7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары: Сандарды дөңгелектеу

Сабақ жоспары: Сандарды дөңгелектеу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін: _____________________________

Сабақ № 12 Математика 6

Күні: 14.09.2013 жыл



Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Сандарды дөңгелектеу.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды санның жуық мәні ұғымымен таныстыру; әртүрлі разрядтарға дейін

дөңгелектеу ережесі негізінде сандарды дөңгелектеу дағдысын қалыптастыру..

2. Оқушылардың өз бетінше ойлау қабілетін дамыту, ауызша және жазбаша есептеу

дағдыларын қалыптастыру.

3. Өзінің және өзгенің еңбегін бағалай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білімді практиткада қолдану

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру:Оқушылар түгелденіп,кластың сабаққа даярлығы тексеріледі.

Үйге берілген тапсырманы ауызша оқу арқылы тексеру.



Практикалық өлшеулердің нәтижелері шамамен алынғандықтан, математикада сандарды дөңгелектеу ережесі жиі қолданылады.

Мысалы: екі оқушы спорт алаңының ұзындығын өлшеп, оның 58,7 м екенін анықтады. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі алаңның ұзындығы туралы сұрағанда, Болат: «58м» , ал Ерлан: «59 м» , -дейді. Ол алаңның дәл ұзындығынемес, шамамен алынған мәнді дөңгелектеп айтты.

Ереже: Егер Сабақ жоспары: Сандарды дөңгелектеу болса, онда а саны х-тің кемімен алынған жуықмәні , ал b артығымен

алынған жуықмәні болыптабылады.

Жуықтауды кез келген разрядқа дейін орындауға болады.Ол үшін сандарды жуықтаудың мынадай ережелерін қолданады:

Ереже:

  1. егер санды қандай да бір разрядқа дейін дөңгелектейтін болса, онда осы разрядтанкейін тұрған цифрлар нөлмен ауыстырылады, ал егер ол үтірден кейін болса , онда оларды алып тастайды.

  2. егер ең бірініші алынып тасталған цифр бестен кіші болса, онда оның алдында тұрған цифр өзгермейді;

  3. егер ең бірініші алынып тасталған цифр бестен үлкен немесе беске тең болса, онда оның алдында тұрған цифр бірге артады.

Мысалдар:

1-мысал: 12845 санын 1) жүзге ; 2) мыңға дейін дөңгелектейік.

Шешуі: 1) 12845  12800 ( жүздікке дейін дөңгелектеу)

2) 12845  13000 ( мыңға дейін дөңгелектеу)

2-мысал: 138, 264 санын 1)бірлікке дейін , 2) ондықүлеске дейін , 3) жүздік үлеске дейін дөңгелектейік.

Шешуі: 1) 138,264  138

2) 138,264  138,3

3) 138,264  138,26



Оқулықпен жұмыс:

Сыныпта: № 876 , 877



Сабақты қорытындылау:

  • Жуық мәні кемімен алынған және артығымен алынған санға мысал келтір.

  • Бүтінге, жүздікке, жүздік үлеске дейін дөңгелектеуге мысалдар келтір.

  • Сандарды дөңгелектеуде қандай ережелер қолданылады?



Бағалау:Сабаққа белсене қатысып,тапсырманы толық орындаған оқушылар бағаланады.

Үй тапсырмасы:Үй тапсырмасының номері көрсетіліп ,орындау туралы нұсқаулар беріледі.

§ 43 . 252-254 бет. № 878



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал