- Учителю
- Туынды тарауын қорытындылау сабақ жоспары
Туынды тарауын қорытындылау сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Туынды тарауын қорытындылау.
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік мақсаты: оқушылардың туынды тарауы бойынша алған білімдерін пысықтай отырып, туынды мен тригонометриялық және күрделі функциялардың туындысын табу ережелерін есептеп шығару, шығармашылық тапсырмалар орындау барысында қолдана білуді үйрету.
-
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың логикалық ой-өрісін, өзіндік іс-әрекетін, танымдық қызығушылықтарын дамыту. Пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
-
Тәрбиелік мақсаты: Жылдам қозғалуға, есте тез сақтауға тәрбиелеу, ұқыптылыққа, адамгершілікке баулу.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, компьютер, дидактикалық материалдар, шығармашылық тапсырмалар.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1)Оқушылармен амандасу, түгендеу;
2)Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
№201. Функцияның туындысын табыңдар. (Қатесін тап).
№203. функциясы туындысының нүктесіндегі мәнін табыңдар. (Қатесін тап).
ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
ІV. Өткенді қайталау. Сыныппен фронтальды жұмыс:
№1 флипчарт. Математикалық диктант.
Тіктөртбұрыштың орнына керекті сөзді қой:
1.Егер функциясы нүктесінде анықталған және функцияның шектік мәні нүктесіндегі мәніне тең болса, онда функция нүктесінде ... деп аталады.
2. айырмасы функциясының ... деп аталады.
3.Функцияның туындысын табу амалын функцияны ... амалы деп аталады.
4.Функцияның өсімшесінің аргкмент өсімшесіне қатынасының аргумент өсімшесі нөлге ұмтылғандағы шегі бар болса, онда ол функциясының нүктесіндегі ... деп аталады.
Қажетті сөздер: үзіліссіз функция, дифференциалдау, туындысы, өсімшесі.
№2 флипчарт. «Сәйкестендір» кестесін толтыру қажет. Ол үшін төмендегі формулаларды сәйкес ұяшыққа орналастыр.
-
Атауы
Формуласы
Күрделі функцияның туындысы.
Жанаманың бұрыштық коэффициенті.
Жанаманың теңдеуі.
Тұрақты санның туындысы.
Дәрежелі функцияның туындысы.
Функция өсімшесінің формуласы.
Екі функцияның қосындысының туындысы.
Екі функцияның айырмасының туындысы.
Екі функцияның көбейтіндісінің туындысы.
Екі функцияның бөліндісінің туындысы.
№3 флипчарт. «Туындысын тап». Оқушылар интерактивті тақтада функцияның туындысын тауып, екінші бағанда өзара толтырады.
жауабы
V. Оқулықпен жұмыс. №205, №209, №213 есептерді шығарту.
VI. Тест жұмысы: 110-111 беттегі тест тапсырмаларын алдын-ала жеке парақшыларға жазып, оқушыларға таратып беріп, орындату.
VII. Сабақты қорытындылау. «Туынды» тарихынан сұрақтар:
1.Туынды үшін немесе белгілеулерін кім еңгізген? (Лагранж)
2.Уақыт бойынша жылдамдықтың туындысы не? (үдеу)
3.Қазір қолданып жүрген туынды символын кім көрсеткен? (Лейбниц)
4.Шеңберге жанама жүргізу әдісі кімнің еңбегінде көрініс тапқан? (Евклид бастамалары)
Оқушылардың білімін бағалау, бағаға анализ жасау.
VIII. Үйге тапсырма беру: Қайталау § 12 - 18.