальдан артық өңдеп, берілген тапсырманы мерзімінен 2сағ 30мин-ке ерте бітірді. Жаңа кескішті қолдана отырып токарь сағатына неше детальдан өңдегенін тап

16

14

Бір сағатта автоматты станок 240 деталь жасап шығарады. Осы станокты жаңа өңдеуден өткізгеннен кейін ол сағатына 288 деталь

жасап шығаратын болды. Станоктың жұмыс жасауділігі қанша процентке артқанын тап.

20%

15

Екі жұмысшы бір сменада 72 деталь дайындады. Біріншісі еңбек өнімділігін 15%-ке, екіншісі 25%-ке арттырғаннан кейін бір

сменада 86 деталь жасайтын болды. Еңбек өнімділігін арттырғаннан кейін әрқайсысы бір сменада қанша деталь жасайтын болды?

46: 40

16

Жұмысшылар бригадасы 360 детальды дайындап шығуы керек еді. Күніне белгіленген жоспарынан 4 детальды артық жасағандықтан бригада барлық тапсырманы белгіленген мерзімнен 1 күнге ерте бітірді. Осы тапсырманы орындауға бригада қанаш күн жұмсады?

9 күн

17

Ағаш кесушілер бригадасы үш күнде 184м2 отын дайындады. Бригада І күні жоспарланғаннан 14м3 артық, ал ІІ күні 2м3 кем отын дайындады. ІІІ күні бригада жоспарды 16м3-ге асыра орындады. Бригада жоспар б/ша күніне неше м3 отын дайындауға тиіс?

52м2

18

Ағаш кесушілердің үш бригадасының жұмысына 36 мың теңге төленді. І және ІІІ бригадаларға төленген ақша ІІ бригадаға төленген

ақшадан 2 есе артық, ал ІІ және ІІІ бригадаларға төленген ақша І бригадаға төленгеннен 3 есе артық болса, осы бригадалардың

әрқайсысына қанша ақша төленді?

9; 12; 15

мың

Қалалардың арақашықтығы 900 км. Олар жолдың дәл ортасында кезікті, яғни 450 км қашықтықта;



Математика үйірмесі 9 сынып №9

Мысалда көрсетілген схеманы пайдаланып теңдеу құрыңдар.



Іске сәт, жас дос! /Жауаптарыңды осы сайтқа жіберіңдер/.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал